Ана тілім -
ардақтым
Балабақшадағы тіл
мерекесі «Ана тілім – ардақтым»
Тәрбиеші:Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Өнердің түскен жолына,
Жас досым саған мың сәлем.
Құрметті балалар, қонақтар бүгін сіздер тіл апталығына арналған
ертеңгілікке қош келіпсіздер!
Ертеңгілігімізді әнұраннан бастайық.
Әнұран: барлық балалардың орындауында.
Қонақ (Америка Құрама Штатынан келген)
- Гуд монинг! Мен Америка Құрама Штатынан келдім! Кешіріңіз мен
қазақша сөйлей алмаймын. Қазақша үйренуге келдім.
Тәрбиеші:Балалар, амандасайық қонақпен!
Тәрбиеші:: Сіз бізге өзіңіздің туған жеріңіз туралы айтып
беріңізші?
Қонақ: Америка өте әдемі, шағын мемлекет. Бас қала – Вашингтон деп
аталады.
Табиғаты өте әдемі. Мен өзімнің туған жерімді сүйемін.
Тәрбиеші:Рахмет, Сіз қазақ тілін үйреніп жүрсеңіз бізде тіл
мерекесі өтіп жатыр. Қонақ болыңыз! Біздің балалар Қазақстан туралы
сізге айтып береді Тәрбиеші:.: Балалар, біз қай Республикада
тұрамыз?
- Бас қала қай қала?
- Біздің қаламыз қалай аталады?
- Қай балабақшаға барамыз?
- Нешінші топқа барамыз?: Тәрбиеші: Балалар, адамға тіл не үшін
керек?
(Балалардың жауабы)
- Дұрыс, тіл адам бір - бірімен тілдесуге керек. Адамдар сөйлеу
үшін керек.
Жүргізуші: Біздің Республикамызда көп ұлттар тұрады. 150 ден астам
әртүрлі ұлттар тұрады.
- Балалар қандай ұлттарды білесіңдер?
(Балалардың жауабы.)
Тәрбиеші:
- Дұрыс. Осы халықтар өз тілдерінде еркін сөйлесе алады. Бірақ біз
Қазақстан Республикасында тұрғаннан кейін, біздің мемлекеттік
тіліміз – қазақ тілі болып есептеледі. Осы тілді біз білуіміз,
құрметтеуіміз керек.
Тәрбиеші:Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды,
Орыс тілі сіңген ғой санамызға.
Неге олар «тілім» деп қуынбайды,
Шынымен - ақ басқа боп барамыз ба?
Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым.
Өз тілімде керемет ақыл – ойым.
Қасиетті қазақ тіл – бабам тілі,
Ол тарих, сенің, менің абыройым!
Тәрбиеші:Ал қазір, балалар, тіл туралы, біздің Отанымыз туралы
тақпақтарды, мақалдарды тыңдайық.
Мөлдір Ана тілім – менің
Әлдилеген әнім.
Ана тілім – демім,
Ана тілім жаным.
Отан – жерім,
Отан – суым.
Отан қуат, нәр береді.
Отан – ұран
Отан – туым
Отан – мәңгі гүлденеді.
Жүргізуші: Қазақстанда көп ұлттар турады, олар барлығы тату - тәтті
өмір сүріде деп айттық. Ал, қазір өзіміздің балабақша туралы бір ән
тыңдайық.
Өлең: « Біздің балабақшада»
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада - аспан әлемі
Отан – сенің ата - анаң,
Отан – досың бауырың.
Отан - өлкең астанаң
Отан – аудан, ауылың
Ана тілің, арың бұл.
Ұяттың боп тұр бетте.
Өзге тілдің, бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте.
Жүргізуші: Балалар, біз кішкене бойымызды жазып ойын ойнайық.
Қазақтың ұлттық ойыны: «Қыз қуу». Тәрбиеші:: Мерекемізді
жалғастырайық. Өздерінің тақпақтарын оқып береді:
Дінмұхаммед: Ана тілім – елім,
Қажыр, қайрат, күшім.
Ана тілім – менің,
Баста бақыт құсым.
Мөлдір: Жанымнан да қымбат,
Ана тілім маған.
Ана сөзін тыңдап,
Үлгі, өнеге алам.
Аян:
Ана тілім – анам,
Аппақ қардай арым.
Мұра еткен бабам,
Жарқыраған шамым.
Мадияр:
Ел таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім,
Мұнда да бар жер күнім.
Адия:
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен - тек,
Елдің ашық қабағы.
Тәрбиеші:Тілді дамыту үшін біз әрдайым мақал - мәтелдерді
жаттаймыз.
Мақал мәтелдерді қазақ ересек тобының балалары дайындап келді.
Талаптыға нұр жауар
Ақыл - азбайды, білім - тозбайды.
Оқу білім бұлағы, Білім - өмір шырағы.
Туған жер – алтын бесік
Тәрбиеші:
Әр ұлттың өзінің билері бар. Ал біз бүгін өзіміздің қазақ биін
тамашалаймыз!
Қонақ: Маған өте ұнады. Жарайсыңдар балалар! Сендердің өнерлеріңді
көрдім.
Тәрбиеші:Мерекеміздің соңында балалар «Мектеп ана» деген бір өлең
айтады.
Тәрбиеші:Осымен біздің мереке аяқталды. Қонақпен қоштасайық! Сау
бол!
