жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Тіл - татулық тірегі»
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
|
Тәрбие сағаты |
«Тіл - татулық тірегі» |
|
|
Күні: |
|
|
|
Сынып жетекші: |
|
|
|
Сынып: 7 «Ә» |
Қатысушылар саны: 20 |
Қатыспағандар саны: 0 |
|
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) |
« Тіл - татулық тірегі »
|
|
|
Сабақтың мақсаты: |
Балаларды білімді, жан-жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге,үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.
|
|
|
Қауіпсіздік мақсаты |
бейтаныс адамдармен кездескенде дұрыс мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету. Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде қауіпсіз және қауіпті мінез-құлықты ажырата білуге үйрету. |
|
|
Қауіпсіздік міндеттері |
Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде абай болу неліктен маңызды екенін түсіндіріңіз. Қауіпсіз және қауіпті мінез-құлық мысалдарын көрсетіңіз. Бейтаныс адамның күдікті мінез-құлқы жағдайында әрекет алгоритмін жасаңыз |
|
|
Құндылықтар |
Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік |
|
|
Апта дәйек сөз |
Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім! |
|
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер, көрнекіліктер |
Неше түрлі мағыналы сөздіктер, топерлер |
|
|
Дайындыққа арналған әдебиет |
Интернет материалдары
|
|
|
Сабақтың барысы |
||
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
|
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
|
Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу. Бір- біріне сәттілік тілейді. Оқушыларды 2 топтарға бөлу. Сабақты сайыс түрінде өткізу. І бөлім: Сөз тапқанға, жедел жауап. ІІ бөлім: Білімпаздар ІІІ бөлім: Сен білесің бе? ІV бөлім:Кім жылдам? |
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.Бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.Түстер арқылы топтарға бөлінеді.. |
|
|
Сабақ басы (15 мин)
|
Мұғалім: Тіл-адамзат баласына тән ғажайып құбылыс.Адамзат қоғамының аясында халық,ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады.Әр ел өз тілі арқылы әлемді. дүниені. өмірдің құнды тағылымдарын таниды да, келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл -халық тарихы, тіл-ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. Армысыздар құрметті оқушылар,ұстаздар,қонақтар!Бүгін міне бәріміз тіл мерекесіне жиналып отырмыз.Қазақ тілі қандай тіл екен балалар?Дұрыс Қазақ тілі-мемлекеттік тіл екен.Тіл кез келген ұлттың мақтанышы,ұлттық белгісі.Ұлан байтақ жеріміз,тәуелсіз еліміз,ана тіліміз бар.Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі»деп жазған.Ата заңның талаптарын әрбір адам орындауға міндетті.Ана тілін сүйген азамат елін де,жерін де сүйеді.Әрбір азамат ана тілін құрметтеуге,қадірлеуге,оны көздің қарашығындай қорғауға міндетті.себебі тіл ұлттың белгісі,мемлекеттік айбыны. Көп тіл білсең көкжиегің кең болар, Құрметтейді кісі екен деп төрге озар. Қай ел де жүрсең де бұл дұрысы, Мемлекеттік тілді үйренгенің жөн болар. Тіл мерекесі құтты болсын!Олай болса,бүгінгі тіл мерекесіне арналған «Тіл ұлттың тірегі»атты сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бірінші кезең «Сөз тапқанға».Қазір сендер әріптер аласыңдар.Әр топқа сұрақ қойылады.Сұрақтың жауабы қолдарыңдағы әріптен басталуы керек.Жауап шапшаң болуы тиіс. І топ сұрақтары. Ө,К, Т,Л,А. 1. Бүгін қандай күн? 2.Сен қайда тұрасың? 3.Жазда қайда болдың? 4.Нені жақсы көресің? 5.Сыныбыңда қанша оқушы бар? 6.Қай пән ұнайды? 7.Досың көп пе? 8.Сенің сүйікті ақының? 9.Немен саяхат жасайсың? ІІ топ сұрақтары. Ә,Ғ, С,О,А. 1.Сенің калаң қандай? 2.Кім болғың келеді? 3.Нені ұнатасың? 4.Қандай құсты білесің? 5.Қандай фильм көрдің? 6.Жақсы көретін күнің? 7.Күз мезгілі ұнай ма? 8.Сенің сүйіп оқитын жазушың? 9.Саған қандай тағам ұнайды? |
Оқушылар толық мәлімет алады.
Оқушылар таңдап алған әріптерден қойылған сұрақтарға сол әріптен келетін жауап айтуы керек. |
Компьютер
|
|
Ортасы (20 мин)
Қауіпсіздік сабағы (10мин) |
Екінші кезең «Білімпаздар» сөзі беріледі.Бұл сөзден1минутта бірнеше сөз құрау. Үшінші кезең «Сен білесің бе?»Интербелсенді тақтада сұрақтар берілген.Әр жауап 5 балмен есептеледі. І топқа арналған сұрақтар. 1. Қазақ тілінде неше буын бар? 2. «і» қандай дыбыс? 3.«әдемі» сөзінің синонимін тап. 4.Отбасы сөзінде неше буын бар. 5.Үнді дауыссыздарды ата. ІІ топтың сұрақтары 1."Үш бақытым"өлеңінің авторы кім? 2.«Отан» сөзінің синонимін тап. 3. «Ө»қандай дыбыс? 4.Қатаң дауыссыздарды ата. 5.Керемет сөзінде неше буын бар? Төртінші кезең «Кім жылдам?» Әр топ басшысы берілген сөздерді қимылмен көрсету керек, ал жанкүйерлер бұл сөздерді дұрыс табуы тиіс. Қауіпсіздік сабағы: «Бейтаныс адамдармен қарым қатынас кезіндегі қауіпті сигналдар» Қауіпсіз мінез-құлық ережелері.Ата-анасының немесе басқа ересектердің қарауынсыз бір минутқа қалған әрбір бала бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде қауіптен аулақ болуға көмектесетін ережелерді білуі керек: Болмайды:
Қандай жағдайларда әрқашан «Жоқ!» деу керек:
|
Кім жылдам ойыны арқылы оқушылар сұраққа жауап береді.
Оқушы іс-қимыл арқылы түсіндіруі керек.
Оқушылар қауіпсіздік сабағында бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде сақтық шараларды сақтауды түсінеді.
|
Әріптер
https://youtu.be/4NbBJW7-x-4?si=RsSrH1_tJgcxChy-
|
|
Соңы
|
Білімнің мініп алып тұлпарына, Қиналмай шықты білім шындарына. Бүгінігі сайысымыз аяқталды, Сөз кезегі әділқазы алқасына. Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік.(Жеңімпаздарды марапаттау) Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен сайысымыз аяқталды.Жарыс болған соң, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді.Жарыста жеңілсек те,өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.
|
Оқушылар алған білімдерін жылдамдықпен көрсете білді. |
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген