400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тіл- халық қазынасы" тақырыбында

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып оқушыларына арналған эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тіл- халық қазынасы

«Тіл- ұлттың жаны.Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт»,- деп Халел Досмұхамедұлы атамыз айтқандай, тіл- халық қазынасы, ұлттың жаны. Ана тілінің қадір- қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухани қазынасы деп сақтап келеді. Ұлттың бітім- болмысы,болашағы- ана тілінде.Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Әр ұлттың тілі- оның бақыты мен тірегі.

Тіл- тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік- егіз ұғым. Тілсіз –тәуелсіздік, егемендіксіз- тіл болмақ емес.Тіл де тәуелсіздіктің қуатты тірегі. Қазақ тілінің мәртебесін нығайту үшін барлық қазақстандықтар қазақ тіліне деген құрметін арттыру қажет. Тіл- қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен дарып, қалыптасады. Қазақ тілі- түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі бай тіл. Тіл- таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін біліп, құрметтеу арқылы басқа тілді де, оның мәдениетін де қадірлейміз. Өткенді, бүгінгіні, болашақ қазынаны тілмен жеткіземіз. Тіл арқылы салт- дәстүрімізді, дінімізді, ділімізді, қолөнерімізді де сақтап, келесі ұрпаққа бере аламыз.Әрбір адам өз ана тілін білуге және мемлекеттік тілді меңгеруге міндетті.

Тәуелсіз Қазақстанның болашағы- біз, яғни жас ұрпақ. Жас ұрпақты парасатты, білімді етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Демек, біздің міндетіміз- қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен іс- шаралар ұйымдастырылуда. Нәтижелері де жетерлік. Тіл арқылы ақын- жазушыларымыздың өлең- жырларын толық танып, өмірлік ұстаным етіп келеміз. Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тілге деген мақтаныш сезімі болуы керек. Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің бағасын арттыра түсуіміз керек. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы. Ендігі біздің міндетіміз- тілімізді сақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу, ардақтап құрметтеу. Мен еліміздің бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуі үшін өз үлесімді қосамын, аянбай еңбек етемін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.12.2020
1085
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі