"Тіл - ұлт жүрегі" атты ашық тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тіл - ұлт жүрегі" атты ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Тіл – ұлт жүрегі»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.

Сабақтың түрі: Ашық тәрбие сағаты

Сабақтың әдісі: Топтар арасындағы сайыс

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, тақырып бойынша плакаттар.


Кіріспе сөз:

Мұғалім: Жастарға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.
Оқушылардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейту, , сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу Тіл – әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Ендеше ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ ұрпақ сіздердің еншілеріңізде. Тәрбие сағатымыз оқушылардың ана тіліне деген құрметін, қазақ тілін меңгеруін байқап, тіліне деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында топтартың жарысы түрінде өтеді. Жарыс төрт сайыстан тұрады:

1. Әр топ өздері таңдаған ұлттың тілінде амандасу дәстүрін жүргізеді.

2. Сол ұлттың биін билеп, әнін айтып, өлеңін оқиды.

3. Таңдаған ұлттың ұлттық тағамы әкелінеді! Дайындалу жолдарын айту

4. Киімдеріне баға беріледі.

(Жарысқа төрелік ететін әділ қазыны сайлап алу).


1 – студент:

Ана тілім, дана тілім бақытым

Қазақ тілін білу менің парызым.

Тілім менің ұмытылмас тірлігім,

Кім біледі тіліміздің тағдырын.

2 – студент:

Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде.

Сен болмасаң болар ертең күнім не?

Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.

Қазақ болып қалу үшін түбінде.

3 – студент:

Қазақ тілім бас иемін мен саған

Тілге деген болу керек кең талғам.

Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,

Қазақ тілі біздер үшін жаралған.


  • Ал қазір сахнаға алғашқы болып қазақ ұлтының бітім болмысын баяндайтын қазақ елін шақырамыз.

  • Екінші болып Орыс ұлтының өкілдері келіп қалған екен сөз берейік.

  • Келесі кезекті тағатсыздана түрік жұртшылығы күтіп тұр екен ортаға шақырайық!

  • Ал енді Қырғыз - қазақ бір туған демекші айыр қалпақ ағайынды көп күттірмейік!

  • Исі Кавказ кереметтей биімен әлемге әйгілі болған грузин жұртшылығын қарсы алайық!

  • Талуды да шаршауды да білмейтін еңбекқор халық кім дейсіздер? Әрине өзбек! Ендеше қарсы алайық!

  • Талай экранды киносымен жаулаған үнді халқын кім де болса күтіп отырған болар.... Үнді елі қол шапалақ!

Келесі кезекте мақал-мәтелдер кім жылдам:

1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).

2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).

3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).

4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).

5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).

6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).

7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ).

8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар).

9. Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ).

10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең).

11. Бал тамған тілден ... (у тамған).

12. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар).

13. Жақсы сөз ... (жарым ырыс).

14. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).

15. Тіл қылыштан ... (өткір).

6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).

7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді).

8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың).

9. Тілден артық ... (қазына жоқ).

10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес).


Мұғалім сөзі:

Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің
Тұнығым, Рухани жан азығым
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім
Ана тілім, туған тілім бал тілім
Сен арқылы дүние танып талпындым
Сен арқылы әлемге аян бар ісім
Сен өмірде таусылмайтын алтыным

Ш. Айтматов


  • Тіл-сөз көлеңкесі.

  • Тіл-тірегің,күш-қуатың.

  • Тіл ең нәзік зат,оны нығайту өзіңде.

  • Тілің сенің айнаң.

  • Тілі жоқта-жер болмас.

  • Өз тіліңнен айырылсаң-жердің де керегі жоқ.

  • Тіліңнің тазалығы-өзіңнен.

  • Тілі зордың-елі зор.

  • Өз тіліңде сөйлей берсең-түзелер тіл кемдігің.

  • Тіліңді сүйгенің-өзінді сүйгенің.

  • Ана тіліне бала күні жарымаса,өскенде қанағаттанбас.


Мінеки барша еліміздегі ұлттардың көрсеткен ілтипаттарына куә болдыңыздар! Ендеше сөз кезегі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Болатхан Гүлсім ханымға беріледі.

Маратпаттау рәсімі

Бүгінгі тілдер мерекесі аясында өзкізілген колледжішілік апталық осымен тәмам назар салып тыңдағандарыңызға мын алғыс!










Іс – шара барысынан фото көрсетілім

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2019
1437
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі