400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тіл - өрісі кең әлем, өлшеусіз қазына"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыс топтық жұмыс түрінде өтеді. Оқушыларға арналған қызықты ойындар мен әдіс-тәсілдер ұйымдастырылады.Оқушылардың жан-жақты ойлауына берілген тапсырмалар қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы:«Тіл-өрісі кең әлем, өлшеусіз қазына». 17.01.2025


Мақсаты: а) оқушыларға өз ана тілін білудің маңызын түсіндіру;

ә)тіл жайлы білімдерін айқындау және толықтыру;

б) -ойлау, жүйелеу қабілеттерін шыңдау; оқушыларды туған тілін құрметтеуге

тәрбиелеу.

Қатысушылар: 3 «а», 3 «ә», 3 «б», 3 «в», 3 «г» сынып оқушылары

Қажетті жабдықталуы: интербелсенді тақта,шарлар,слайдтар.

Пәнаралық байланыс; математика, халықтық педагогика.

Сайыс барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-Құрметті,оқушылар және ұстаздар! Бүгінгі күні сіздер 3 сынып

арасында өткелі отырған « Тіл-өрісі кең әлем, өлшеусіз қазына» атты

сыныптан тыс жұмысқа келіп отырсыздар! Қадамдарыңыз құтты болсын!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат,бақ, ардың.

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, баба тілі,сен қалдың!-

деп М.Жұмабаев жырлағандай, тіліміз өз мәртебесін жоғалтпай

күннен-күнге өркендей берсін!

Ана тіліміз қадамын нық басып, ғұмыры ұзақ болу үшін

атсалысайық, болашақ ұрпақ!

Сыныптан тыс жұмыс бес кезеңнен тұрады.

1 кезең-«Бәйге» сұрақ-жауап сайысы

2 кезең- «Сөз ойла, тез ойла» берілген сөздерден сөз шығарады.

3 кезең- « Кейіпкер елінде» бұл кезеңде әдебиет пәні бойынша

сұрақтар беріледі.

4 кезең - «Мақал – сөздің мәйегі»

1-ойын «Бір сурет - көп мағына» /Бұл кезеңде сурет арқылы мақалды

табады / 2-ойын «Жалғасын тап» /Мақалдардың жалғасын табады./

5 кезең - « Ұшқыр ой» кезеңі бұл кезеңде оқушылар логикалық сұрақ-

тарға жауап береді.

1 кезең- «Бәйге» Word wall платформасы

https://wordwall.net/ru/resource/66554772/%d3%a9%d1%82%d0%ba%d0%b5%d0%bd%d0%b4%d1%96-%d2%9b%d0%b0%d0%b9%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%83

«Сұрақты таңда» деңгейлік тапсырмалар. Топтар кестеде көрсетілген

ұяшықтарды таңдап, берілген сұрақтарға жауап беруі керек.Әр дұрыс жауапқа бір ұпайдан беріледі.

1. Алыс-жақын сөздері қандай мағыналы сөздер, қалай аталады? (қарама қарсы мағыналы сөздер, антоним деп аталады)

2. Біл,білгір,білгіш,білім қандай сөздер? (түбірлес сөздер)

3. Б,в, г, ғ, д, ж, з қандай дауыссыздар? (ұяң дауыссыздар)

4. Сөз құрамы нені қарастырады? ( түбір, жұрнақ, жалғау)

5. Омоним қандай сөз? ( айтылу мен дыбысталу бірдей,мағынасы әр басқа сөздер)

6. Синоним сөздерге мысал келтіріңдер. (батыр,күшті,қаһарман)

7. Буынның неше түрі бар? (үш түрі бар.)

8. «Ою» деген сөзде неше әріп, неше дыбыс бар? (екі әріп, үш дыбыс )

9. Сөйлем нелерден тұрады? (сөздерден)

10. Сөз таптарына мысал келтір

2 кезең- «Сөз ойла, тез ойла» берілген сөздерден сөз шығарады.

3-кезең- «Кейіпкерлер елінде» тақырыбындағы кезеңде әдебиет пәні бойынша сұрақтар беріледі.Топ мүшелері сандықта нөмірленген асықтарды таңдап, кеспе-қағаздарда жазылған сұрақтарға жауап береді.

1. « Ол дәнді бір жылда жеп бітірсем, қазір менің халім әлдеқайда жақсы болар еді. Бірақ сен бір жылдан кейін мені босатуды ұмытып кетсең, онда мен бостан- босқа аштан өлген болар едім» деді. (құмырсқа)

2.Біраздан соң домаланып кереует астынан шықты да, дыбысты аңғарып, тура Есеннің алдына келді. (Есеннің кірпісі)

3.Ол енді шыдай алмай көқтемде отырғызылған ағашты шарпыған отты таптай бастады. (Алмастың ағашы)

4 Сандықты ашып еді, ішінен бір шығып, ғұламаға ұмтылды. (Баланың айласы)

5. Есепті шығардым,оның сенің дәптеріңе көшіріп қойдым,- деп мақтанды. (Аман мен телефон)

4 кезең- «Бір сурет - көп мағына» мақал-мәтелмен жұмыс





5-кезең - «Ұшқыр ой» бұл кезеңде логикалық сұрақтарға жауап береді.

Қоржындағы нөмірленген үлестірме қағаздардағы сұрақтарға жауап береді.

  1. Жұмулы көзбен нені көруге болады? (Түс)

  2. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай атауға болады? (Мысық)

  3. 31 ақпанда қандай мейрам бар? ( 31 ақпан жоқ)

  4. Теңізден қандай тастар табылмайды ? (Құрғақ)

  5. Мұрныңа төніп тұр,бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? (Иіс)

  6. Тамақ пісірер алдында қазанға не салады? (көз салады)

  7. Қандай бөшкеге су құюға болайды? (іші толған бөшкеге)

  8. Дүниеде ең шапшаң не? (ой, қиял)

  9. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? (көз қорқақ, қол батыр)

  10. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай? (Шашу оңай, жинау қиын )

  11. Оттан да ыстық не? (Отан оттан да ыстық)

  12. Қар жана ма? (Қалауын тапса,қар жанады)

  13. Ең тәтті не? (Ананың тілі, баланың тілі тәтті)

Қорытынды: Әр бөлім бойынша қатысқан топтардың белсенділігі айтылады.

Әрбір топ бойынша қатысқан оқушылар марапатталады.

Ана тілім жүрегісің анамның,

Жүрек ана мен өзіңнен жаралдым,

Сағат сайын саулығыңды тілеймін

Сенсіз мынау керегі не ғаламның.

Өз тілімізді құрметтеп, тілімізде таза, еркін сөйлеп жүрейік деп бүгінгі сынып тыс жұмысты аяқтаймыз.

























































































































































































































































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10.02.2025
190
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі