|
Сабақтың басы
5 мин
Сабақтың
ортасы
30
мин
Сабақтың
соңы
5 мин
|
Саламатсыңдар ма,
балалар! Бүгін бізде ерекше күн. Біздің
«Тілім бар да қазағым бар, халқым
бар» атты тәрбие сағатымыз
«Тіл» бағдарламасы негізінде сайыс түрінде
өтеді.
Мақсатымыз: Тіл туралы
білімізді кеңейту, мақал – мәтелдер арқылы танымдылық қабілетімізді
шыңдау, сөздік қорымызды молайту.
Мұғалімнің кіріспе
сөзі: Соңғы жылдары ана
тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, халықтық педагогиканың
асыл қазынасын пайдалануға, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, салт –
дәстүрімізді жетілдіруге мүмкіндік туғызғаны еліміз үшін зор
қуаныш. Қазіргі заман талабы халықтық дәстүрді кеңінен пайдалана
білуді көздеп отыр. Ол үшін халқымыздың ата – бабадан келе жатқан
ұлттық асыл мұраларын, тұрмыс салтын, үлгі - өнегесін жүзеге
асыруымыз қажет. Елімізді басқа ел танып жатқанда, тәуелсіз ел
тірегі – білімді ұрпақты тәрбиелеу басты міндеттердің бірі.
Тәрбиенің негізгі құралы – тіл, ол ұлттың тарихи көрінісінің
белгісі болып табылады. Ана
тілін білмеуің, ананың арын
төккендей, Тілді бұзып сөйлеуің,
өзіңді өзің сөккендей. Тілде олқылық бой алса, тым алысқа
бармассың, Ана тілің жойылса халық
болып қалмассың.
Сондықтан да, біздер,
бүгінгі жастар, ана тілін біліп, құрметтеп, қастерлеуді өзімізге
басты міндет етіп қоюымыз керек. Болашақта егеменді ел болып, халық
болып қалу – қалмауымыз бізге, мына өсіп келе жатқан жас ұрпақ
сіздерге тікелей байланысты. Осы айтылған тоқсан ауыз сөзімнің
тобықтай түйіні ретінде ақын Мұқағали
Мақатаевтың: Ең бірінші бақытым –
халқым менің, Соған берем ойымның алтын
кенін. Ол бар болса, мен бармын
қор болмаймын, Қымбатырақ алтыннан нарқым
менің.
Ал, екінші бақытым –
тілім менің, Тас жүректі тіліммен
тілімдедім. Кей кейде дүниеден
түңілсем де Қасиетті тілімнен
түңілмедім.
Бақытым бар үшінші - Отан
деген, Құдай деген кім десе,
Отан дер ем. Оты сөнген жалғанда жан
барсың ба, Ойланбай – ақ кел дағы,
от ал менен, - деген өлең жолдарын ұсына отырып, сайысымыздың
негізгі бөліміне көшелік.
А) Сайыскерлерді
таныстыру, топқа бөлу. Б)
Сайыстың шарты:
- «Тіл» сөз
сайысы. - «Әдепті бала ата –
анасын мақтатар» тақырыбымен әдептілік туралы мақал – мәтел
сайысы. - «Сөзден сөз құра»
топтық жұмыс. - Тіл туралы ойлар. Ақын
– жазушылардың тіл туралы жазған шығармаларынан
үзінді. 1. Тілім менің ерлігім де
елдігім, Кемеңгерім, шешендігім,
кеңдігім. Тілім менің –
мөлдірлігім, пәктігім, Ойлылығым, тереңдігім, теңдігім - деп
сайысымыздың алғашқы кезеңі «Тіл» сөз сайысына кезек
береміз.
А, Ә, Б, М, Қ, Т, С,
Ш. 1.
Сеніңатыңкім?
2.
Сеніңфамилияңкім?
3.
Сеніңдосыңныңаты?
4. Сенің
ұнататын кәсібің?
5. Сенің
ұнататын сөзің?
6. Сенің
сүйікті тағамың?
7. Сенің
ұнататын кітабың?
Жақсы,
балалар. Сіздерөздеріңіздіңтапқырлықтарыңыздыкөрсете
білдіңіздер.
2. «Мақал – сөздіңмәйегі» деген. Ендеше,
келесікезекті «Әдепті бала ата – анасынмақтатар»
тақырыбыменәдептіліктуралымақал –
мәтелсайысынаберейік.
Құрғақ сөздің ғұмыры
қысқа. Сол себепті өмірде мақал – мәтелдерді
жиі пайдаланған
жөн. 3. Дәулет деген
ұғыңдар, Кеше болса, бүгін
жоқ. Тілің болса – күнің
бар, Тіл болмаса – түгің жоқ!
- дегендей, оқушылардың тілін дамыту мақсатында «Сөзден сөз құра»
топтық жұмысына кезек береміз.
4. Ана тілін жырлап өткен
талайлар, Жырлап өткен Ыбырай мен
Абайлар. Қасиетті менің ана
тілімде, Өшпес мәңгі алаулаған
арай бар - дей отырып Тіл туралы ойлар. Ақын – жазушылардың тіл
туралы жазған шығармаларынан үзінді
оқу.
ІІІ. Қорытынды
бөлім.
Мадақтау. Мұғалімнің қорытынды
сөзі: Әуездісің, әсем тілі
елімнің, Әуенісің ұлан байтақ
жерімнің. Самғай берсін шартарапқа
өр үнің! - деген ізгі тілекпен бүгінгі
«Тілім бар да қазағым бар, халқым
бар» атты тәрбие сағатымызды
аяқтаймыз.
|
Амандасу, жаңа тақырыпқа зейін
қою
Зейін қойып тыңдау
\
Оқушылар топқа бөлінеді
Сайыстың шарттарымен танысу
Оқушылар бір – бірден әріптерді таңдап,
сұрақтарға сол әріптен басталатын сөзбен жауап берулері
керек.
Шарты: бір – бірін қайталамауы
қажет.
Екі топқа «әдептілік» деген сөз беріледі. Бір
сөзден бірнеше сөздер құраулары керек.
Мысалы: Әдеп Кілт Іл
Тек Тілек
Әдет Кетік Кет
Кел Кепті Келді
Әдепті Епті Тіл
Тілік Пәк Әк Ет
Ел Піл
Тік Дәке Әке
Әкел Ілік Дәл Әлек
|
ҚБ: Бас бармақ арқылы
бір-бірін бағалау.

ҚБ:
Смайлик
тер арқылы бір-бірін
бағалау.

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы
бір-бірін бағалау.
ҚБ: Жұлдыздар арқылы
бір-бірін бағалау

|
Слайд
1
Слайд
2
Слайд
3
Слайд
4
Слайд
5
Слайд
6
Слайд
7
Слайд
8
Слайд
9
|