400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тіл - халық қазынасы" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тіл – халық мұрасы!

Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: залды тақырыпқа лайық безендіру, нақыл сөздер, плакаттар, слайд.



Жүргізуші: -Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің мерекесіне жиналған қауым. Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған «Балапан» , «Қарлығаш» ортаңғы топтарының мерекелік ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл мерекеміз елбасымыз «Н.Ә.Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап, мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997 жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген.

Гимн.

Балалар құтты болсын тілің бүгін

Ашатын жан сарайын білімдінің

Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан

Тіліне зер салыңдар бұрынғының.

Балым:

Сүйсем өз тілімді,

Боламын білімді:

Өз тілім үйретер,

Өнерді, ғылымды.


Бағнұр:

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

 Кәусар:

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

 Нарқыз:

Ана тілі – біздің туған анамыз!

Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.

Ана тілін бағаласақ, қалай біз

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз




Жүргізуші:

Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге сырлы ой салар

Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік

«Тілім - жүрегім» әні. Орындайтын: Кәусар

Айжан:

Ақыл-ойын адамның

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.

Жаная: 

Өсірген ой білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін  терең білуді.

 Ізет:

Ана тілім – ұраным,

Ана тілім – құралым,

Ана тілім – болмаса

Мықты болмас тұрағым.

 Ербұлан:

Ана тілім – елдігім,

Ана тілім – ерлігім.

Ана тілім – болмаса

Бүтінделмес кемдігім.


ІІ Тәрбиеші: «Мақал-сөздің мәйегі» демекші туған тілімізге қатысты тіл өнеріне байланысты мақал мәтелдер айтайық.

Ерали: Тіл тасжарады,

Тасжармаса бас жарады.

Сәкен: Сөз сүйектен өтеді,

Таяқ еттен өтеді.

Дастан: Өнер алды — қызыл тіл.

Аделя: Жақсы сөз – жарым ырыс.

Нұрәлі: Туған ел – тұғырың

Туған тіл – қыдырың

ІІІ Тәрбиеші:

Ана тілім- өзгелерден бөлексің,

Бала жүрек саған арнап жыр төксін.

Қай асылға теңесемде жарасар,

Ана тілім –баға жетпес өнерсің.

Би: «Қыздар биі»

«Қарлығаш» тобы балаларының тақпақтарын тамашалаңыздар.


Даламыздың үні деп,

Ана тілін,

Ана тілін,

Ана тілін сүйеміз.

                                     

Туған  тілім – бабам тілі - өз тілім.

Туған тілім – анам тілі - өз тілім.

Туған тілім – далам тілі - өз тілім.

Туған тілім – адам тілі - өз тілім.


Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың елдігің.

Ана тілім

Жүрегісің анамның

Жүрек – ана

Мен өзіңмен жаралдым.


Ән: «Беу-айдай» әнін Айтнұрқызы Көркемайдың орындауында қабыл алыңыздар!

Өсірген ой – білімді

Сүйем туған тілімді

Мақсат етем әр сөздің ,

Мәнін терең білуді.



Ақыл – ойын дананың,

Ана тілден аламыз.

Ана тілі мардақты,

Ақ сүтіндей анамның.


Ана тілім – қазақ тілім туған тіл,

Қасиетті тіліміздің бәрін біл.

Ана тілді құрметтеңдер адамдар,

Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.


Қазақстан халқының,

Қазақ тілі тірегі.

Ана тілде айтылар,

Әнұраны жүрегі  


Хор: «Анамның тілі»


Жұмбақ шешу

Тілден ұшып, құлаққа қонады. (Сөз)


Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса, аттама (Кітап)


Жағалай-жағалай тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым. (Тіл,тіс)


Оттан да ыстық, ол не..? (Отан)  


Бір отаудың ішінде отыз бөрі, 
Бар жалғыз қызметкері өте епті.
 
Он жігіт алып барып тастағанда,
 
Отаудың бүлкілдейді екі жері.      (Тіл, тас, саусақ, ерін)


Мен жұмбақ айтайын табасын ба, 
Айналып ақ қаланы шабасын ба?   (Тіл, тіс)


Екі тақта арасында 
Қимылдайды қызыл тақта.   (Тіл)


Жағалай-жағалай тас қойдым, 
Жирен атты бос қойдым. (Тіс, тіл)


Үнемі ауызда бұлтыңдайды, 
Бірақ жұтылмайды.    (Тіл)


Хор: «Бақшамыз жайнаған»


Тәрбиеші:

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деп айтқаныдай сендер осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін. 

Келесі кездескенше сау болыңдар! Осымен құрметті қонақтар, балалар бүгінгі тіл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
31 қазан
2151
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі