400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Тіктөртбұрыштың қабырғасын өлшеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіктөртбұрыштың қабырғаларын өлшейді, қарама-қарсы қабырғалары тең болатынын анықтайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Пән: математика

Мектеп: Өскемен қаласы әкімдігінің «А. Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі» КММ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2С. Шаманы өлшеу

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тукубаева Толкын Толеухановна

Сынып: 1 сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Тіктөртбұрыштың қабырғасын өлшеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары

1.3.1.3.Геометриялық фигуралардың (тіктөртбұрыш) қабырғаларын өлшейді және салыстырады.

1.1.3.2. Шамаларды, өлшем бірліктерді (см,дм) қолданып өлшейді

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Тіктөртбұрыштың қабырғаларын өлшейді, қарама-қарсы қабырғалары тең болатынын анықтайды.

Көптеген оқушылар: Қарама-қарсы қабырғаларының тең екені туралы анықтаманы тұжырымдайды, қабырғаларын өлшеп салыстырады.

Кейбір оқушылар: Дм, см арақатынасын салыстырады, қарама-қарсы қабырғаларының тең екеніне дәлелдер келтіреді.

Бағалау критерийлері:

-Тіктөртбұрыштың төрт қабырғасын өлшейді,

-Қарама-қарсы қабырғаларын салыстырады;

-см,дм өлшем бірліктері арқылы тіктөртбұрыштың қабырғаларын өлшейді.

Тілдік мақсаттар:

Жұппен талдау жасау кезінде коммуникативтік дағдысы дамиды , бірін-бірі тыңдау кезінде өз қарасын нақты дәлелдер арқылы көрсетеді.

Пәнге тән лексика мен терминология: ұзындығы, ені, қарама-қарсы, тең, см, дм.

Тіл стилі: ауызекі

Сұрақтары:

-Тіктөртбұрыштың неше қабырғасы бар?

- Тіктөртбұрыштың қайсы қабырғалары тең болады?

-Неліктен тең болатынын дәлелде.

Құндылықтарды дарыту:


«Мәңгілік ел» бағдарламасындағы 7 басты құндылығының 2 құндылығы негізінде қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісімге баулу.

Пәнаралық байланыстар:

Көркем еңбек пәнімен: пішіндерді сызғышпен өлшеу, пішіндерді жапсыру кезінде.

Сауат ашу пәні: дәлелдемелер мен мысалдар келтіргенде, топқа бөлінгенде сөздерді оқиды.

АКТ қолдану дағдылары:


Видео көрген кезде тыңдалым дағдылары және өмірде қай жерлерде тіктөртбұрыштың кездесетіні туралы біледі.

Бастапқы білім:

-Тіктөртбұрышты таниды;

- Сызғышпен өлшеуді біледі;

- жапсыруды;

Сабақтың барысы:


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5

минут


Шеңберге тұру:

Қайырлы күн болсын,

Қайырлы түн болсын.

Бүгінгі күн сәттілікке толсын.

Жазуы бар қағаз тарату. Қағазда құрылыс материалдарының атаулары жазылған (жұппен бөлінеді)

Кірпіш, цемент, балға, балта, тақтай, терезе, есік, шеге, құм, түсқағаз және т.с.с. жазулары бар қағаздар таратылып беріледі, біркелкі сөз кездескен оқушылар жұптасып отырады.

-Осы сөздерді біз қай жерде кездестіреміз?

-Құрылыста.

Отбасы мүшелерінен басқа әр отбасының тұрғылықты жері, яғни өз үйлері болады.Бүгін біз сабақта ата-анамызға көмектесіп, өз отбасымыздың үйін тұрғызамыз.

(әр жұпқа конверт таратылады.)








Кірпіш, цемент, балға, балта, тақтай, терезе, есік, шеге, құм, түсқағаз және т.с.с. жазулары бар қағаздар


Сабақтың ортасы

25-27

минут










(Ж) №1 тапсырма . «Ой бөліс»

-Үлкен сары төртбұрышты алып өлшейміз.

Ұзындығы - 12см, 12см= 1 дм, 2 см.

ені- 9 см.

-Тіктөртбұрыштың неше қабырғасы бар?

-Барлық қабырғасын өлшедің бе?

-Қай қабырғалары тең?

-Өмірде тіктөртбұрыштарды қай жерден кездестіреміз?

(Интербелсенді тақтадан «Пішіндер» туралы видеоны көреді.

Өлшеген тіктөртбұрышымызды үйіміздің қабырғасына орналастырайық.

Дескриптор:

1.Тіктөрбұрыштың ұзындығын өлшейді.

2.Тіктөртбұрыштың енін өлшейді

3.Қарама-қарсы қабырғаларының тең екенін түсіндіреді.

4. Тіктөртбұрышты жапсырады.

ҚБ: «Шапалақ»

Дұрыс орындаса – 4 рет, төртбұрыш жасап шапалақтайды

Қателіктер болса- 2 рет, жарты төртбұрыш жасап шапалақтайды.

(Ж) №2 тапсырма . «Ойлан, жұптас, ақылдас»

-Енді үйлердің нелері жетіспейді?

-Шатырын өлшейміз сызғышпен.

-Ұзындықтарын салыстырамыз, жапсырамыз.

-Үйдің бөліктері шатыр, есіктерді өлшеп жапсырады.

-Ал тор көз қағаздан жасалған терезені сызғышпен өлшеп, 1 см = 2тор көзге тең екенін анықтайды.

-Сызғышты қолданбай басқа қабырғаларының ұзындықтарын анықтату.

Дескриптор:

-Тор көз қағазды сызғышпен өлшейді.

- 1см = 2 тор көзге тең екенін біледі.

ҚБ: «Шапалақ»

Дұрыс орындаса – 4 рет, төртбұрыш жасап шапалақтайды

Қателіктер болса- 2 рет, жарты төртбұрыш жасап шапалақтайды.


-(Ж) №3 тапсырма . « Сиқырлы кірпіштер »

-Қандай көлік түрлерін көріп тұрсыңдар?

-Машина қайда тұрады?

-Олай болса, машинаға қима кірпіштерден гараж тұрғызайық.

-Ұзындығына неше кірпіш кетті?

- Еніне неше кірпіш кетті?

- барлығы неше кірпіш кетті?

Дескриптор:

  • бір ұзындығына неше кірпіш кеткенін санайды.

  • Еніне кеткен кірпіштерді санайды.

  • Қарама-қарсы қабырғаларының тең екеніне көз жеткізеді.

  • Барлық кірпіштерді санайды.

ҚБ: «Шапалақ»

Дұрыс орындаса – 4 рет, төртбұрыш жасап шапалақтайды

Қателіктер болса- 2 рет, жарты төртбұрыш жасап шапалақтайды.


(Т) №4 тапсырма . «Бірлесе орында» әдісі

  • Енді бау-бақшаны жапсырайық. Қоршаудың ұзындығына кеткен тақтайшаларды санаймыз.

  • Қалай санар едің?

  • Ұзындығын ғана санап,и оған қарама –қарсы қабырғаларын санамай-ақ айтуға болады ма?

  • Енін ше?

  • Барлығын қалай тез есептеуге болады?

Жауабы: ( 15+10+15+10=50)

Дескриптор:

-Үзындығындағы тақтайларды санайды

-Еніндегі тақтайларды санайды.

-Қарама-қарсы қабырғалары тең екенін білгендіктен санамай-ақ орындайды.

ҚБ: «Шапалақ»

Дұрыс орындаса – 4 рет, төртбұрыш жасап шапалақтайды

Қателіктер болса- 2 рет, жарты төртбұрыш жасап шапалақтайды.


Сергіту сәті:

Жаңағы орнатқан бау-бақшамызға дән егейік.

-орнымыздан тұрып, төртбұрыш жасап, бір -бірііміздің артымызға тұрып массаж жасаймыз.

- жерді жырту (тырмалау)

-дән себу (бір саусақпен)

-суару ( бес саусақпен)

-жаймалау (сипалау)

-дән жинау (шымшу)

-жұлу – ору ( қол қырымен ұру)

(ЖЖ) Дәптермен жұмыс №5 тапсырма

1 дм = 10 см

2Shape1 дм = см

3Shape2 дм = см

4Shape3 дм = см

5Shape4 дм = см

Дескриптор:

-дм мен см арақатынасын анықтайды.

ҚБ: «Шапалақ»

Дұрыс орындаса – 4 рет, төртбұрыш жасап шапалақтайды

Қателіктер болса- 2 рет, жарты төртбұрыш жасап шапалақтайды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
07.11.2023
250
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі