Тіл - ұлттар достығы.

Тақырып бойынша 16 материал табылды

Тіл - ұлттар достығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қ азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының

Түлкібас ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

Ә.Науаи атындағы жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Тәрбие сағат

Тіл – ұлттар достығы











Сынып жетекшісі: Миркадирова Г













Тақырыбы: Тіл – ұлттар достығы

Мақсаты: Мемлекеттік тілді насихаттай отырып, ұлт тәрбиеленушілерін мемлекеттік тілде жан - жақты тәрбие беру. Балалардың тілге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, шешендік өнерін, дамыту. Тіл мәдениетінде, достық қарым - қатынасқа ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа өз ұлтын сүюге, өзге ұлт мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, тіл жайында, айтқан зиялылар сөздері.

Барысы: Қыран құсым көк аспанда самғасын, Желбіреген көк байрағым сан ғасыр, Жас ұландар берік ұста туыңды, Жарқыратып туған елдің жанбаласын.

Біздің отанымыз байтақ та бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ұланғайыр ата-мекеніміз қандай кең болса, пейіліміз де керемет бай. Біздің тіліміз - кешегі өткен дана Абайдың, жыр семсер Махамбеттің шындықтың дәл өзіндей Бауыржанның ұлы Мұхтардың тілі. Қазір қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алады. Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің де тілі болып отыр.Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Елімізде қыркүйек айының үшінші жексенбісі – Қазақстан Республикасы халықтарының тілі күні. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс.

Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні. Тәуелсіз еліміз – көпұлтты мемлекет екендігі баршамызға аян. Елбасының көреген саясатының арқасында еліміздегі барша ұлт өкілдерінің ана тілдеріне ешқандай нұсқан келтірілмей, мемлекет қолдауымен өркендеп дамуда. Сонымен қатар, тілдерді құқықтық тұрғыдан қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңымен және өзге де заң актілерімен қамтамасыз етілген.

Қазақ тілі –ұлт тілі

Дүние жүзінде халықта тіл де көп.

Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол еліміздің Конституциясымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие.

Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері қазақ тілі өмір сүріп келеді. Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Тіл – халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – қаны қазақ баласының бірден-бір міндеті болып табылады.

Әлеуметтік –тұрмыстық қарым –қатынас тілі және әдеби тіл

Қазақ тілімізде әдеби шығармалар, ғылыми-бұқаралық, техникалық, құқықтық, педагогикалық, саяси, өнертанушылық әдебиеттер жарияланады. Тіліміз еліміздегі азаматтардың өзара қарым-қатынас тілі болумен ғана шектеліп қалмайды, оның мұрағаттық, ақпараттық қасиеттері де мол. Қазақ тілі – бай да құнарлы тілдердің қатарына жатады. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және түрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа өзіміздің осы қазақ тіліміз арқылы жетіп отыр.

1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған “Тіл туралы” Заңда “Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі”делінген. Ал бірінші баптың бірінші тармақшасында “Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады” деп жазылған.

Тіл туралы мақал –мәтел, қанатты сөздерді айтайық

Өнер алды – қызыл тіл

Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.

Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.

Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз.

Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.

Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?

Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

«Тіл –құдірет».

«Тіл - тәуелсіздік тұғыры».

Өз тілін сезбеген бала — ана сүтін татпаған жетіммен тең.

Әр халықтың өзінің ана тілі бар.

Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.

Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.

Тіл – еліміздің іргетасы

Ұлттың қуаты тілінде

Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша.

Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем».

«Тіл – асыл ойдың бұлағы».

Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.

«Тәрбие басы - тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз XI ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі Ахмет Иүгінекидің есіміне қатысты.

Олай болса, «халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін - білімі»,- деп жазушы М.Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы - тілімізді жоғалтпайық. Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды ұмыту деген екен Бауыржан Момышұлы, сондықтан да ананың ақ сүтімен бойымызға тараған ана тілімізді ақсатпай, мәртебесін көтере білейік!

Қорытынды сөз

Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр. Қазақстанда қазақ тілі –мемлекеттік тіл. Солай бола тұрса да бізде қазір көптеген қазақтар үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын әлсіретеді, тіпті жоғарғы жақтағы басшылардың өздері орыс тілінде сөйлейді, қазақша сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. Басты кемшілігіміз – осы. Қазір көптеген жастар ана тілін дұрыс білмейді. Ауылдық жерде жақсы, қалалық жерлерде тіл құнарлылығы сұйыла түскен.

Мақсаты: Мемлекеттік тілді насихаттай отырып, өзге ұлт тәрбиеленушілерін мемлекеттік тілде жан - жақты тәрбие беру. Балалардың тілге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, шешендік өнерін, дамыту. Тіл мәдениетінде, достық қарым - қатынасқа ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа өз ұлтын сүюге, өзге ұлт мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: слайд, тіл жайында, айтқан зиялылар сөздері.

Сабақтың әдісі: Оқушылардың ойы, пікірталас

Қатысқаны: 22 оқушы. Оқушыларға үйге тапсырма берілді. Көп тілді мерекеге байланысты мақал-мәтелдер



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.12.2023
291
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі