Сабақтың
тақырыбы: Тіл – рухани
қазына
Мақсаты:
білімділік:
студенттерді колледжде оқытылатын қазақ тілі пәні, оның мақсат,
міндеттері, бағыттары, күтілетін нәтижелерімен таныстыру; тілдің
қай халықтың болса да рухани қазынасы екенін, «тіл жоқ жерде ұлт та
жоқ» нақылының мәнін
түсіндіру;
дамытушылық:
студенттердің жан - жақты білімін тексеру, жетілдіру, сабаққа деген
қызығушылықтарын ояту, таным қабілеттерін
шыңдау;
тәрбиелік:
тілген деген сүйіспеншіліктерін арттыру, туған тілін құрметтеуге,
ластамауға, тіл тазалығын сақтауға дәріптеу; өзара сыйластыққа, тіл
табыса білуге, өзін - өзі дұрыс ұстауға
баулу.
Сабақтың түрі:
кіріспе сабақ
Әдісі: баяндау,
сұрақ - жауап, сұхбат, іздендіру, ой
қозғау
Көрнекілігі:
дидактикалық материалдар, тіл туралы даналық
сөздер
Пәнаралық
байланыс: тарих, әдебиет
Сабақтың
барысы: І. Ұйымдастыру.
1.
Сәлемдесу.
2.
Түгендеу.
3. Назарын
сабаққа аудару.
ІІ. Ой
қозғау.
Туған тілім –
бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім –
анам тілі – өз тілім!
Туған тілім –
далам тілі – өз тілім!
Туған тілім –
адам тілі – өз тілім!
Туған тілде
сыры терең жаным бар,
Туған тілде
әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл
болудан қалса егер,
Жүрегімді
суырып - ақ алыңдар! (Диқан
Әбілов)
1. Өлеңді
мәнерлеп оқып шығыңыздар
2. Өлеңнен
түйген ойларыңызды, әсерлеріңізді ортаға
салыңыздар.
ІІІ. Жаңа
сабақ.
1. Оқытушы
дәрісі (қажеттісін студенттер дәптерлеріне түртіп отырады):
Қазақстан Республикасының “Тілдер туралы” Заңында: “ Тіл – ұлттың
ұлы аса игілігі, оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық
мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан қауымдастығы
ретінде ұлттың өзінің болашағы – тілдің дамуына, оның қоғамдық
қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты”
делінген.
Тілдің
көмегімен өнер - білімді, ғылымды игереміз, өткен - кеткенімізді
саралап, сабақ аламыз. Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз.
Өзіміз танып қана қоймай, сол асыл қазыналарымызды әлемге
танытамыз. Әлемді танимыз, сондықтан адам баласының байлығының бірі
– сөз өнері. ”Өнер алды – қызыл тіл” деген аталы сөздің астында
қаншама сыр бар? Әрбір елдің қатты күші, байлық - бақыты
экономикалық даму деңгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени,
рухани өресімен айқындалады. Ал мәдени өре, рухани талғам деген
халықтың ақыл - ойының көрінісі – тілге тікелей тәуелді. Халықтың
сақталуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай
кескін - келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен
ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз – ана
тіліміз, қазақ тілі.
Қазақ тілі –
дүние жүзіндегі ең бай, оралымды да бейнелі тілдердің бірі. Ол –
өнеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық -
саяси өмірдің барлық саласын қамтып көрсететін лексикалық
байлығымен, қалыптасқан жазу жүйесімен, сараланған стильдік
нормаларымен танылған көркем тіл. Ұлы
Абай:
Өткірдің
жүзі,
Кестенің
бізі,
Өрнегін сендей
сала алмас,- деп таңырқап, тағзым еткен
тіл.
Өмір, тіршілік
адамдардың бір - бірімен қарым - қатынас жасауын қажет етеді.
Олардың түсінісудегі негізгі құралы – тіл. Әр адам дұрыс сөйлей
білуі, сөйлесу мәдениетін меңгеріп, оны өз бойында қалыптастыра
білуі тиіс.
Қарым - қатынас
– адамдардың отбасымен, өскен, араласқан ортасымен, елімен,
жерімен, дәстүрі, мәдениет қазынасымен етене әрі жанды
байланысы.
Қарым -
қатынаста адамдардың жан дүниесі, өмір тіршілігіндегі бейнесі
көрінеді.
Әдеп –
сөйлесудегі, пікірлесудегі мәдениет
тірегі.
