400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тіл - парасат" байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тіл- парасат" мектепішілік этнос өкілдері арасындағы байқау сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Уақыты: 24 қаңтар 2019 жыл

Тақырып: Тіл-парасат (этнос өкілдері(жастары) арасындағы қазақ тілі білгірлерінің байқауы)

Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген этнос жастарын анықтау және ынталандыру, тіл мәдениетінің деңгейін және мемлекеттік тілді қолдану беделін арттыру.

Жүргізуші: -Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Адамға екі нәрсе тірек тегі,

Бірі-тіл, бірі ділің жүректегі-деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің мемлекеттік тілі болмақ. Мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген этнос жастарын анықтау және ынталандыру, тіл мәдениетінің деңгейін және мемлекеттік тілді қолдану беделін арттыру мақсатындағы "Тіл-парасат" атты бауқауға қош келдіңіздер! Сіздердің құрметтеріңізге "Күй" қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында" "Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек" деп айтып өткен еді.

Слайд- басты мақсаты, 4 бағыты, кезеңдері айтылып өтіледі.

Жүргізуші:

Тілім менің ғасырлардан аманат

Аманатқа адам болсын қолқанат.

Ар- намысқа келтірмейік жаман ат.

Қазақ болып туылдың ба,

Ендеше,

Өз тіліңді өзгелерге бағалат!- демекші, ҚР-да 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Олардың барлығы бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруі Елбасымыздың көрегенді саясатының арқасы екені даусыз. Сіздер Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанға деген ыстық ықыласының, құрметінің куәсі болыңыздар.

1-орыс: Мен орыспын, сыйлаймын қазақ ұлтын,

Қастерлеймін тарихын, салт-дәстүрін.

Өйткені мен өркендеп осы жерде,

Топырағын қазақтың басып өстім.

2-өзбек: Мен өзбекпін, сүйемін қазақ жерін,

Қазақ жері - ол менің туған жерім.

Сағынамын шет шықсам қазағымның

Тау-тасын, өзен-суын, асқар белін.

3-кәріс: Мен кәріспін, сүйемін қазақ тілін,

Қаймағы бұзылмаған ғажап тілің.

Қазақ тілі лайық деп білемін,

Болуға ортақ тілі халықтардың.

4-оқушы: Көп тіл білсең, көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.

Жүргізуші: - Байқауымызды бастамас бұрын ---------------------------------------------- сөз береміз.

Жүргізуші:- Байқаудың әділқазыларымен таныстырып өтсек:

1.

2.

3.

І . Байқау 3 айналымнан тұрады. Алдымен екінші айналымның жазбаша бөлігі- қазақ тілінде эссе жазуға кезек беріледі. Қатысушыларымыз билеттерде берілген тақырыпта эссе жазады.

ІІ. Бірінші айналым тапсырмасы- ұсынылған тақырып бойынша ауызша тұсаукесер жасауы керек. Уақыты-3 минуттан аспауы тиіс. Тақырыпты нөмір арқылы анықтаймыз.

ІІІ. Үшінші айналым: "Шабыт жұлдызы" шығармашылық тапсырмасында қазақтың халық немесе заманауи әнін, биін, күйін орындау, көркем шығарма үзіндісінің қойылымын көрсету.

1.№

2.№

3.№

4.№


Жүргізуші:- Байқау соңына да келіп қалды жеңімпаздарымызды марапаттау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.


Жүргізуші:-Әуездісің, әсем тілі елімнің

Әуенісің ұлан-байтақ жерімнің

Самғай берсін шартарапқа өр үнің!-деген ізгі тілекпен байқауды аяқтаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 маусым
1165
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі