|
Негізгі
бөлім
30
минут
|
1-тапсырма. Мәтінді оқып, ауызекі сөйлеу
стилінің тілдік құралдарын анықтайды.
Мәтін
Қазақ тілі бай тіл
ме?
Ұлты неміс болса да,
қазақ болып кеткен көрнекті жазушы Герольд Бельгер көзі тірісінде
«...Өмірімнің 43 жылын қазақтардың арасында, қазақ тіліне
құлағымның құрышын қандырумен келген екем. Менің ұғым – түйсігімде
қазақ тілі құдды қазақтың осынау кеңпейіл, мейірбан дарқан даласы
сияқты ұшан – теңіз бай, шешен де көркем тіл...Әлдеқалай орыс,
неміс таныстарымның арасына түсе қалғанда, олардың әңгімесі қыза –
қыза келгенде, маған тұтқиылдан сұрақ қоятыны бар: «Осы қазақ тілі
қалай өзі... бай тіл ме?». Бірауыз сөзбен қысқа қайырып: «Бай!», -
десем, бәрібір сене қоймайтынын білем. Сондықтан сөзім дәлелді болу
үшін, көптеген мысалдар келтіремін. Айталық, орыс, неміс тілдерінде
тапшы келетін қазақтың мал атауларын ұзақ – сонар әңгімелеп, тізіп
ала жөнелем. Атап айтқанда, жылқы, түйе, сиыр, қойға қатысты неше
түрлі сөздерді тізіп шыққанан кейін, тыңдаушыларға жымия бір қарап
қойып: «Ал енді бүркітке келейік», - деймін. Онсыз да бағанадан
бері жағасын ұстауға әзер отырған кісілер: «Бүркіт?! Ол не тағы –
деп таңданысады. Бүркіт пен бүркітшіге байланысты біраз қазақ
сөздері жадымда қалған: мәселен, балапан құс, тірнек, тас түлек,
мұзбалақ, көк түбіт, томаға, тұғыр, қансоқта т.с.с. Ал осы
сөздердің көбінің баламасын орыс және неміс тілдерінде қолыңызға
шырақ алып іздесеңіз де, таба алмайсыз. Соған көзі жеткенде, әлгі
таныстарым: «Ах, зоо! Вундербар!» немесе «Смотри – ка!
Поразительно!» - дейді. Мағынасы қазакемнің «апырай, а!» дегеніне
пара – пар.
(Герольд
Бельгер)
«Ой
қозғау» әдісі арқылы берілген
сұрақтарға жауап береді.
1. Үш тілді меңгерген
Қазақстанның Халық жазушысы Герольд Бельгердің пікірінен не
ұқтыңдар?
2. Қазақ тілінің бай екеніне
өздерің қандай дәлел келтіре аласыңдар?
Тілдік
бағдар!
Тіркес екпіні –
сөйлемдегі тіркескен сөздердің барлығының бір ғана екпінге ие
болуы. Мысалы: қыпша бел, тез жазады
т.б
2 –
тапсырма:
Жоғарыда көрсетілген мәтіннен
тіркес екпініне 5-6 мысал жазыңдар. Тіркес екпінінің астын
сыз.
3-тапсырма. «Герольд Бельгер – ұлт
жанашыры» тақырыбында эссе жазу. Эсседе екпін түрлерін
қолдану.
|
«Ой
қозғау» әдісі арқылы берілген
сұрақтарға жауап береді.
1. Үш тілді меңгерген
Қазақстанның Халық жазушысы Герольд Бельгердің пікірінен не
ұқтыңдар?
2. Қазақ тілінің бай екеніне
өздерің қандай дәлел келтіре аласыңдар?
Дескриптор:
Тілдік
бағдар!
Тіркес екпіні –
сөйлемдегі тіркескен сөздердің барлығының бір ғана екпінге ие
болуы. Мысалы: қыпша бел, тез жазады
т.б
2 –
тапсырма:
Жоғарыда көрсетілген мәтіннен
тіркес екпініне 5-6 мысал жазыңдар. Тіркес екпінінің астын
сыз.
Дескриптор:
Болжалды
жауап: көрнекті жазушы, қазақ
тілі, дарқан даласы, неміс таныстарымның, көркем тіл, жадымда
қалған, олардың әңгімесі, ұлты неміс, қазақтардың
арасында.
3-тапсырма. «Герольд Бельгер – ұлт
жанашыры» тақырыбында эссе жазу. Эсседе екпін түрлерін
қолдану.
Дескриптор:
|
Мәтінді оқып, ауызекі сөйлеу
стилінің тілдік құралын анықтай алады.
2
балл
Мәтін арқылы берілген
сұрақтарға жауап береді. 1
балл
Тіркес екпініне мысал
келтіреді.2
балл
Тіркес екпінін таба
алады. 1
балл
Құрылымды эссе
жазады. 2
балл
Эсседе екпін түрлерін
қолданады. 2
балл
|







|