Материалдар / Тіл - ең асыл құндылық

Тіл - ең асыл құндылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекеттік тіл туралы мақала.Тіл мәселесінің, әсіресе мемлекеттік тіл- қазақ тілінің мәселесі ешқашан назардан тыс қалмағаны туралы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2021
612
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


 Тіл - ең асыл құндылық

«Ана тілінде ата-баба сыры бар,

Аудармадан түпнұсқадай кім ұғар.

Өсе келе құстың тілін білсең де,

Ана тілсіз оның қандай құны бар».

Оразақын Асқар

Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Тіл -қай ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті ұғым. Сондықтан ана тіліміздің өркендеуі, қанатын кең жаюы үшін қызмет ету кез келген азаматтың бұлжымас міндеті болуы керек. Қытайдың атақты философы Конфуцийдің тілге қатысты «Егер де маған ел басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды және идеология дұрыс жүргізілмейді. Идеология дұрыс жүргізілмей, ортақ түсіністік таппаған елде бірлік болмайды. Сондықтан бәрінен де бұрын адамдар арасындағы бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды» деуі бекерден бекер емес болар.

Осы орайда елімізде тіл мәселесінің, әсіресе мемлекеттік тіл қазақ тілінің мәселесі ешқашан назардан тыс қалмағанын атап айта кету керек. Елбасымыз да талай рет мемлекеттік тілдің қанатын кең жаюы үшін мемлекеттік бағдарламамен қатар, нақты тіл оқыту орталықтарын құру арқылы қазақ тілін дамытуға күш салып, қазақ тілді балабақшалар мен мектептердің санын айтарлықтай көбейтуге де көңіл бөлген болатын. Елбасымыз бастаған бастамасын енді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алып, тіл мәселесін назардан тыс қалдырмауға тапсырма беріп отыр. Жақында ғана Қазақстан халқына арнап, «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деген тақырыппен алғашқы Жолдауын жариялаған  Президентіміз онда «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Сондай-ақ, тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн» деп мемлекеттік тілдің мәртебесіне қатысты ойын білдірді. Демек қазақ тілінің өркендеуі үшін еліміздің әрбір азаматы өзіндік үлесін қосуы керек.  Рас, қоғамымыз басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. «Қазіргі жаһандану заманында үш тілді білу - міндет» деген пікірмен де толық келісеміз. Себебі қазір  үш тілді меңгеру өзекті мәселелердің бірі болып, соған жан-жақты назар аударылуда. Қазақ тілі-мемелекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі болып саналатыны баршаға мәлім.

Көп тілді білу-заман талабы.Тілді үйренудің басты мақсаты-адамның өз бетінше іштей талпынысына байланысты.Сондықтан да әр  адам әуелі өз отбасынан үйренген ана тілін біліп, ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп өссе, ата-баба рухымен тәрбиеленсе, қай ортада жүріп қанша тіл оқыса да, өз тілін, ұлттық болмысы қасиетін сақтап қалары ақиқат.Сондықтан да, Елбасымыздың тілге байланысты сындарлы саясатының өзінде бір үлкен мән жатыр.

Қазақ тілі-әлемдегі мағынасы көп, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл. Тек қолданатын халықтың саны аз демесеңіз, бұл тілдің құдіреті ерекше.Тіпті Абайға дейін жыраулар, батырлар мен хандар, шешендер осы ана тіліміз арқылы дау шешіп, соғыстың бетін қайтарған. Мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілі-мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру-Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл-халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін - ана тілі мен ата дәстүрі.

«Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді. Әрі ол-ата-баба алдындағы ұлы парызымыз да» деп Елбасы айтқандай, мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатып, оның қолданылу аясын кеңейтуге, дамытуға ат салысу жастардан басталуы тиіс. Адам баласы тек қана білім арқылы дүниенің құпия сырын ашады. Білімнен тағылым алып, болашағын болжап, келешегіне бағыт белгілейді. Білім алдымен тіл арқылы игеріледі. «Тіл бесікте бекиді, үйде қалыптасады, бойға ұялайды, шаңырақта шыңдалады, мектепте дамиды, сөйлегенде жетіледі, жазғанда қалыптасады» деген Асылы Османованың сөзімен толық келісеміз. Б.Момышұлының «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту»-деген болатын.Сондықтан тілімізді ұмытпай, әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек деп білемін. М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес,бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры,тарихы,тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады»-деген. Тіл байлығы-әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай сақтап, орынсыз шұбарлануына қарсы тұруымыз керек. Себебі тіл-өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі.Сондықтан да өз ана тіліміздің абыройын асқақтатып, биікке көтереді деп нық сенудеміз.


Бекбулатова Рауза Фазылханқызы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Қостанай қаласы білім бөлімінің №2 мектеп-лицейі» ҚММ

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