Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының тригонометриялық функциялары. Пифагор теоремасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сыныпқа геометрия пәнінен Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының тригонометриялық функциялары. Пифагор теоремасы арналған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Подстепный қазақ ЖОББМ

Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары

мен бұрыштары арасындағы қатыстар

Күні: 18.11.2018 ж Мұғалімнің аты – жөні: Гумаров М.Н.

Сынып: 8 Қатысқандар: 24 Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының тригонометриялық функциялары. Пифагор теоремасы.

(1 сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары


8.1.3.2. Бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының қатыстары арқылы берілген анықтамаларын білу

Сабақтың мақсаты

- Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының қатыстары арқылы сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің анықтамаларын біледі, жаза алады;

- Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының қатыстары арқылы сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің анықтамаларын есептер шығаруда және салу есптерінде қолдана алады;

-Тік бұрышты үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатысты пайдаланып, бұрыштың синусын, косинусын, тангенсін және котангенсін табады, анықтамасын математикалық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларда қолданып шешеді.

Бағалау критерийі

- Бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының қатыстары арқылы анықтамаларын біледі, жазады;

- Бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының қатыстары арқылы берілген анықтамаларын есептер шығаруда қолданады, берілген қатысты пайдаланып, тік бұрышты үшбұрышты салады;

-Тік бұрышты үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатысты пайдаланып, бұрыштың синусын, косинусын, тангенсін және котангенсін табады, анықтамасын математикалық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларда қолданып шешеді.

Тілдік мақсаттар,

Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының қатыстары арқылы сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің анықтамаларын біледі, есептер шығаруда қолданады.

Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы:

Тік бұрышты үшбұрыш, катет, гипотенуза, синус, косинус, тангенс, котангенс, градус, перпендикуляр, қатынас, тригонометриялық функция.

Диалогқа/ жазылымға қажетті тіркестер:

Сабақты ашу сұрақтары:

  • Катеттің түрлері қандай?

  • Гипотенуза деп нені айтамыз ?

  • Тік бұрышты үшбұрыштың бұрыштарының түрлері қандай?

Сабақты қорытындылау сұрақтары:

- Сүйір бұрыштың синусын, косинусы...

- Сүйір бұрыштың тангенсі, котангені ....


Құндылықтарға баулу

«Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана»,

«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» Оқушыларды топтық жұмыс, жұптық жұмыс орындағанда бір бірін құрметтеуге, пікірлерін тындауға, бір ұжымдықта жұмыс істей білуге, көшбасшылық сапасын дамытуға ынтымақтастыққа, жауапкершілікке және шығармашылыққа баулу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі (сыныптағы диалог пен кері байланыс орнату барысында оқушылардың ауызша жауап беру дағдылары, сауатты, толық сөйлеуі), алгебра, тарих

Алдыңғы бөлім

Тік бұрышты үшбұрыш элементтері, бұрыштың шамасын өлшеу



Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 минут)


Ұйымдастыру бөлімі

-сынып оқушыларымен амандасу;

-сынып оқушыларын түгендеу;

-сабаққа назар аударту;

Саралау тәсілі "Жіктеу" әдіс арқылы 4 топқа бөлу

(аралас гендерлік топ)

Стикерлерлерде синус, косинус, тангенс, котангенс сөздері жазылған. Оқушылар стикерлер таңдау арқылы топтарға бөлінеді.

Топтық жұмыс

Саралау тәсілі: «Диалог және қолдау көрсету» /Оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қою. Сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру/

Саралаудың «диалог және қолдау көрсету» әдісі бойынша оқушыларға өтілген материалдар бойынша сұрақтар қойылады:

-Тік бұрышты үшбұрыш деп қандай фигураны айтамыз ?

-Оның элементтері қандай ?

-Катеттің түрлері қандай?

-Гипотенуза деп нені айтамыз ?

-Тік бұрышты үшбұрыштың бұрыштарының түрлері қандай?

Дескриптор

  1. Тік бұрышты үшбұрыштың анықтамасын біледі;

  2. Тік бұрышты үшбұрыштың элементтерін біледі;

  3. Катеттің түрлерін ажыратады;

  4. Гипотенуза анықтамасын біледі;

  5. Тік бұрышты үшбүрыштың бұрыштарының түрлерін біледі;

Қ.Б: «Мадақтау» арқылы «жарайсың, жақсы, керемет»





Стикерлер, слайд№1







Слайд №2



Сабақтың ортасы

(25 минут)

Топтық жұмыс.

Белсенді оқу әдісі «Бэкроним»

(оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сөз қорын дамыту)

Әр топқа тақырып бойынша анықтамалар таратылады. Тақырыпты оқушылар өз бетімен оқып, топта талдайды. Тақтаға шығып, көрсетілген формаға жазып, қалған топтар үшін жариялап көрсетеді.

/1/

І топ-Синус

Анықтама: Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы сол бұрыштың синусы деп аталады.

ІІ топ-Косинус

Анықтама: Тік бұрышты үшбұрыштыңсүйір бұрышына іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы сол бұрыштың косинусы деп аталады.

ІІІ топ-Тангенс

Анықтама: Тік бұрышты үшбұрыштыңсүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетке қатынасы сол бұрыштың тангенсі аталады.

ІҮ топ-Котангенс

Анықтама: Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына іргелес жатқан катеттің қарсы жатқан катетке қатынасы сол бұрыштың котангенсі деп аталады.

Дескриптор

  1. Тақырыппен танысады;

  2. Бұрыштың синусы мен косинусы тік бұрышты үшбұрыштың қабырғаларының қатыстары арқылы берілген анықтамаларын біледі, қатынастарды жаза алады.

  3. Бұрыштың тангенсі және котангенсінің тік бұрышты үшбұрыштың қабырғаларының қатыстары арқылы берілген анықтамаларын біледі, қатынастарды жаза алады.

Қ.Б: «Шапалақ»

Саралау әдісі «Дереккөздер»

(Электронды дереккөздерді пайдалану)

Cинус, косинус, тангеснс және котагенсті сүйір бұрыштың тригонометриялық функциялары деп атайды.

Тарихқа шолу: «Тригонометрия» сөзі «тригон»-«үшбұрыш» және «метрео»-«өлшеймін» деген грек сөздерінен шыққан. Тригонометрия Вавилонда, Мысырда, Қытайда, Үндістанда және т.б.көне елдерде пайда болып, дамыған. Тригонометрияның тууы астрономиялық бақылауларға, жұлдыздардың орнын анықтау, қашықтықтықтар мен бұрыштарды есептеу қажеттілігіне байланысты болды.

Алғашқы тригонометриялық кестелерді ежелгі грек ғалымы Гиппарх құрастырған. Тригонометрияның қазіргі заман түрі Л.Эйлердің еңбегімен алынған. Ол Sinx, Cosx, tgx, ctgx белгілеулерін енгізіп, тригонометриялық функциялар туралы ғылымды енгізген.



Саралау тәсілі: «Тапсырма»

(Оқушылықтардың қажеттіліктеріне қарай)

Топтық жұмыс

Белсенді оқу әдісі

«Түсіндіру және сипаттау»

«Галереяға саяхат» арқылы

Бағалау критерийі: білім алушы

-Тік бұрышты үшбұрыштың қатыстары арқылы сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсің анықтамасын жазады;

-Берілген қатынас арқылы тік бұрышты үшбұрышты салады.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну,

Қолдану

Салу есебі: Берілген қатынас бойынша тік бұрышты үшбұрыш салу керек.

Ізделінді тік бұрышты АВС үшбұрышын салу үшін АВ=с-гипотенуза, ВС=а, АС=в-катеттер, С=900, А=α және теңдігі орындалатындай

е бірлік кесіндісін таңдап аламыз.

Салу алгоритмі:

І топ үшін: 1. СЕ СҒ сәулелерін жүргізу;

2. СҒ сәулесіне CB= кесіндісін саламыз;

3. АВ =п етіп шеңбер жүргіземіз;

4. СЕ белгілейміз;

5. шарты орындалған ізделінді АВС үшбұрышы салынды. ІІ топ үшін: 1. СЕ СҒ сәулелерін жүргізу;

2. СЕ сәулесіне CА= кесіндісін саламыз;

3. АВ =m етіп шеңбер жүргіземіз;

4. CF белгілейміз;

5. = шарты орындалған ізделінді АВС үшбұрышы салынды.

