400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тіл - тірегім

Материал туралы қысқаша түсінік
ұлттық құндылықтарымыздың бірі болып табылатын мемлекеттік тіл туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жастар – қоғамның қозғаушы күші

Жастар дегеніміз кім? Жастар – жүрегінде жалынды оты бар, ата-анасына, халқына өз еңбегі арқылы қалайша қызмет ете аламын деген сұраққа нақты жауап бере алатын, болашаққа сеніммен қадам қойған, өзіне сенімді, арманшыл жас буын деп ойлаймын. Мен де өзімді сол жастардың қатарында көремін. Өйткені келешекте қандай кәсіп маманы болатынымды анық білемін. Елімнің нағыз патриоты ретінде бүгінгі күннің өзінде өз үстімде көп жұмыс жасадым деп көкірек керіп айта аламын. Н.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында бейбіт, көпұлтты мемлекетте тегін әрі сапалы білім алудамын. Соның арқасында, қазақ тілімен байланысты қаншама сайыстарда жүлделі орын иегері атанып, өзімнің кішкентай отаным - мектебімнің абыройын асқақтатып келемін.

«Жастардың бүгінгі міндеті — оқу, білім, тәрбие жұмыстары. Жастар бүгін сөзден іске көшетін заман. Білімсіз істің реті болмайды», - деп Ғани Мұратбаев атамыз айтқанындай, білімді де білікті жастары бар елдің болашағы да зор. Бұл жайлы, тіпті, ұлт жанашыры Мұхтар Шахановтың «12-3=?» атты поэмасында тұтқынға түсіп, өлім ауызында тұрған патшаның өмірін көрегендікпен айтылған жауабының арқасында сақтап қалған жас жігіттің ақылдылығы жайлы жақсы мысал келтірілген. Мұндай мысалдар ақын-жазушыларымыздың шығармашылығында көптеп кездеседі. Дана халқымыз: «Елдің бүгіні де, болашағы да - жастардың қолында» деген сөздерді жиі айтатыны да сондықтан болар деп ойлаймын.

Тұңғыш президентіміздің 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялағандығы да ұлт көсемінің көрегендікпен қабылданған шешімдерінің бірі болатын. Жастар үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашылды. Түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, сайыстар өткізілуде. Жастардың тегін, әрі сапалы білім алуы үшін, өздерін түрлі салада көрсетуі үшін көптеген жағдайлар жасалуда. Біз де, жас буын, осындай игі істерден шет қалмай, мүмкіндігінше белсенді араласып, өзіміздің күш-жігерімізді ортаға салуымыз керек деп ойлаймын.

Сөз соңында айтатыным, ұлт қамы үшін күрескен, жас буын үшін талай шығарманың авторына айналған жазушы Ғабит Мүсіреповтің: «Алдарыңда таудай талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шығарады. Оған жету үшін талмай ізденіңдер!»,- деген сөзін ұран етіп, жастарға, сыныптастарым мен достарыма келешек Қазақстан үшін, өзіміздің болашағымыз үшін тынбай еңбек етейік, ерінбейік, ізденейік дегім келеді.





«Қазақстанға 30 жыл» атындағы №3 көп салалы мектеп-гимназиясының 10-«А» сынып оқушысы АБДУЛЛАЕВА МУХАББАТ

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
577
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі