«Тіл әлемінде» сынып
сағаты.
Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге
шақыру. Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қабырға газеті, ақын-жазушылардың суреттері,нақыл
сөздер. Әдісі: Мерекелік
іс-шара.
Барысы . Мемлекеттік Әнұран
орындалады.
Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен
оқушылар!
1989 жылы,22 қыркүйекте тұңғыш
рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ
тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. заңда
қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап
көрсетілген.
Б. Момышұлы атамыз: «Тілін
білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз
халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең
бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін
көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды
етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік. Бүгінгі
«Тіл-әлемінде» атты мерекелік іс-шараны ашық деп жариялаймыз! Тілім
менің-тірлігім, Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін? Тіл жайында
үгіттейді кімді-кім? Тілім менің, тілім
менің-тірлігім!
1-жүргізуші:
Айзада 22 қыркүйек -
Қазахстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен,
бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне
көрсетілген құрмет. Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады,
әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады.
Ана тілі - әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай
көретін қазынасы, асыл
мұрасы.
2-жүргізуші:Аяулым .Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халкына Жолдауында
«Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел
ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс
тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық
экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген. Тек қазақ жұрты ғана
емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз
орнымен қолдана білулері қажет. Соның ішінде, ен алдымен ел
егемендігінің көрінісі, құндылығының бірі болып саналатын
мемлекеттік тілді - қазақ тілін меңгеру - баршамыздың
міндетіміз.
1-жүргізуші Айзада:.Балалар тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға
салайықшы.
Аян: Халық бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар. Өнер бар
жерде жанкүйер бар. Әр халықтың ана тілі - оның бақыты, оның
қуанышы.
Алмас: Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе
түсуіне еңбек сіңіру - әрбір қазақ отбасының
жүрегі.
Ақниет: Халықтың қуаты - тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең
айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз
керек.
Диас:Тағдырыңды тамырсыздың індетінен
қалқала!
Әр адамда өз анасынан басқа
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада Болуы керек құдіретті төрт ана:
Туған жері - түп қазығы, айбынды Туған тілі - сатылмайтын байлығы
Туған дәстүр салт - санасы - тірегі, Қадамыңа шуақ шашар
үнемі.
1-жүргізуші.Әрине, тілімзідің тағдыры үшін күресте халқымыз
қам-қаперсіз болған емес.Бүгін де ана тілінің тағдырына алаңдайтын
азаматтар баршылық.. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ
асайық.
Аян: «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді».
Ғ. Мұстафин.
Алмас: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де,
болашағынан да қол үзеді.» Ғ.
Мүсірепов.
Диас: «Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана
тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік». М.
Әуезов.
Алтынай: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді
ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».Б.
Момышұлы.
Айтолқын: Жарық көрмей, жатсаң да ұзақ, сен тілім, Таза, терең,
өткір, күшті, кең тілім. Тарап кеткен балаларыңды бауырына Ақ
көңілмен тарта аларсың, сен
тілім.
2-жүргізуші : Тілім менің тірегім, дінім менің, Тілсіз қандай болады
күнім менің. Өз халқыма жетеді өз мәнінде Өз тілімде оқылса жырым
менің
1-жүргізуші.Көрініс: «Ең қымбат
қазына» Қатысушылар: қария, баласы, дана қарт. Ертеде бір тілге
жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына: «Балам, әкем кедей болды
деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып
қадіріне жет» депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді,
таба алмайды. Арып-ашып жүріп, ауылдағы абыз-ақсақалдарға мұңын
шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып: «Әке баласына өтірік айтпас
болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді,
жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы- қасиетті тіл. Бәріміз
сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік.
Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ-па, сірә!» - деп аталы
сөздің жұмбағын шешіп
беріпті.
1-жүргізуші: Cен осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесің бе,
мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар
шығар?
2-жүргізуші:: Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына,
әрине тіл. Тіл- ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен
маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта
алар ма едім?
1-жүргізуші: Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болумен қатар
ойдың да көрінісі. «Тілі байдың - ойы бай» деп текке айтылмаса
керек.
Ән «Бабалардың ізімен» Аян
мен Ақниеттің
орындауында
Тәрбиеші:Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты.Тіл халықтың жаны
,сәні . Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі.Өйткені
халқымыз дәрежеге емес , дәстүрге
бағынған
Қарағанды облысы білім
басқармасы
Балқаш қаласы білім бөлімінің
«№24 мектеп-интернаты»КММ
«Тіл әлемінде» сынып
сағаты.
Дайындаған: Абдрасилова
А.О.
2022-2023ж.
Ақпарат.
2022жылдың қыркүйек айының 22-
ші жұлдызында «Тіл
әлемінде»атты сынып сағаты
өткізілді.
Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің
қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Ана тілін сүюге, ана тілін
ардақтай білуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші:.Қазақ тілі-біздің
рухани негізіміз.қазақтың болашағы қазақ тілінде»деп тіл мәселесін
көтеруде үлкен мән жатыр.Өйткені,бүгініміз бен ертеңімізді
түгендеу-қазіргі күннің еншісінде. 1989 жылы,22 қыркүйекте тұңғыш
рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ
тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. заңда
қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап
көрсетілген.
5-6
сынып оқушылары
қатысты.