Мәдениет –
адамдардың рухани және материалдық, білімдарлық пен сезімталдық
қасиеттер аңғарылатын белгілерінің
жиынтығы.
Мәдениеттің туы
– тіл, ол адамзаттың мұратымен астасып, сол ұлтпен бірге пайда
болып, дамып отырады. Өз тарихын, ұлттық дәстүрін, туған жерін,
тілін қадірлей білген адам ғана мәдениетті
болады.
Сөз мәдениеті –
сөзді орынды қолданып, қиюластырып, үндестіріп айта білу, емле мен
тыныс белгілері ережелерін дұрыс сақтау, тілдің ғасырлар бойы
сақталып келген көркемдігі мен тарихын, әсемдігін сақтай білу.
Қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсірепов: «Тілді қадірлеу дұрыс
сөйлеуден басталады. Жүйесін тауып айтылған сөз жүрекке тиіп,
жүйкені босатады. Адам мәдениетінің алғы шарты – дұрыс сөйлей білу.
Түсіне білгенге сөйлей білу – өнер. Тілін түсінбеген түбін
білмейді», - деген екен.
2. Мақал –
сөздің мәйегі. Топ екіге бөлініп, айтылған мақалды толықтырады,
мағынасын түсіндіреді.
* Жақсы
(байқап) сөйлер, жаман (шайқап)
сөйлер.
* Бір жылы сөз
бітірер (мың көңілдің)
жарасын.
* Сөз (қадірін)
білмеген, өз (қадірін)
білмейді.
* Сәлемі
(жараспағаның), сөзі де
(жараспайды).
* Сөйлей
білмеген кісіден (үре білген ит)
артық.
* Сөйлей білмес
жаманның,
Сөзі өтпес бір
(пышақ).
Сөз білетін
адамның,
Әр сөзіне бір
(тұсақ).
3. Тапқыр
болсаң, тауып көр. Кестедегі сөздерді байланыстыра отырып, тұрақты
тіркестерді тауып мағыналарын
ашады
1 Қар
(отыру)
2
Су
3
Мұз
4
Бу
Мұзға отырғызу
- алдау
1 Қарасты
(сөз)
2
Жарасты
3
Санасты
4
Тарасты
Сөзі жарасты -
уәделесті
1 Мысық
(қаптады)
2
Тауық
3
Ит
4
Күшік
Ит терісін
басына қаптады – қатты
ұрысты
1 Тон
(қашу)
2
Ішік
3
Шидем
4
шапан
Ат тонын ала
қашу - мойындамау
1 Тай
(таңба)
2
Құлын
3
Ат
4
Жылқы
Тайға таңба
басқандай – анық
1 Мұрын
(көтеру)
2
Тіс
3
Тіл
4
Ерін
Мұрнын көкке
көтеру – менменсу,
менсінбеу
1 Санасқан
(аспан)
2
Таласқан
3
Жарасқан
4
Қарасқан
Аспанмен
таласқан – биік
1 Білезік
(тілеп алу)
2
Алқа
3
Сақина
4
Сырға
Сау басына
сақина тілеп алу – өз басына бәле
табу
IV. Сабақты
бекіту
Ұлылардан
ұлағат. Топтар даналық сөздерді дәптерге көшіріп жазып, бірін
таңдап ой толғау жазады.
Ой көрігінен
сомдалып шыққан сөздің шынайысы да, жалғаны да болады. (Әл -
Фараби).
... Әр сөздің
айтылуына қарай мың мағынасы бар. (А. П.
Чехов).
Тіл – ішкі
сырды сыртқа шығаратын құрал. (Ж.
Аймауытов).
Ойың дұрыс
болса, сөзің дұрыс, олай болса, ісіңнің иесі де дұрыс. (Д. И.
Писарев).
Құнды сөз –
құнарлы ойдан туады.
Сөз көмескілігі
– ой, пікір көмескілігінің айнымас белгісі. (Л. Н.
Толстой).
Сөйлеу
мәдениеті өспейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайды. (Б.
М. Теплов).
Тіл қаруы –
сөз, сөз қаруы - ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы
қасиеті. (Ғ. Мұстафин).
Тіріні көрге
салар да – сөз,
Өліні тірілте
алар да – сөз. (Әлішер
Науаи)
V. Үйге
тапсырма беру. Тіл туралы өлең жаттап
келу.
VI.
Бағалау.