ІІІ топ үшін: 1. СЕ СҒ сәулелерін жүргізу;

2. СҒ сәулесіне CВ= кесіндісін саламыз;

3. СE сәулесіне CA=t кесіндісін саламыз;

4. шарты орындалған ізделінді АВС үшбұрышы салынды.

ІҮ топ үшін:

1. СЕ СҒ сәулелерін жүргізу;

2. СҒ сәулесіне CВ= кесіндісін саламыз;

3. СE сәулесіне CA= кесіндісін саламыз;

4. шарты орындалған ізделінді АВС үшбұрышы салынды.

Дескриптор: Білім алушы

1. Перпендикуляр сәуле жүргізеді;

2. Кесінді өлшеп салады;

3. Берілген радиуста шеңбер салады;

4. Қатынастың орындалғанын тексереді;

5. Үшбұрышты салады.

Интер белсенді тақтаға әр топ үшін салу тәсілінің алгоритмі көрсетіледі.

Қ.Б: Үлгі бойынша топтар бірін-бірі бағалайды.





Жұптық жұмыс

Оқулықпен жұмыс

Саралау тәсілі: Тапсырма (білім деңгейі әр түрлі оқушыларға арналған тапсырма )

Деңгейлік тапсырмалар

Белсенді оқу әдісі «Үш қадамдық сұхбат»

(Топтарды жұптарға бөлу арқылы А В-ға, В а-ға сұхбаттайды және жазады.)

А деңгейі

Тапсырма. Екі сурет бойынша бұрыштардың тангенсін және котангенсін табу.

Дескриптор: Білім алушы

1. А және В бұрышының тангенсін табады;

2. А және В бұрышының котангенсін табады.

Қ.Б: «Бас бармақ»

Сергіту сәті «Миға шабуыл»



ҚБ: «Қошемет» арқылы

Аталмыш жұмыс түрі құрмет көрсету, ақпаратты өздігінен табу, топта жұмыс істеу құндылықтардың қалыптасуына әсері.







Оқулықпен жұмыс. Жеке жұмыс.

В деңгейі

Тапсырма:

АВС тең бүйірлі үшбұрышының АС=ВС табаны 10-ға тең, табанына түсірілген биіктігі 8-ге тең. А бұрышының тангенсін табыңдар.

Дескриптор: Білім алушы

1. Тең бүйірлі үшбұрыш салады;

2. Тең бүйірлі үшбұрыш биіктігін жүргізеді;

3. А бұрышының тангенсін табады.

ҚБ: «От шашу»

Мұғалімнің мадақтамасы : «Марапат»

Мұғалім барлық топтың шығарылу жолын қарап шығады да, марапаттайды.

Оқулықпен жұмыс. Топтық жұмыс.

С деңгейі

Тапсырма:

А ғаштан қандай да қашықтықта тұрған адам оның жоғарғы ұшын α бұрышымен көреді. Ағаштың биіктігін қалай анықтауға болады ?



Дескриптор: білім алушы

  • Суреттен тік бұрышты үшбұрыштың элементтерін ажыратады, қатынасын жазады;

  • Сүйір бұрышының тангенсінің (котангенсінің) анықтамасын қолданады;

  • Ағаштың биіктігін анықтауға болатынын біледі.

ҚБ "Бағдаршам" әдісімен бағаланады.

Қызыл түсті көтерсе, толық шығармадым .

Сары түсті көтерсе, жартылай шығардым.

Жасыл түсті көтерсе, толық шығардым.



Саралау тәсілі «Қарқын» (Қосымша тапсырма)

«Миға шабуыл» әдісі

Бағалау критерийі: білім алушы

- Бұрыштың тангенсі анықтамасын біледі;

- Қабырғалар арасындағы қатыстан тангенсті табады;

- Анықтамасын математикалық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларда қолданып шешеді.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну,

қолдану, талдау.

Тапсырма:

Дескриптор: Білім алушы

1. Берілген суреттен тік бұрышты үшбұрыш элементтерін ажырата алады;

2. В және Д бұрышының шамасын анықтау үшін қатынасты табады

3. Қатынасты пайдаланып, адам мен бәйтеректің қашықтығын анықтау керектігін біледі..

ҚБ: топтың бірін-бірі бағалауы /Екі жұлдыз, бір тілек/















Оқулық Геометрия 8 кл

Ж.Қайдасов, Г.Хабарова, А. Абдиев

Алматы «Мектеп» 2018



































































Интернет желісі dic.academic.ru сайты















«Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы»

Геометрия

8 сынып











«Геометрия» оқулық 8 класс

Ж.Қайдасов, Г.Хабарова, А. Абдиев

Алматы «Мектеп» 2018



























Интер белсенді тақта

















































































«Геометрия» 8 класс,

В.А.Смирнов, Е.А.Тұяқов «Мектеп» Атамұра,2018 ж













Интернет желісі videouroki.net сайты



































«Геометрия» 8 класс,

В.А.Смирнов, Е.А.Тұяқов «Мектеп» Атамұра,2018 ж









«Геометрия» 8 класс,

В.А.Смирнов, Е.А.Тұяқов «Мектеп» Атамұра,2018 ж









































Геометрия» 8 класс,

В.А.Смирнов, Е.А.Тұяқов «Мектеп» Атамұра,2018 ж























Сабақтың соңы

(10 минут)

Жеке жұмыс

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Бөлім: Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен

бұрыштары арасындағы қатыстар

Оқу мақсаты: Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының

синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі

анықтамаларын білу.

Бағалау критерийі: Білім алушы:

-Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының қатыстары арқылы бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің анықтамаларын біледі

Ойлау дағдыларының деңгейі: білу, түсіну

Тапсырма: Бос орындарды толтырыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

1. Сүйір бұрышының синусын табады;

2. Сүйір бұрышының косинусын табады;

3. Сүйір бұрышының тангенсін табады;

4. Сүйір бұрышының котангенсін табады.

ҚБ: «плюс, минус, қызықты»


Үй жұмысы: Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының тригонометриялық функциялары. № 2

Смирнов В.А, Тұяқов Е.А

Алматы «Мектеп»

Кері байланыс. «Алма ағашы» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақ туралы пікірлерін білдіреді.



Интернет желісі Bilimlend.kz сайты

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдану көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Сабақ барысында топқа бөлу үшін « Саралау тәсілі "Жіктеу" «тапсырма», топтар арасында «диалог және қолдау көрсету», «дереккөздер» қолданылады. Жеке жұмыс күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын деңгейлік тапсырмалар, оқушыларды саралау үшін «қарқын», топтық тапсырмалар берілді. Жұптық жұмыста сурет бойынша жұмыстанып, бірін бірі тексерді.

Бағалау критерийлері бойынша оқушылар өз өзін тексереді, мұғалім кеңес береді, дескрипторға байланысты оқушылардың өз-өзін бағалауын жүзеге асыру.

    • Қойылған сұрақтарға дұрыс, дәлелді жауап берулері қадағаланады;

  • Ынталандыру, қолдау көрсету

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары :

«Мадақтау», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Шапалақ», «Үлгі бойынша топтар бірін –бірі бағалайды», «От шашу», «Бас бармақ», «Қошемет», «Бағдаршам», «Плюс, минус, қызықты» әдістері арқылы бағаланады. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы бағаланады.«Алма ағашына» ілінген алмаларына оқушылардың жапсырған стикерлеріне қарау арқылы, түсінбеген тапсырмалармен қайта сабақ соңында өзін-өзі бағалау және оған кері байланыс

«Алма ағашы» әдісін жүргіземін.

Сабақ үстіндегі оқушылардың көңіл-күйін қадағалап отыру

Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады.

Сергіту сәті, кабинеттің оқу және гигиеналық талаптарға сай болуы.

АКТ 20 минуттан артық қолданбау, қауіпсіздік техникасы сақталды.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.11.2018
6539
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі