Тіл апталығына мәлімет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тіл апталығына мәлімет

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖАС МАМАНДАРДЫҢ КЕРЕГІНЕ ЖАРАП ҚАЛАР ДЕГЕН ОЙДАМЫН
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Кемелұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2018 – 2019 оқу жылында 5 қыркүйек Қазақстан Халқы тілдері күніне орай өткізілген іс шара жайлы

мәлімет

4 - 15 қыркүйек аралығында Қазақстан Халқынің тілдер мерекесіне орай мектепішілік онкүндік іс шара жасалынып бекітілді. Іс шараға сай жұмыстар жүргізілді. « Тілім- тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты мектепішілік лездемеде салтанатты ашылу рәсімі өтті. Онда 5 сынып оқушылары « Қымбат қазына» тақырыбында көрініс құрып, 6 сынып оқушылары би билеп, 9 сынып оқушысы Басарова Жанерке ән шырқады. 7 сынып оқушылары «Ана тілім – ардақтым» тақырыбында монтаж оқыды.

«Ана тілім- ата – бабам мұрасы» тақырыбында 5-11 сынып оқушылары қабырға газеттерін шығарылып, ілінді.

«Ана тілі- айбыным!» атты ақын өлеңдерін жатқа айту мен өз шығармаларын оқу сайысы ұйымдастырылды. Онда 5-11 сынып оқушылары қатысып , нақышына келтіріп, жатқа айтқан 8- сынып оқушысы Сайлау Ақерке, 11- сынып оқушысы Жүзтай Сымбат, 6 «А» сынып оқушысы Құрманғазы Жанар, 7 «Ә» сынып оқушысы Әлжан Нұрлыайым болды.

10 қыркүйек күні « Үш тұғырлы тіл» атты тақырыбында орыс тілдері күні болып бекітілді . Онда оқушылар бір – бірмен орыс тілінде сөйлесіп, орыс ақындарының өлеңін жатқа оқыды. Оқушылар орыс биін билеп, «Әрқашан күн сөнбесін» орысша аудармасын хормен орындады. 4- сынып оқушылары дайындаған монтаждарын оқыды.

11 қыркүйек күні «Жеті жұрттың тілін біл» тақырыбында ағылшын тілдері күні болып бекітілді. Онда ағылшын тілі пән мұғалімі Н. Шайқыстамов дайындаған 8 сынып оқушылары ағылшынша ән айтып, лездемеде ағылшын ақындарының өлеңдерін оқып, сол елдің әдеп – ғұрпы мен салт – дәстүрлерімен таныстырды.

«Тіл – асыл ойдың бұлағы» тақырыбында мектепішілік эсселер байқауын өткіздік. Оған 7-11 сынып оқушылары қамтылды. Жазылған эсселер тексеріліп, үздік жазылған эсселер көрмеге койылды.

12 қыркүйек күні «Өссе тілім, менде бірге өсемін» тақырыбында 4»А», «Ә», «Б» сыныптары арасында топтық - танымдық сабақ өткізілді. Белсене қатысқан оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.

14 қыркүйек күні Қ. Өндірбекова « Тапқыр достар» тақырыбында 6 «А», «Ә» сыныптар арасында сайыс сабақ өткізді. Мақсаты оқушылардың тілдік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, өз ойын еркін жеткізу, тіл мәдениетін арттыру болды. Сайыста топтар тең дәрежеде болды. Оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.

Қазақстан Халқы Тілдері күніне арналған «Үш тілді білу – елге үлгі болу» тақырыбында қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша мектепте бұрыш ұйымдастырылды. 9-11 сыныптар арасында зияткерлік сайыс сабағы ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларға қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша тапсырмаларды орындата отырып, өз ойларын үш тілде жеткізе білу, сауатты жазып, оқу дағдыларфн қалыптастыру. Өзіндік пікірін еркін жеткізуге ықпал ету, ойын жүйелі, қисынды жүйелеуге баулу. Тапсырма, мысалдарға арқау болған сөйлемдер арқылы ана тілінің әр сөзінің қадірі мен қасиетін танып, ана тілдерін сүйіп, өзге тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сайысқа үш топ қатысты І топ - « Дарын» тобы. ІІ топ – «Тіл білгірі», ІІІ топ- «Сұңқар» тобы болып зияткерлік сайысқа түсті.

Сайыстың бөлімдері

1. «Таңғалдыра таныстыру»

2. «Адасқан сөздерге жол сілте...»

3. «Сұрақ – жауап»

4. « Тапқыр болсаң тауып көр»

5. «Ана тіліме мөлтек сыр...»

Онда оқушылар

Бірінші тапсырма бойынша топтар өз топтарын таныстырып, бастарынан өткен таңғаларлық оқиғалармен өз –өздерін таныстырды.

Екінші тапсырма «Адасқан сөздерге жол сілте...» бойынша оқушыларға ашық хат ұсынылды. Оның ашып ішіндегі бірнеше мақал – мәтелдерді 1 минутта құрастырып, оқып берді.

Үшінші тапсырма «Сұрақ – жауап» бойынша топтарға үш тілде сұрақтар қойылда оқушылар «Иә», «Жоқ» деп жауап берді.

Төртінщі тапсырма « Тапқыр болсаң тауып көр» тапсырмасы оқылып , топ болып жауап берді. Онда бірнеше жұмбақтар қойылады. Сол жұмбақтың шешуін тауып үш тілде айтып беру болатын .

Бесінші тапсырма: «Ана тіліме мөлтек сыр...» тақырыбында әр топ тілге деген құрметін, өз ойларын, ішкі сырларын хатқа жазып, оқып берді.

Сайыс барысында 7 сынып оқушылары қазақ, орыс, ағылшын ақындардың Тіл туралы өлеңдерін оқып берсе, 8 сынып оқушылары би – билеп , ән шырқады.

Сайысты төрелік еткен әділ – қазылар қорытындылай келе 1 орынды 10 сынып оқушыларынан құралған « Дарын» тобы - 1 орынды иеленсе, 9 сынып оқушыларынан құралған « Сұңқар» тобы- 2 орынды иеленіп, мақтау қағазымен марапатталды.

5 - 15 қыркүйек аралығында өткен « Тілім – тірегім, соғып тұрған жұрегім» атты іс шараға белсене қатысқан 9 -сынып оқушысы Серік Жомарт, 7- сынып оқушысы Мейрамбек Құралай мектеп директорының мақтау қағаздарымен марапатталды.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.01.2019
1019
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі