400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тіл апталығына арналған сайыс сабақ . «Мәңгілік ел- мәңгілік тіл».

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тіліне деген студенттердің сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру, қазақ тілінің мерейін асыру. Ауыз әдебиетінің түрлерінің мән-мағынасын түсіндіріп, бойларына сіңдіру. Тілді қастерлеуге, құрметтеуге баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Мәңгілік ел- мәңгілік тіл».


Сабақтың мақсаты: Қазақ тіліне деген студенттердің

сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру, қазақ тілінің мерейін

асыру. Ауыз әдебиетінің түрлерінің мән-мағынасын түсіндіріп,

бойларына сіңдіру. Тілді қастерлеуге, құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ (конкурс)

Көрнекіліктер:Интерактивті тақта,суреттер, дидактикалық материалдар.

Жүргізуші:Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен студенттер!
Бүгін 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өздеріңізбен қауышып отырмыз. Олай болса, мерекеде өткізіліп отырған сайыс сабағымызды бастайық! (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.)

Туған тілім, бабам тілі- өз тілім,

Туған тілім, анам тілі- өз тілім.

Туған тілім, далам тілі-өз тілім,

Туған тілім, адам тілі- өз тілім - деп ақынымыз

Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай бүгінгі сайыс

сабағымыз қазақ тілінің мерейін асқақтату мақсатындағы

«Мәңгілік ел- мәңгілік тіл» сайыс сабағына арналады.

Тіл сайысын өткізудегі негізгі мақсаты - басқа ұлт

өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын арттыру.

Құрметт істуденттер мен ұстаздар! «Мәңгілік ел -мәңгілік тіл» сайыс

сабағына қош келдіңіздер!

Алдымен 2 топты ортаға шақырайық.

-«Бәйтерек»

-«Хан Шатыр»

Сайыс сабағын бастамас бұрын сайысты әділ өтуін қадағалайтын әділ қазыларды сайлап алайық.

1._________________________________

2._________________________________

3._________________________________

4._________________________________

Бүгінгі сайысымыз жеті кезеңнен тұрады:

- Таныстыру.

- «Кім жылдам?»

- «Ойлы болсаң, озып көр»

- «Тапқыр болсаң, тауып көр»

- «Жүйрік болсаң, шауып көр»

- «Мақал- сөздің мәйегі»

- Арнайы тапсырмалар.

Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әрбір тынысың мен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

  1. Таныстыру. Өз топтарындағы студенттерді жеке – жеке таныстырады.


  1. «Кім жылдам?» (қазақ тілінен әр топқа сұрақтар қойылады) сұрақтарға жауап беру.




1 топ.

1.Қазақстанның мемлекеттік тілі қандай?(Қазақ тілі)

2. «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім? (М.Әуезов)

3. Қазақ тілінде қанша септік бар? (7-ін атау)

4. Қазақ тілінде көптік жалғау қалай жасалады? (-лар,- лер,-дар, -дер,-тар, -тер)

5.Қазақ тіліндегі ең үлкен сөз (қанағаттандырылмағандықтарыңыздан)

6.Тіл туралы заң  қашан қабылданды? (1997 жыл, 11 шілде) 

7.Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (Жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)

8.Күн сөзінің антонимі? (Түн)

9.16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)

10.Ұзын сөзінің антонимі? (қысқа)

11.Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)

12.Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді)

13. Бейсенбі аптаның нешінші күні?

14.«Сұлу» сөзінің синонимі – (ажарлы, көрікті, келбетті, дидарлы)

15. Қаңтар айы жылдың нешінші айы? (Бірінші ай)

16.Бір жылда неше күн бар?

Жүргізуші: Сусыз, нұрсыз өспейтіндей гүл,
Тілсіз, жырсыз тіршілік те тұншығар.
Аспан, Жердің амандығын апаттан
Сақтап тұрған қасиетті Тіл шығар,
Тіл болмаса үнсіздікке кім шыдар?

3)«Ойлы болсаң, озып көр» (сөздердің қазақша аудармаларын

айту)

1- топ.

Столица (Астана) моя родина (менің отаным)

Родной язык (ана тілі) Земля (жер)

Солнце (күн) небо (аспан)

школа(мектеп) родной город (туған қалам)

Урожай(егін) Тюльпаны (қызғалдақ )

Роза(раушан) дерево (ағаш)

Картина (сурет) Чистый воздух (таза ауа)


Жүргізуші: Қадірлі, бағасы алтын анам тілі,
Сенімен бағаланған балаң түрі.
Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,
Сенімен әлдилеген анам мені.

4)«Тапқыр болсаң, тауып көр» ( мәтіндегі түсіп қалған әріптерді тез табу)


«Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастер..і, құдырет...і. Ол әрбір адамғ... ана сүті...ен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір ел...ің ұлттық мақтан...шы. Ол атадан балаға м...рас болып қалып отыратын баға жетпес м...ра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығынд...й қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Ана тілі – ең басты байлығ...мыз. Ана тіл... - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілі... - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл – ауы... тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқ... оны білу керек. Ана тілі - халық боп жасағанн...н бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлен... беретін, мәңгі құламайты... бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүй...ен әрбір азаматтың көкірегінде ана тілін... деген сүйіспеншілігі...ің мақтаныш сезімі болуы ке...ек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл...».



Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағы...да, қоғам...ық қатынастардың барлық салалары...да қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздар... мен құжаттар мемлекеттік тілд... болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын ел...ің өрісі қашанда білікт... де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатын... енуді көздеген халықтың басты мақсат... да сауаты ұрпақ тәрбиеле... . Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерге... ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатт... сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың. Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайы... . Әрбір адам өз ана тілін біл... және мемлекеттік тілі... меңгеру міндетті.
Жүргізуші: Тіліп түсер білгенге тіл дегенің,
Тілім барда мен басқа түрге енемін.
Тілімнің арқасы ғой әрқашанда,
Бойыма дарыса егер білмегенім.

5) «Жүйрік болсаң, шауып көр» (буындардан сөздер құрастыру)

Тал- Бар-

Айт- ду-

Қас- ар-

Бас- ма-

Та- қа-

Қа- жақ-

Жас- мы-

Қол- бай-

Ал- бі-

Ас- кір-

Жүргізуші : Ана тілім арым да, намысым да,
Бойыма күш, ойыма шабыт берер.
Тіл деп білем тірлікті, бірлікті де,
Тіл деп білем анамның айналғанын.

Тіл деп білем заманды, қоғамды да,
Куә болар жырларым оған мына.
Тіліңмен ұға аласың адамды да,
Тіліңмен шыға аласың көп алдына.


6)«Мақал- сөздің мәйегі» (мақалдың жалғасын табу)


1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады)

2.Жақсы сөз - ... (жарым ырыс)

3.Тіл қылыштан ... (өткір)

4. Тілден артық ... (қазына жоқ)

5. Анасүтібойөсіреді, Анатілі ... (ой өсіреді)

6.Өнералды - ... (қызыл тіл)

7.Білімкілті - ... (кітапта)

8.Айтылғансөз - ... (атылған оқпен тең)

9. Басқапәле -... (тілден)

10.Тіл – достықтың ... ... (алтын көпірі)


7) Арнайы тапсырмалар. Ым-ишарамен көрсетілгенді сөзбен үш тілде атап беру. (Берілген суреттерді ыммен көрсету.)

Мысық cat Әнші singer

Піл elephant мұғалім teacher

Компьютер computer тасбақа turtle

Кітапханашы librarian қоян hare

Дәрігер doctor кірпі hedgehog


Сөз әділ-қазыларға беріледі. Жеңген топ марапатталады.


Қорытынды сөз: Әуездісің, әдемі тілі елімнің.

Әуенісің ұлан-байтақ жерімнің.

Самғай берсін шартарапқа әр үнің-деген тілекпен тіл апталығына арналған «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» атты сайыс сабағын аяқтаймыз.


Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар!!!








































- Таныстыру.



- «Кім жылдам?»




- «Ойлы болсаң, озып көр»




- «Тапқыр болсаң, тауып көр»




- «Жүйрік болсаң, шауып көр»




- «Мақал- сөздің мәйегі»




- Арнайы тапсырмалар.





Мысық


Әнші


Піл


Компьютер



Кітапханашы



Дәрігер



Мұғалім



Тасбақа



Қоян




Кірпі



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
17 ұстаз жүктеп алған
3 қаңтар
3140
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі