Материалдар / «Тіл – халық мұрасы»

«Тіл – халық мұрасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттің өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету;
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ҚАЗАЛЫ АГРАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Топ кураторы: А.Ильясова

Топ шебері: Т. Смағұлов

ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ


Күні: 04.09.2024 жыл

Курс: І курс

Тобы: №24-1

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Тіл – халық мұрасы»

Тәрбие сағатының мақсаттары:

  • Студенттің  өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету;

  • Сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге баулу;

  • Ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Журналдар, суреттер, нақыл сөздер.интерактивті тақта, слайдтар.

Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру.

  - Студенттердің назарын аудару.

ІІ.Кіріспе сөз:


- Құрметті Студенттер! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тіл – халық мұрасы». Тәрбие сағатының мақсаты: Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру.

     Анықтама беру: Мемлекетіміз ҚР деп аталады. ҚР-дың жер көлемі үлкен. Өз әнұраны, елтаңбасы, туы, Ата заңы бар тәуелсіз елімізді Елбасы Н.Ә.Назарбаев басқарады. Мемлекетімізде бірнеше ұлт өкілдері тұрады. ҚР тәуелсіз республика болып 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланды. 1989 жылы 22 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған ҚР-ң Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Яғни қазақ тілі- мемлекеттік тіл болып жарияланды. 22 қыркүйек- Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды.   

 ІІІ. Көрініс: «Ең қымбат қазына»

       Қатысушылар: қария, баласы, дана қарт.

  Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына:

       «Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет» депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып-ашып жүріп, ауылдағы абыз-ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып:

     «Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы- қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ-па, сірә!» - деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.

     1-студент: Cен осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесің бе, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар?

     2 -студент:Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине тіл. Тіл- ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім?

     1-студент: Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болумен қатар ойдың да көрінісі. «Тілі байдың – ойы бай» деп текке айтылмаса керек.

                        Оқушы тақпақтары:

       1-студент: Туған тілім-бабам тілі- өз тілім,

                        Туған тілім-анам тілі - өз тілім.

                        Туған тілім- далам тілі- өз тілім,

                        Туған тілім- адам тілі- өз тілім.

       2-студент: Туған тілде сыры терең жаным бар,

                        Туған тілде әнім менен сәнім бар.

                        Туған тілім тіл болудан қалса егер,

                        Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

       3-студент: Сүйемін туған тілді анам тілін,

                        Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

                        Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

                        Құлағыма сіңірген таныс үнің.

 4-студент: Туған тілім- тілі ата бабамның,

                        Өзіңдейсің ақ сүт берген анамның.

                        Қайда жүрсең меніменен біргесің,

                        Түсінікті сендей жақын маған кім.

                        Сенсің тілім бойдағы күш қуатым,

                        Сақтаушыңмын қорғауға бел буатын.

       5-студент: Қазағым-ау, бір-бір үлкен жүрексің,

                        Қадамыңа бір құдайым гүл ексін.

                        Тәуелсіз ел- ана тілін ардақтап,

                        Тәуелсіз ел- ана тілін ту етсін.

       6-студент: Хандардың қайталама қатерлерін,

                        «Ұлт бол» деген нығайтып қатарларын.

                        Мағжан мен Мұхтар, Жүсіпбектің,

                        Ұмытпа ешқашанда баталарын.

  Мұғалім: Жастайыңнан қиялыңды-қиялға өрлеткен ғажайып ертегілер, шыншыл да сыршыл аңыз-әңгімелер,ерлікті, елдікті дәріптеген батырлар жырлары, береке бірлікті мақсат еткен өткір де өміршең шешендік сөздер, халық даналығы – мақал-мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол ана тілінде жетіп отырады.

    Абай даналығына, Махамбеттің батылдығына, Бұқардың ақылгөйлігі мен халқына деген жанашырлығына, Абылайдың данышпандығына, Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өміріңе азық етесің.

ІV. «Ойлан, тап!»

     Берілген сөздерден мақал құрастыру.

( ата, гүл, бала, жақсы,  еңбек, өзен, Отан, ат, ер, батыр, тас, ел,  ана).

V. Қорытынды:

      Мұғалім: Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат беретін де, ой-сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де, болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?!

Жариялаған:
Ильясова Аяжан
19 Маусым 2025
37
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі