400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Тіл- халықтың жаны»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Тіл- халықтың жаны»

Сынып сағатының

- Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту.

- Жас ұрпақты ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы   қалыптасқан ана тілінің өресін әлемнің бай тілдер сатысына  көтеру арқылы білімдерін шыңдау және тіліне, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру.

мақсаты:

Сынып сағатының міндеті

- ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- ана тіліне деген құштарлықты арттыру;
- ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;

Бағалау критерийлері:

Туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға ұрпақ өкілдерінің еңбектерін оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйені айта алатын, еркін сөйлейтін тұлға қалыптастыру

Сынып сағатының түрі:

-эссе

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

Тіл туралы жазылған нақыл сөздер, кітап көрмесі, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би суреттері.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Мұғалім:     Бүгін біздің осылай  мерекелі  кешке жиналып отырғанымыз-Алланың бізге берген ұлы бақытының арқасы. Ол бақыт-бейбітшілік, ол бақыт-тәуелсіздік. Тәуелсіздігімізді, еркіндігімізді баянды етер басты қаруымыз-туған тіл. Ананың бал сүті мен бойға сіңіріп, асыл әлдиімен жанға дарыған тілімізді қадірлейік, мәртебесін асырайық,- деп өткізгелі отырған «Тілім менің-тірлігімнің айғағы”  атты эссе жазу күні.

Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен, мұғаліммен сәлемдеседі. Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырады және мына өлеңді бірге айтуды ұсынады:
Ана тілім - ұраным,
Ана тілім - құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр - әнім.
Ана тілім - елдігім,
Ана тілім - ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім...

    1989ж. Алғаш рет Тіл туралы заң қабылданғаннан кейін халқымыздың арасында және өзге ұлт өкілдері арасында ана тілімізге деген құрмет артты. Иә, қазақ тілі-мемлекеттік тіл. Оны мойындап, мәртебесін көтеру-бізге міндет, ұрпаққа парыз!

 

Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.Олар өз тілдерінде сөйлеп, өз мәдениеттері мен салт-дәстүрлерін сақтай білген. 


1. Тіл тас жарады, тас жармаса... (бас жарады)
2. Жақсы сөз -... (жарым ырыс)
3. Тіл қылыштан... (өткір)
4. Басқа пәле... (тілден)
5. Бас кеспек болса да,... (тіл кеспек жоқ)
6. Жақсы байқап сөйлер, жаман.. (шайқап сөйлер)
7. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты... (сөз бұзар)



Алғашқы сөз (кезең)













Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі




















Соңы (бекіту)

ЭССЕ
Тілім менің
Тілім менің - таусылмайтын байлығым. Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім. Шыр етіп дүниеге келгеннен бері ана тіліммен өсіп келемін. Ана тілі арқылы алғашқы әліппені таныдым. Содан бері міне, өз ана тіліммен сусындап келемін. Өз тарихымды танып білдім. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің болмысымыз, салт - дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Сондықтан да туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Өйткені, тіл - ата - бабамыздан бізге қалған аманаты. Ата - баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. Тіл арқылы ақындарымыз бен жазушыларымыздың. даналардың сөздерін, өлең - жырларын оқып білеміз, олардан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Елінің болашағын ойлаған,. құрметпен қараған әрбір азамат ана тілін сақтап қалуы үшін қолынан келген көмегін аямауы тиіс.


Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығының арта беруіне әрдайым өз үлесімді қосамын. Тәуелсіз Қазақстанның көгінде көк байрағымыз желбіреді, әр қазақтың жүрегінде Әнұранымыз айтылды, өзіміздің қазақ тілімізбен қайтадан қауыштық. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы қабылданды. Бұның бәрі Елбасының көреген саясатының арқасында деп білемін. Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу, ардақтап құрметтеу.

Кері байланыс.

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
37 ұстаз жүктеп алған
13 желтоқсан
449
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі