400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Тиіннің арманы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөйлеуді дамыту,көркем әдебиет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тиіннің арманы әңгімесі»

Мақсаты:балалардың «Тиіннің арманы» әңгімесімен таныстыру.Әңгімеде сипатталған жабайы аңдар кейіпкерлерінің бойындағы адам қасиеттерінің ерекшеліктерін көрсету.Жануарлар туралы ,әңгіме туралы ұғымдарды қалыптастыру.»Арман» сөзінің мағынасын түсіндіру.

Тәрбиеші:

-Сәлеметсіңдерме балалар!Менімен бірге шаттық шеңберін қайталайық:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқарайды қаламыз,

Жайнай түсті даламыз,

Қайырлы таң достарым!

Балалар «Шаттық шеңберін» құрып, «Амандасу рәсімін» айтады.

Тәрбиеші:

-Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетінің тақырыбын ашу үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын:

Бұтақтарға секіріп,

Әр жерден қылт етеді.

Кейде жаңғақ кеміріп,

Жоғары өрлеп кетеді. /Тиін/

Балалар жұмбақты шешеді.

Кіріспе әңгімеде Қазақстан аумағын мекендейтін жабайы жануарлар атауын қайталап шығады. Тиінмен танысады.

Тәрбиеші:

-Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Тиіннің арманы әңгімесі».

Тиін-әдемі кішкентай аң. Тиіннің денесі алмұрттәріздес, басы кішкентай дөңгелек, тұмсығы үшкір және қысқа. Көздері үлкен әрі дөңгелек. Құлақтары тік үшбұрышты.Құлақтарының ұшында шоқтары бар. Оның алдыңғы аяқтары қысқа. Артқы аяқтары анағұрлым күштілеу-олар жуандау әрі ұзындау, соңдықтан тиін, қоян тәрізді, секіріп қозғалады. Ақ тиін-үнемі қозғалысты және әуесқұмар аң. Ол көп жүгіреді, секіреді. Сүйікті қөрегі-жаңғақ, саңырауқұлақ, алма.Тиіннің тонының түсі күзде және көктемде түлеу кезінде өзгереді.

Дидактикалық ойын «Тиінді тамақтандыр».Мақсаты:тиіннің қорегі туралы білімдерін бекіту.

Балалар ойынға шығып,тиіннің қорегінің түрі,түсін,пішінін,атын айтып тиінге береді.

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар балалар!Енді балалар сендерге сұрақ «Арман» деген не?Сендердің армандарың қандай?

Балалардың жауабы.

Тәрбиеші:

-Дұрыс айтасыңдар балалар,арман-адам ойындағы ізгі ниет,болашақтан күтер үміт,алға қойған мақсат.Әр адамның арманы әртүрлі.Бүгін біз сендермен тиіннің арманы туралы әңгіме оқимыз.Мұқият тыңдаңдар.

Әңгіме «Тиіннің арманы»

Ну орманда бір тиін өмір сүріпті.Тиін аспандағы ұшқан құстарға қатты қызығады екен.»Менің де қанатым болса екен,аспанға қалықтап ұшсам екен» деп армандапты.Тиін арманын орындау үшін көптеген тәжірбиелер жасап көреді.Әр түрлі заттар жасап,ұшып көруге тырысады.Бірақ жасаған заттары ұшпай,талай сәтсіздіктер болады.Тиін сонда да арманынан бас тартпайды.Күндердің бір күні улкен батпырауық жасап ,сомен аспанды шарлап ұшады.Желмен жарысып,құстармен қатар ұшып,өз арманын орындайды.

-Балалар әңгіме ұнады ма?

Балалардың жауабы.

Тәрбиеші:

-Тиіннің арманы не болды?

-Тиін арманын орындау үшін не істепті?

-Арманына жетті ма?

-Сендердің армандарың қандай?

Балалардың жауабы.

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар балалар.Көрдіңдерме балалар,арманға жетер жолда төзімді,мықты болу керек.Ендеше арманға жетер жолда бір сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Мен тиінмін,тиінмін

Қысқа жылы киіндім

Қоймам толы жаңғаққа

Іші жылы үйімнің.

Балалар сергіту сәтін жасайды.

Тәрбиеші:

-Балалар менімен бірге тіл ұстарту жаттығуын қайталаңдар:

Ін,ін,ін

Жаңғақ жейді тиін.

Балалар тіл ұстарту жаттығуын бірнеше рет қайталайды.

Тәрбиеші:

- Өте жақсы балалар.Енді «Мозайка» әдісімен тиіннің суретін тақтаға ілейік.Қане,тақтаға кім шығады?

Мен еңбекті сүйемін,

Жаңғағымды үйемін.

Бір бала шығып, »Мозайка» әдісі арқылы тиін суретін іледі.Суретте жазылған өлең жолын тәрбиеші көмегімен қайталайды.

Тәрбиеші:

-Балалар,сендер бүгін оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар.Рахмет сендерге.Тиін сияқты еңбекқор болайық.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
1 сәуір
340
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі