400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тіл - татулықтың тірегі

Материал туралы қысқаша түсінік
материал қазақ тілді мектептің мұғалімдеріне арналған сыныптан тыс жұмыс жоспары. Бұл шара арқылы оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктерін оятып, тілді құрметтеуге, дәріптеуге баулиды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сайыстың тақырыбы: «Тіл – татулықтың тірегі»

Сайыстың мақсатыБілімділік: Тіл үйренушілердің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігін тексеру, әр түрлі тапсырмалар арқылы тыңдаушылардың алған білімдерін бекіту; ағылшын, орыс тілдері әлемдік тілдер қатарына жататындықтан тіл үйренушілрге олардың маңыздылығын сезіндіру, ана тілінің қадір қасиетіне, болашағына қамқор болып, дамыту үшін өз үлестерін қосуы керек екендігін ұғындыру.

Дамытушылық: Тыңдаушылардың шығармашылық қабілеттерін, шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді ұтымды пайдалана білуге үйрету; тіл үйренушілердің ой-өрісін дамыту. Тілдің көркемділігін, байлығын көрсету. Тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Тілге құрмет жайлы мағлұматтарды тіл үйренуші ұғымына сай түсіндіру. Олардың мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: тіл туралы жазылған қанатты сөздер, музыка, шарлар, көрнекілік, сұрақ – жауап, өз ойын айту, шығармашылық жұмыс, үлестірме дидактиқалық материалдар.

Пәнаралық байланыс: орыс, қазақ тілдері, елтану, шешендік өнер.

Барысы:

а) Ұйымдастыру.

Жүргізуші: Құрметті тіл жанашырлары мен әріптестер! «Тіл- татулықтың тірегі» атты 5 «А» және 5 «Ә» - сыныптары арасындағы сайысымызға қош келдіңіздер!

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, санаулы күндерден кейін 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келеді. Ендеше бүгінгі сайысымыздың ерекшелігі де сонда, бұл сайыс қыздар арасында болмақ.
Сайысқа екі команда қатысады.

5 «А» - сыныбының қыздары - «Білгірлер» тобы

Топ мүшелері: Дина, Жұлдыз, Диана, Ұлжан.

5 «Ә» - сыныбының қыздары - «Тапқырлар» тобы.

Топ мүшелері: Саида, Кәусар, Іңкәр, Нұрханым.

Әр команда өзін таныстырады.

Командалардың ұпайын есептейтін сарапшы – М.Зиятова.

Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

І кезең «Бәйге» - берілген сұрақтарға жауапбереді;

ІІ кезең «Полиглот» - мақал-мәтелдерді жалғастыру;

ІІІ кезең «Командалық ән орындау»;

ІҮ кезең «Жаңылтпашты жаңылмай айтып көр»;

Ү кезең «Жорға» ойыншыларымыз 1 минут ішінде сұраққа жауап беру керек.

Сайысымызды бастаймыз.

Білгірлерді, қарсы алайық!

Көшбасшысы тілдердің – қазақ тілі,

Тағы басқа тілдермен достасайық!

Ортаға сайыскерлерді шақырамыз.

Ойнымыздың бірінші кезеңі – «Бәйге». Мұнда қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша сұрақтар беріледі. Берілген сұрақтарға тез, шапшаң жауап беру керек. Белгі картасын бірінші көтерген топ жауап береді.

І - кезең «Бәйге» –  сұраққа әр топ жауап беру керек

«Білгірлер» командасының сұрақтары

  1. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (қыпшақ)

  2. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)

  3. Лексикалық қарама-қарсылықты сөз қалай аталады? (антоним)

  4. Ұлыбританияның мемлекеттік тілі қай тіл? (ағылшын тілі)

  5. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік)

  6. Қазақ тіліне тән неше дауысты дыбыс бар? ( 9 )

  7. «Әке-шеше» синонимін атаңыз. (ата-ана)


«Тапқырлар» командасының сұрақтары

1.Қазақ тілінде неше жалғау бар? (4)

2.Қазақ тілінде неше септік бар? (7)

3.Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді)

4. «Family» сөзі қалай аудырылады? (отбасы)

5. «Туыс» сөзінің синонимин атаңыз? (ағайын, туған)

6. Тілдер мерекесі қай айда тойланады? (қыркүйек)

7. Жазылуы, айтылуы бірдей, бірақ мағынасы басқа

лексикалық сөз қалай аталады? (омоним)


ІІ – кезең. «Полиглот» Мақал – мәтелдерді жалғастыру

( Мақал- мәтелдердің жалғасын сайыскерлер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтады.)

«Білгірлер» тобына:

1.Адам басшысы-……..(ақыл, ум,intelligence)

2. Нет дыма без ……… (от, огонь,fire)

3. Ана сүті бой өсіреді,…..ой өсіреді. (ана тілі, родной язык,language)

«Тапқырлар» тобына

1. Чистота залог …….. (здоровье, денсаулық,health)

2. Жердің сәні егін, ердің сәні ……. (білім, знание,knowledge )

3. ... – алтын қазына. (кітап, книга, book)


Жүргізуші:

Өнерліге кім жеткен,

Әр салада небір өнер көрсеткен.

Үшінші кезеңді біз бастайық,

Өнерлінің әрқашан да өрісі кең.

ІІІ – кезең «Командалық ән орындау»

«Білгірлер» тобының өлеңі

«Тапқырлар» тобының өлеңі


IV – кезең «Жаңылтпашты жаңылмай айтып көр». Бұл сайыста бүгінгі таңда өте кең таралған тіл мәселесі жайындағы сөзді «Мемлекеттік тілді үйрену әрбір азаматтың қасиетті борышы» тақырыбында қозғай отырып, сайыскерлерімізді жаңылтпаштарды жаңылмай, тыңдаушыларын баурап алу, өзін-өзі ұстай білу өнерін тамашалаймыз.

Сайыскерлер жаңылтпаштар айтады.

«Білгірлер» тобы

1.Екеуінің жасы шамалас , 3.Арқада алты арқар бар,

Бірінің шашы қара шаш , Алты арқар ішінде

Бірінің шашы – ақ шаш аралас. Марқа арқар бар.


2.Атам : «Балама ат аламын », - дейді. 4. Байқап бақсақ,

Апам :«Балама ала мата аламын», дейді . Қасқа баспақ -

Атасы ат ала ма ? Қашқақ баспақ.

Апасы ала мата ала ма?


«Тапқырлар» тобы

5.Арқада алты арқар бар , 6. Тау бар, тау бар,

Қырқада қырық арқар бар . Тауда бау бар,

Қырық арқарда қарт арқар бар , Бауда ара бар,

Алты арқарда марқа арқар бар . Ара барда, бал бар.

7.Торта қойдым, 8.Топ-топырлап,

Орта қойдым. Топтасқан тоқылдақ,

Орта қойдым, Тоқтамай томарды

Жорта қойдым. Тоқпақтап тоқылдат.


Жүргізуші: 

Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

V –кезең «Жорға» Ойыншыларымыз 1 минут ішінде сұраққа жауап беру керек.

(14 сұрақ)


«Білгірлер» тобының сұрақтары:

1. «Абай жолы» роман- эпопеясының авторы кім? (М.Әуезов)

2. Қыс айларын ата. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

3. 16 - желтоқсан қай күн? Тәуелсіздік күні

4. Біздің Президентіміз кім? Н. Ә. Назарбаев

5. Бізге білім беретін кім? Мұғалім.

6. Шоқан Уалихановтың шын аты кім? (Мұхамедқанафия)

7. Қазақ халқының алғашқы ағартушы педагогы кім? (Ы.Алтынсарин)


«Тапқырлар» тобының сұрақтары

1. Қазақ әліппесінде қанша әріп бар? (42 әріп бар)

2. Абай Құнанбайұлының шын аты (Ибраһим)

3. 1 - қыркүйек қандай күн? Білім күні

4. Жаз айларын ата? (маусым, шілде. тамыз.)

5. Білім ордасы (мектеп)

6. Күй атасы кім? (Құрманғазы)

7. Зат есімнің көпше түрі қалай жасалады? ( -лар ,-лер,- дар ,-дер,-тар ,-тер жалғауын жалғайды.


VІІІ Сайысты қорытындылау.

Бүгінгі «Тіл – татулықтың тірегі» атты сайысымыз осымен аяқталды. Енді келесі сөз сарапшыға беріледі.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
715
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі