400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тікбұрыштың периметі мен ауданын табу 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
3-сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тіктөртбұрыштың периметрі мен ауданын табу

Сынып: 3

Мақсаты:

Білімділік: Тіктөртбұрыштың ауданын,периметрін есептеуді тәсілдерін меңгерте отырып пысықтау.

Дамытушылық: Есептер шығарту, оқушылардың ойлау, талдау, ереже қорыту қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Оқушылардың өз іс-әрекеттерін ұйымдастыра білуіне, белсенділік пен жауапкершілікке тәрбиелеу.


Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, сызбалар, тест сұрақтары, электронды оқулық

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. Сабақ барысында керекті құрал-жабдықтарды реттеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

№7, 113 бет

А) Оқушылардың үй тапсырмасын орындау деңгейлерін бақылау

Ә) Екі оқушыға оқыту

Б) Қай фигураның ауданы үлкен, ал қайсысының ауданы кіші? Ауданы тең болатын фигура бар ма?

Shape17 Shape16 Shape15 Shape14 Shape13 Shape12 Shape11 Shape10 Shape9 Shape8 Shape7 Shape6 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1






ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. (электронды оқулық арқылы түсіндіру)


Фигураның периметрін табу


4 см

Shape18 В С



2 см 2 см




А

4 см Д



Тіктөртбұрыштың периметрі (Р);


Р=2 см+4 см+2 см+ 4см

Р=(4+2)*2=12 см;

Жауабы: Р=12 см

Тіктөртбұрыштыңауданы:


Ауданы (S) 4 см

Shape19

a

b



3 см бббб





a-ұзындығы,

b-еніShape20

Тіктөртбұрыштыңауданы


Shape22 Shape21


Shape24 Shape23

ені

ұзындығы



*


Shape26 Shape25

1 см2

a*b=S см2





12 см2


4*3=12 см2

№3 есеп (электронды оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс)

Есепті шеш:

Периметрді есептеуге сүйеніп, егіндікті 3 рет қоршауға жететін сымның ұзындығын есепте.



Shape27

a=20 cм

b=12 см





Shape28 Shape31 Shape30 Shape29

  1. · = ( )

ҰShape32

a=15 cм

b= ? см

зындығы 15 см, ал ені одан 5 есе кем болатын тіктөртбұрыштың ауданын (
S) тап.


Енін тап:






Shape35 Shape33 Shape34

= ( )

№2 есеп

Кел қане жарысайық: Амалдардың мәнін әр қатар бойынша жарысып, табу


М- 24:4+6*3

Р-200:4*8-50

С-500:5-5*2

Ы-30*8+160-200

А-1дм 5см*2дм

Қ-24 дм3дм*25 дм


Өрнектердің мәнін дұрыс есептеп, киіз кілемнің атын дұрыс құра.

№3 есеп.

Қабырғалары 6 см және 3 см болатын тіктөртбұрыш сыз. Тіктөртбұрышта неше квадрат сантиметр бар?


Тест жұмысы.`(толықтыр)


  1. Егер тіктөртбұрыштың ұзындығы 4см, ал ені 2см болса, оның ауданы ___________см2 –ге тең болады.

  2. Егер шаршының қабырғасының ұзындығы 3 см болса, оның ауданы __________неше см2-ге тең болады

  3. Тік төртбұрыштың ауданы 15см2, ал ұзындығы 5 см болса, онда оның ені________тең болады.

  4. Егер тік төртбұрыштың ауданы 12 см2, ені 3см болса онда оның ұзындығы _________ неше см тең болады.



Үйге тапсырма №9, №5 тапсырма.

Бағалау.





Күні: 02.03.2015ж

Сынып:3

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістік
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Етістік туралы берілген білімді толықтыру, ол заттың әр алуан іс - әрекетін, қимыл процесін білдіретін сөз табы екендігі, сұрақтарын, сөйлемдерден етістікті табуға, етістіктің түрлерін ажырата білуге, дара етістікті күрделі етістікке айналдыруға арналған тапсырмаларды орындау; етістіктің зат есімнен байланысы жөнінде берілген түсініктерді кеңейту;
Ә) Дамытушылық: Жаңа технологияларды басшылыққа ала отырып, сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, зейінін, шығармашылық белсенділігін дамыту;
Б) Тәрбиелік: Әдептілікке, мейірімділікке, татулыққа, жылдам ойлауға,
Отансүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыны жетілдіру сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік, топтастыру, ми қозғау, бөшкеден шыққан басқатырғылар
Көрнекіліктер: Сызбалар, суреттер, қима - қағаздар, дидактикалық материалдар.
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Сәлемдесу: Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік. 1 - оқушы дауыстап мәнерлеп айтады.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім
Міне, оқушылар ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі – туған тіліміз қазақ тілі сабағына бүгін қонақтар қатысып отыр. Қонақтармен амадасып, сабағымызды бастайық.
- Балалар, мына өлең жолдарын естеріңе түсіріп, жалғасын айтып жіберіңдерші.
Кімнен тудың? Нәсілің кім? Ұлтың кім?
Әлде мен аспанның сұр бұлтымын ба? (Оқушы жалғастырып айтады.)
Бұлт емеспін,
Мен қазақпын - халықпын,
Көне күннен келе жатқан тарихпын.
- Өте жақсы, сендер болашағы зор, талапты, әдепті қазақ ұрпағысыңдар.
Ендеше сол ұлттарың туралы білетіндеріңді ортаға салыңдаршы.
ҚАЗАҚ: Қазақстан, Елбасы, Шекара, Теңге, Рәміз, Ата заң, Астана.
• Топқа бөлу. 1 – топ – «Қайрат», 2 – топ – «Жүрек», 3 - топ – «Ақыл»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қайталау.
Лездеме жауап беруге арналған сұрақтармен пысықтау.
1. Заттың атын білдіретін сөз табы (Зат есім)
2. Көкшетау, Тараз, Алпамыс, Есіл, Құтжол – қандай зат есімдер? (Жалқы)
3. Жылы – жылы сөйлесең, не інінен шығады? (Жылан)
4. Жүрді, келді, барады – қандай сөз табы? (Етістік)
5. – лар, - лер,- дар, - дер, - тар, - тер қандай жалғаулар? (Көптік)
6. Сөз таптарын ата (Зат есім, сын есім, сан есім, етістік)
7. Сынып бөлмесінде кезедесетін жалпы есімдерді ата. (Сағат, парта, орындық, кітап)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Көркем жазу минуты
• «Артық сөзді тап» ойыны
Шарты: тақтада берілген сөздердің ішінен артық сөзді тауып дәлелдеу.
Аспан, шағала, аналар, отырды, орындық.
Себебі, отырды деген сөз етістік, қалғандары зат есімдер.
- Енді, етістіктер туралы не білеміз?
Топтарға топтама жасауға тапсырма беріледі. Жауаптар тыңдалады.
• Тақтада берілген сурет мазмұны бойынша етістіктер тауып, сұрақ қояды және сол сөзді қатыстырып сөйлем құрау тапсырылады.
• Дара және күрделі етістік дегеніміз не?
Дәптермен жұмыс
1 – жаттығу. Дара, күрделі етістіктерді екі бағанға бөліп жазады.
• «Не істеді?» тапсырмасы
Сурет бойынша іс – әрекеттермен сәйкестіндіру.
• Шығармашылығымызды шыңдайық:
Көп нүктенің орнына етістіктерді қойып жаз.
Сабақтан мен............, Жаман бала...............
Үлкендерді..............., Айтқандарын.............
• 2 – жаттығу: Сөйлемдерді оқы. Әр сөйлемдегі етістіктерді сөзжұмбаққа дұрыс орналастырсаң, жыл мезгілінің аты шығады.
• «Бөшкеден шыққан басқатырғылар» ойыны
1 – Көп нүктенің орнына тиісті зат есімді қойып оқы:........ биікке көтерілді.
2. Жекеше тұлғадағы зат есімдерді көпше тұлғадағы зат есімдерге айналдыр: қарға, көл, шыбық.
3. Сұраққа етістіктермен жауап бер: Ұқыпсыз бала кітапты қалай ұстайды?
4. Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрігер емес, бірақ ол.
Дәм мәзірін қаласаң
Алға ұсынып тұрады ол.
Ол кім?
Шешуін сөз құрамына талда.
5. Сөздерді етістіктерге айналдыр:
сырт – сырт, сыңғыр – сыңғыр.
ІҮ. Қорытынды – рефлексия кезеңі
• “Кім жылдам?” тапсырмасы
“Қайрат” тобына: “Ақыл” тобына: “Жүрек” тобына

жазып отыр салып отыр сөйлеп отыр
жауып тұр айтып қойды құлап қалды
дайындап қойды бөліп алды жақындап келеді


• Тіл – өнер
Мақалды толықтырып, орсыша аудармасын табу.
Отан.... басталады. (отбасы -
Туған жерге..... тік (ту -)
Бақа көлінде – патша, .... суында – патша,
.... елінде – патша. (балық – адам - )
• Суреттің атын атау, сол сөзге қатысты етістіктерді теріп оқу.
• Үйге тапсырма: 3 – жаттығу, 163 – бет
Бағалау.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
3215
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі