400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Тік төртбұрыштың(шаршының) периметрі мен ауданы

Материал туралы қысқаша түсінік
3.1.3.1 ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу 3.3.1.3 тікбұрышты үшбұрыш, шаршы, тік төртбұрыш ауданы формуласын: S= (a·b):2, S=a2,S=a·b шығарып алу және қолдану, қоршаған орта обьектілері 3.1.3.2 мм, км/ г, т/см2, дм2, м2 /секунд өлшем бірліктерін қолданып өлшеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: математика


Күні: 23.11.2017ж

Сабақтың тақырыбы:Тік төртбұрыштың(шаршының) периметрі мен ауданы

Мектеп: М.Горький атындағы жалпы орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Култанбаева Р.Д.

Сынып: 3 «В»

Қатысқандар саны:31

Қатыспағандар саны:-

Оқу мақсаттары

3.1.3.1 ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу

3.3.1.3 тікбұрышты үшбұрыш, шаршы, тік төртбұрыш ауданы формуласын: S= (a·b):2, S=a2,S=a·b шығарып алу және қолдану, қоршаған орта обьектілері

3.1.3.2 мм, км/ г, т/см2, дм2, м2 /секунд өлшем бірліктерін қолданып өлшеу

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар үшін:

ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу.

Бірқатар оқушылар үшін:

Тіктөртбұрыштың S=a·b, шаршының S=a2ауданын табуға формулаларды құрастыру және қолдану.

Кейбір оқушылар үшін:

Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу формулаларын қалай құрастыруға және қолдануға болатынын түсіндіру.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Ауданды және оны қалай табу керек екенін түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

Аудан,периметр

Тірек білім, білік, дағдылар

Аудан туралы тұрмыстық түсінік.

Алдыңғы оқу

Тік төртбұрыш туралы алған білімдерін еске түсіру

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басталуы



Психологиялық дайындық

Саған есеп үйреткен

Пәнге қара құрметпен

Санды тура табатын

Қиын,әрі қызықты,

Математика болатын




Үй тапсырмасын тексеру:92бет №7

«Әр фигураның үйін тап?» ойыны.

Сұрақ –жауап арқылы жұмыс жүргізу.

-Неге бұл фигураны тік төртбұрыш дейміз?

-Тік төртбұрыштың неше бұрышы,төбесі қабырғасы бар?

-Тік төртбұрыштың қандай қасиеті бар?

-Неге бұл фигураны шаршы дейміз?

- Шаршының неше бұрышы,төбесі қабырғасы бар?




Геометриялық фигуралар


Сабақтың ортасы


Жаңаны ашу:

Тік төртбұрыштың периметрін 3 тәсілмен табуға болады.

1 тәсіл:оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы (P=a+b+a+b)

2 тәсіл:оның тең емес қабырғаларының ұзындықтарын қосып,алынған қосындының мәнін 2-ге көбейту арқылы(P=(a+b)*2)

3 тәсіл:оның ұзындығын 2-ге көбейтіп және енін 2-ге көбеәтіп,мәндерін қосу арқылы(P=a*2+b*2)

Интерактивті тақта





Тік төртбұрыштың ауданын 2 тәсілмен табуға болады:

1 тәсіл:оның ұзындығы мен енін көбейту арқылы(S=a*b)

2 тәсіл:көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдаланамыз(S=b*a)

Геометриялық фигуралар






Шаршының периметрін 2 тәсілмен табуға болады.

1 тәсіл:оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы(P=a+a+a+a)

2 тәсіл:оның бір қабырғасының ұзындығын 4-ке көбейту(P=a*4)

Шаршының ауданын табу үшін екі қабырғасының ұзындықтарын көбейтеміз(S=a*a)











Жаңаны қолдану.

№1.а)Оқушылар оқулықтан тапсырмаларды ауызша талдайды.(5 топқа бөлу,топпен жұмыс)Тік төртбұрыштың қабырғаларын өлшеп,периметрі мен ауданын табады.

«Тез есепте» ойыны. «Ыстық орындық» әдісі. Сұрақ жауап арқылы жүргізілді.

-Барлық қабырғасы 4 ке тең шаршының периметрі мен ауданын тап?

-Ені 3- ке,ал ұзындығы 5- ке тең тік төртбұрыштың периметрі мен ауданын тап?

Оқулықтағы тапсырмаларды топпен орындайды.Әр топ өздерінің жұмыстарын постер қорғау әдісін қолданады.Оқушылар бір-бірінің жұмысын «Екі тілек,бір ұсыныс» стратегиясы бойынша бағалады.Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз әрекеттеріне кері байланыс жасайды.Кері байланыс «Бағдаршам»әдісі.


Оқулық.






Смайлик






Дәптермен жұмыс

Сабақтың аяқталуы

Өзіндік жұмыс «Есептеуге көмектес» ойыны.

Екі оқушы Асан мен Үсен бақшаның периметрін есептеп отыр.Балаларға есептеуге көмектесіңдерші.Бақша тәріздес,бір қабырғасынын ұзындығы 20 м,бақшаның ауданын табыңдар?(a=20, P=?,S=?;)

Үйге тапсырма: 94 бет №6

Бүгінгі сабақта мен түсіндім, мен білдім, анық-қанығына жеттім …;

«Мен … өзімді мақтан етемін»;

«Әсіресе маған ұнағаны …»;

«Бүгін … менің қолымнан келді»

Интерактивті тақта

Қосымша мәліметтер

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Белсенділік танытпай отырған оқушыларды сабақтағы іс-әрекетке тарту.

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Қосымша тапсырмалар беру

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағдаршам түстерімен бағалау,смайликтермен бағалау, бірін-бірі бағалау, мадақтау.

Пәнаралық байланыс –Сауат ашу, әдебиеттік оқу,музыка

Денсаулық және қауіпсіздік –қаламмен, желіммен жұмыс кезінде дұрыс жұмыс жасау.

АКТмен байланыс – слайдпен жұмыс. Құндылықтармен байланыс(тәрбие элементі)-бірін-бірі тыңдау, сыйлау, ынтымақтастық


Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?


Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Берілген уақыт ішінде жоспарлаған тапсырмалар орындалды.Жоспарға ешқандай түзету енгізбедім.Берілген тақырыпты толығымен меңгерді.Сынып сабаққа белсене қатысты.

Қорытынды бағамдау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты) 1.«Бағдаршам» әдісі

2.Әр топтың орындаған тапсырмалары

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.Постер қорғау

2.Интерактивті тақтадағы тапсырмаларды орындау.

Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім? Мәліметтер жинау



Пәні: Әдебиеттік оқу

Күні:08.12.2016ж

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан» Қ.Аманжолов.

Мектеп: М.Горький атындағы жалпы орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:Култанбаева Р.Д.

Сынып: 2 «В»

Қатысқандар саны:30

Қатыспағандар: -

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

Өлеңді мәнерлеп оқуды,мазмұнын меңгеріп тақырыбы мен идеясын аша біледі. Шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау,сахналау.Шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды

Кейбір оқушылар:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Тілдік мақсат

Қазақстан,Отан,Ел

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Алдыңғы оқу

«Он алтыншы желтоқсан» өлеңнен үзінді

Жоспар

Жоспарланғануақыт

Жоспарланған әс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы


Психологиялық дайындық:

Болашақтың гүліміз,

Жарқын біздің үніміз.

Достық,байлық мекені

Біздің туған еліміз.

«Ой қозғау» әдісі.Сұрақ –жауап.

«Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен

1.Өлең неліктен «он алтыншы желтоқсан» деп аталады?

2.Бұл күн қандай мереке?

3.Мәтінде қорқақтық туралы не делінген?Сенің пікірің қандай?

Топқа бөлу.Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

« Жұлдызым жарқыра» ойыны.

1.Батыр

2.Халық қаһарманы

3.Қайсар рухты

4.Отан сүйгіш

5.Ақын

Әр топ ақын туралы мәліметтерді айтады.

«Ассоциация» стратегиясы бойынша Қ.Аманжолов туралы айтады.

Интерактивті тақта





1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл кәмпиттер»



Смайлик

Сабақтың ортасы

М ағынаны ашу.Оқушылар сөзжұмбақты шешу арқылы оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. «Интервью» әдісі.Жалпыға арналған тапсырма:Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.



Оқушылар өз ойларын стикерлерге жазып жабыстырады.

Сергіту сәті

«Қыдырып қайтайық!» би билеу.Оқушылар интерактивті тақтадағы биді қайталап сергітіп алады.


Видео ролик









































Сабақтың аяқталуы

Қ.Аманжолов «Қазақстан» өлеңі.

Қасым Аманжолов (1911-1955)туралы мәліметті оқып,түсіндіру.(өмірбаяны).Оқулықпен жұмыс.

1.Мәнерлеп оқу.

2.Іштей оқу

3.Тізбектей оқу

4.Жеке мәнерлеп,тұтас оқу.

Топпен жұмыс

1-топ: «Бақытты қазақ баласы» деп өлеңнің қай шумағын атауға болады?

2-топ:Ақынның қуанған,шаттанған көңілін білдіретін жолдарын тауып оқы?

3-топ:Ақын неге қуанып шаттанады?

Әр топ өзінің әрбір дұрыс жауапқа смайлик арқылы бағалап отырды.

Топтастыру стратегиясы.









Синтез

Екі түрлі түсініктеме күнделігі.Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:

Бөліктің оң жағына

Сол жағына

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)

«Бірге ойланайық» ойыны.

Жеріміз:қасиетті,киелі

Қазақпыз:кең далалы,кең пейілді

Ел намысы

Азат:жігіт,қыз.

Құл емеспіз

Еркін жанбыз

Қазақстан сөзін қандай сөзбен алмастыруға болады?

Қазақстан:Туған жер,Отан,Атамекен.

Үй тапсырмасы. Өлеңді мәнерлеп оқу. «Қазақстан»туралы шығарма жазу.

Рефлексия.











Оқулық













Қағаз бетіне









Оқушылар кестемен жұмыс жасайды

Қосымша мәліметтер

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?

Тақырыпқа сай қосымша деректер беремін.

Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Күрделі сұрақ-жауап дайындаймын.

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.

Пəнаралық байланыс -музыка, қазақ тілі,тарих.

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері-желіммен жұмысты дұрыс жасау,партада дұрыс отыру

АКТ-мен байланыс слайдпен,интерактивті тақта.

Құндылықтардағы

Байланыс-бірін-бірі тыңдау,тыныштық сақтау

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Берілген уақыт ішінде жоспарлаған тапсырмалар орындалды.Жоспарға ешқандай түзету енгізбедім.Берілген тақырыпты толығымен меңгерді.Сынып сабаққа белсене қатысты.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: «Ой қозғау»ойыны

2:Топпен жұмыс

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Синтез.Екі түрлі түсініктеме күнделігі.

2:Рефлексия

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім? Суретпен жұмыс,кері байланыс.














































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
2763
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі