15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Тіл – татулық тірегі» мерекелік сайыс
Сыныбы: 5 «В»
Күні: 20.09.2017ж.
Қазақ тілі мұғалімдері: Досумжанов Б.А. , Муслимова Н.М.
«Тіл – татулық
тірегі» мерекелік
сайыс.
Мақсаты:
Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік
беру. Өлеңдер - мақалдар, ойындар арқылы өтілетін шараның мәнін
жеткілікті меңгерту.
Сан ғасырлар
бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан - ұрпаққа мұра боп
қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін
ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге,
бағалап мақтан етуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қ.
Р мемлекеттік рәміздері, мультимедиялық тақта, слайд шоу, шарлар,
жалаушалар, музыкалық аппаратура, тіл тақырыбына байланысты қанатты
сөздер.
Әдісі: Сайыс
түрінде.
Жүру
барысы:
Салтанатты әуен
ойналады.
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ма, құрметті көрермендер!
«Тіл – татулық
тірегі» атты
сайысымызға қош
келдіңіздер!
Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халқына
жолдаған жолдауында «Қазақстан Республикасының болашағы қазақ
тілінде» деген болатын. Мемлекеттік тілді үйрену, білу, дамыту –
баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз
саналады.
Қазақстан
жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және
оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезінуі қажет. Осындай
мақсатпен біздің мектепте 5
«В» арасына
«Тіл – татулық
тірегі» атты сайысы
ұйымдастырылып отыр. Қазір алдарыңызға осы сайысқа қатынасатын әр
топтың қатысушыларына
қол соғып
қошеметпен қарсы алайық.(әуенмен сайыскерлер өз орындарына келіп
отырады)
Жүргізуші:
Алаулаған алабынан нұр
тамып.
Қазақ елін
бүкіл дүние жүр танып,
Көк байрағың
желбірейді төрінде
Әнұраның тұр
көгінде шырқалып.( Әнұран
орындалады)
Жүргізуші: Ана
тілім - ерлігім
Ана тілім -
елдігім
Ана тілім -
болмаса,
Бүтінделмес
кемдігім – деп Қадір Мырза Әли жырлағандай тіл мерекесіне
байланысты өткізгелі отырған сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып
өтейін. Сайыс 4-
кезеңнен тұрады. Әр кезең бойынша сайыскерлердің жауап берулеріне
байланысты 1 - 5ұпайлармен
бағаланады.
Сайысымызды
әділ бағалайтын әділқазы алқаларымен
таныстыру.
1 -
кезең «Таныстыру»
2 -
кезең «Мақалшылар ойыны»
-
1. АЛҒАШҚЫ АЙНАЛЫМ
-
Мақалдың алғашқы жолы айтылады, әрі қарай қатысушылар жалғастыруы тиіс. Әр жауап 1-5 ұпай.
-
2. КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ.
-
Берілген сөздерден көрермендер мақал құрастырады. Құрастырған көрермен ұпайын өзі таңдаған ойыншыға сыйлайды. Әр жауап 1-5 ұпай.
3-кезең «Кім
зерек» деп
аталады.
Мультимедиялық
тақтадан суреттер
беріледі сол
суретке қарап, оқушылар
суреттерді
анықтап атын атау
керек.
4 -
кезең «Жұмбақшылар
ойыны»
-
1. АЛҒАШҚЫ АЙНАЛЫМ
-
Ойыншыларға жұмбақ жасырылады. Әр дұрыс жауапқа 1-5 ұпай беріледі.
-
2. КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ.
-
Көрермендерге жұмбақ жасырылады. Жауабын тапқан көрермен ұпайын өзі таңдаған ойыншыға сыйлайды. Әр дұрыс жауап 1-5 ұпай.
-
3. КЕЛЕСІ КЕЗЕК.
-
Қалған ойыншылар бір-біріне жұмбақ жасырады. Әр дұрыс табылған жауапқа 1-5 ұпай беріледі. Ойын соңында ұпайы аз қатысушы ойыннан шығады.
1 - кезең:
Сайыскерлер өздерін
таныстырады.
Жүргізуші:
Әділқазы алқаларынан әр топтың ұпай сандарын беріп отыруларыңыз
сұралады.
2 - кезең
«Мақалшылар ойыны» бұл бөлімде
сайыскерлер айтылған
мақалдың нақты әрі
тез толық
жауап берулері
тиіс. Әрбір дұрыс жауап 1-ден – 5
дейін ұпай.
Қойылатын
мақалдар:
Оқушыларға:
Алғашқы
айналым
-
1. Өзге елде сұлтан болғанша, (өз еліңде ұлтан бол!)
-
2. Отанға опасыздық еткенің – (Өмірден қаралы боп өткенің).
-
3. Өз елімнің басы болмасам да, (Сайының тасы болайын.)
-
4. Ерді намыс өлтірер, (қоянды қамыс өлтіреді).
-
5. Батыр туса - ел ырысы, (жаңбыр жауса жер ырысы.)
-
6. Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі дүр,
(Жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі дүр.) -
7. Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді, (Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.) -
8. Атаңның ұлы болма, (адамның ұлы бол.)
-
9. Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені, өлгені.
(Еменнің иілгені — сынғаны.)
Көрермен көзайымы
-
ЕҢБЕК
-
ДОСТЫҚ
-
ӘКЕ
-
ТУҒАН ЖЕР
-
ЫРЫС
-
ОТАН
Жүргізуші: Қуан
халқым, күшіне енді «Тіл
заңы»
«Сүйінші» деп
ақын ұлың жырлады.
Ел елдігі
бағаланар тілімен,
Сол арқылы
құлпырады гүл бағы.
Сайысымыздың
келесі 3 - ші бөлімі «Кім зерек» деп
аталады.
Мультимедиялық
тақтадан суреттер
беріледі сол
суретке қарап, оқушылар
суреттерді
анықтап атын атау
керек.
1.
2.

Қ.Р. президенті кім? Бұл суретте не бейнеленген?
3.
4.

Бұл не? Қазақстанда қандай көрме өтті?
5.
6.
Бұл не? Бұл қандай
ғимарат?
Жүргізуші: 4 - бөлім:
«Жұмбақшылар
ойыны» деп
аталады.
Берілген жұмбақтың жауабын айтып
айту.
Алғашқы
айналым
-
Ти десем, тимейді,
Тиме десем тиеді.
( ерін)
-
Тәтті,
Тәттінің іші қатты,
Қаттының іші тәтті. (өрік)
-
Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
Үндеместен төлдеп жатыр,
Су беріңдер, шөлдеп жатыр.
(Картоп)
-
Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көк киім.
Жаңбыр одан өтпейді,
Қабат-қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді. (Орамжапырақ)
-
Қар астынан мойнын созды,
Қар кеткен соң “өмірден озды”. (Бәйшешек)
-
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызғылт дәу жатыр. (Қызылша)
7. Күннен көзін алмайды,
Мойны бірақ талмайды. (Күнбағыс)
8. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
9. Тастамайды бір елі,
Үйін сүйреп жүреді. (Тасбақа)
Көрермен көзайымы
Табаны ысып тұрса,
Желкеден қысып жұмса.
Ой мен қыр, еңіс демей,
Қоймайды тегістемей! (Үтік)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар. (Қой)
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады. (Мысық)
Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды. (Балық)
Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз, баптаймыз.
Бейбітшілік құсы, - деп,
Қайсы құсты мақтаймыз? (Көгершін)
Ақырғы айналым шарты:
-
Мақалдар сайысы мен жұмбақтар сайысының жеңімпаздары өзара жарысады. Қойылған жұмбақтың жауабын тауып, сол сөзге мақал құрастыруы тиіс. Әр жауап 1-5 ұпай. Алдыңғы айналымдарда жинаған ұпай сандары жойылады. Ойын соңында ұпайы жоғары ойыншылары жеңімпаз атанады.
Жүзгенде көлдің сәні өзі,
Судағы құстың дәуі өзі.
Жердегі құстың серкесі,
Көктегі құстың еркесі.
(аққу)
Жер бетінде жатқан арқан,
Ұстауға оны бәрі қорыққан.
(Жылан)
Қарап тұрсаң өзіне,
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды,
Дәл қазіргі кезіңе. (Айна)
Көлбең-көлбең етеді,
Жер түбіне жетеді. Түтін
Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,
Пайдаланбас кісі де жоқ. (Су)
Тұмсығынан торайдың,
Тұмсығы бар аумаған.
Үстін түгел орайтын,
Тоны ине қаулаған. (Кірпі)
Жүргізуші: Міне
сайысымызда өз мәресіне таяп қалды. Терең ойды аядай қалыпқа
сыйғызып, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жинақтап,
сайысымызды қорытындылап жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар
алқасына сөз кезегін береміз.(Әділқазы алқалары жеңімпазды
анықтайды, сайысқа қатынасқан топтарды
марапаттайды)
Жүргізуші: Міне
осылайша «Тіл – татулық
тірегі» атты
сайысымызда өз мәресіне де келіп жетті. Тіл әр ұлттың қайталанбас
байлығы. Тіл бар жерде ұлт та, елде, жерде болмақ. Тілден артық
қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік. Көңіл қойып
тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген