«Тіл-шешен»
(Сыныптан тыс
жұмыс)
Сабақтың тақырыбы:
«Тіл-шешен»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінен білімділіктері мен білімдері арқылы ой-өрісін
дамыту, ұшқырлық, шапшаңдық пен ойлау қабілеттерін шыңдау,сөздік
қорын , коммуникативтік дағдыларын
дамыту.
Сабақтың түрі: Сайыс
сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Слайд
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Біздің Отанымыз-Қазақстан
Республикасы.Отанымыздың өз Елтаңбасы,Әнұраны,Туы,төл теңгесі
бар.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы
–Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі
бар.Ол,әрине,қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының
парызы-мемлекеттік тілді білу,оны құрметтеу.Еліміздің патриоты
болу.
Бүгінгі біздің шарамыздың
мақсаты-осы мемлекеттік тіл-қазақ тілінің жүйріктерін
анықтау.Сабағымыз сайыс түрінде өтеді.Сайысқа 5-7 сынып оқушылары
қатысады.
Сайыстың түрлері:
І. «Сен білесің бе?» (Сұрақ-жауап , әр топқа 10 сұрақтан)
ІІ. «Сөздік эстафета» ( сөздердің синонимдік,антонимдік қатарын
табу )
III. «Суреттер галереясы»(
берілген суреттерден шағын әңгіме құрау)
ІV. «Тіл-шешен» (берілген тақырып бойынша диалог құру
)
V . «Білгенге маржан»
(әр-түрлі тапсырмалар)
Бүгінгі қатысушыларды ортаға
шақырайық.Өздеріңді таныстырып
өтіңдер.
Жүйріктер бәйгесінде
шаттанайық!
Білімді өрендерге тамсанайық!
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
(Әділқазылар алқасының
мүшелерімен таныстырып өтейін).
Келесі
кезекте
I. «Сен білесің
бе?» (Сұрақ-жауап)
I
топ
1 . Бердібек Соқпақбаев
кім?Ол нешінші жылы қай жерде
туды?
( Алматы облысы,Нарынқол
ауданы ( қазіргі Райымбек ауданы) Қостөбе ауылы, 1924 ж 13
қазанда)
2. Сақтар қандай? (
ержүрек,батыр,әділ,жауынгер)
3. «Менің атым Қожа »
шығармасының авторы кім?
( Бердібек
Соқпақпаев)
4 Көшпелі скиф-сақ
тайпаларын кім мадақтап жазды?
( тарихшы
Геродот)
5 Ілік септігінің
сұрақтары? ( кімнің ? ненің?)
6. Қожа қандай бала? (
сотқар,тентек, әділ,қызба ,
адал)
7 «Сағаттың шықылдағы емес
ермек» өлеңінің авторы кім?
(
А.Құнанбаев)
8 Ғаламдық экология
мәселелері?
( азон қабатының жұқаруы,
ауаның ластануы, көлдердің
тартылуы)
9 Даниэль Дефоның романы
қалай аталады? ( Рабинзон
Крузо)
10 Рабинзон Крузо аралда
неше жыл бойы жалғыз болады? ( 28
жыл)
II
топ
1. «Қазақстанның Қызыл
кітабы» алғаш рет нешінші жылы
шықты?
( 1978 жылы). Кітапқа енген
қандай аң-құстарды білесің?
( барыс, аққу, бүркіт,
бірқазан , тырна , қызыл қасқыр,
дуадақ)
2.Сақтарды жабайы халық
деген кімдер ? ( қытайлар)
3. Біздің елімізде
қызғалдақтың неше түрі кездеседі? ( 32
түрі)
4 Шешуші сайыста Барыс
кіммен күреске шығады? ( аю)
5. Сақ патшасы кім? (
Томирис)
6 Астана күні қашан? (
6-шілде)
7. «Күн ұлымын» өлеңінің
авторы кім? ( Әкім Ысқақ)
8. Нақ осы шаққа мысал
келтір. ( Мен ойнап жүрмін)
9. Қазақтың қандай
фильмдерін білесің?( «Қыз Жібек» , «Алдар көсе», «Менің атым Қожа
», «Анаға апарар жол»
10. Өздік есімдіктеріне
мысал келтір.( өзім,өзі, өзіңіз,өзіміз,
өздеріңіз)
II. «Сөздік эстафета»(
берілген сөздердің синонимдік,антонимдік қатарын тауып,сөйлем
құрау)
ІII. «Суреттер галереясы» (берілген суреттерден шағын әңгіме
құрау)
ІV. «Тіл-шешен» (берілген
тақырып бойынша диалог құру )
I «Мемлекеттік
рәміздер»
II . «ЭКСПО-2017 »көрмесі
.
V . «Білгенге маржан»
(әр-түрлі тапсырмалар)
I топ
II топ
Қазылар орнықтырар
әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл
шықты?
Білім мен тапқырлықтың
жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз
мықты!- деп бүгінгі білім сайысын қорытындылау үшін қазылар
алқасына сөз берейік.
Білімді боп бүгін
біз,
Биіктерге
самғайық.
Өнерлі боп
әрқашан
Жеңістерден қалмайық- құрметті
қатысушылар және көрермендер сіздерге көптен-көп рахмет.Қатысушылар
биіктерден көріне беріңіздер!Сау-саламат
болыңыздар!