400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тіл ашар білімге жол ашар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Үлкен ағыс сізге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тіл ашар білімге жол ашар»

Құрметті ұстаздар,ата-аналар! Бүгін бізде үлкен той.Халымызда той көп.Бала өмірге келгеннен бастап: шілдехана,тұсау кесер,сүндет тойы, мектеп бітіру,өмірге жолдама алу, және тағы басқада.

Соның ішінде баланың мектепке алғаш келгені үлкен қуаныш.Себебі,мектеп-білім ордасы.Білімді,оқымысты,ғалым болуды кім армандамайды?

Білімді болу үшін тәрбие,өнеге,тіл, ізденіс,талап керек.Баланың білімге талпынысы мектепке келуден, тіл үйренуден,ұжымен араласудан басталады.Сондықтан,бұл ертеңгілімізді біз Тілашар-білімге жол ашар деген тақырыпта өткізбекпіз.

Ортаға бүлдіршіндерді шақырайық (тізім бойынша)

С.Мөлдір:Келгенімде алдыңа

Қызыл арай гүл алып

Жақын тарттың жаныңа

Шәкіртім деп қуанып

Нұрайым:

Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап!

Жуынып,киініңдер шапшаңырақ!

Шақырды тауық мана, әлдеқашан,

Қарап тұр терезеден күн жалтырап.

Адамдар да ұшақан құс та,жүрген аң да,

Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да,

Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,

Барады аралар да ұшып балға.

Қайржан: Мектеп,мектеп төңіректеп

Жүруші едім мен кеше

Сұраушы едім,жылаушы едім

Әпкем кітап бермесе

Әли:Армысың, мектеп ар-бесік,

Айқара ашқан есігін.

Тәрбие білім бар нәсіп,

Өзіңде өрлеп өсемін

Армысың,мектеп киелім,

Мен сені солай сүйемін,

Сен берген бағыт бағдармен

Рухы бай елге иемін

Қ.Мөлдір:Мектеп-қамқор анамыз,

Оқып,білім аламыз.

Өнерпаз боп өсетін.

Біз –оқушы боламыз.

Өсіп ой мен манамыз,

Өмірге жол саламыз,

Білім қуған баламыз

Біз оқушы боламыз!

Гүлнара: Алты жасқа біздей толған баланы

Мектеп ана құшағына алады

Ата-ана қуаныңыз шаттанып,

Шәкірт болды міне биыл балаңыз.

Абдулазиз: Мен талапты баламын

Мектепке енді барамын

Үйреткенін үйреніп,

Ұстаздан көп аларым.

Есбол:Мен тәртіпті баламын,

Түгел қағаз, қаламым.

Бір күн қалмай сабақтан,

Кілең бестік аламын.

Айзада:

Армандарым көп менің

Атқарамын деп келдім,

Асыл ана –мектебім!

Оқып ғылым тектерін

Ой аламын деп келдім,

Оттай ыстық мектебім!

Өмірімнің көктемін

Сенде өткізем деп келдім,

Алтын-ұям мектебім!

Тамилла: Сәлем саған мектебім,

Сәлем білім ордасы

Жасыл бақта көктемім,

Жастық шақтың жолдасы.


Мұғалім: Біздің Отанымыз қалай аталады?

Оқушылар: Біздің Отанымыз – Қазақстан.

Мұғалім: Отан неден ыстық?

Оқушылар: Отан-оттан да ыстық

Мұғалім: Отаның,елің туралы не айта аласыңдар?

Cұлуай:Бақытты боп жүргенім

Сенің арқан,Ұлы Отан.

Елім менің- тірегім,

Құшағында гүл атам.

Айгерім: Шығысыңнан арайлы

Күліп атқан құба таң.

Сенен бақыттарайды.

Баршамызға Ұлы Отан.

А.Нұрасыл: Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен,Отан.

Мәңгі соғып тұратын.

Жүрегімсің сен,Отан!

Жанерке: Отан- жерім, Отан-суым,

Отын-қуат,нәрбереді.

Отан-ұран,Отан туым,

Отан мәңгі гүлденеді.


Мұғалім:Мектепте оқи, жазады,өнерге , білімге еңбекке үйренеді.

Сонымен қатар біз мектепте Ана тілінде сөйлеп,оқимыз.

Біздің оқулығымыз қалай аталады,оны қай тілде оқимыз?

Оқушылар:Сауат ашу! Қазақ тілінде.

Мұғалім: Тақтаға кеспе әріптермен Сауат ашу сөзін кім жазады?

Мұғалім: Сыныпта кім жылдам оқиды?

Мөлдір: Ыдыс мәтінін оқыту

Мұғалім:Қазақ тілі-дүниежүзіндегі ең бай да бейнелі тілдің бірі. Тіл байлығы- әр елдің мақтанышы. Ендеше сендер бізге тіл туралы белетіндеріңді айтып беріңдерші?

Я.Нұрасыл: Ана тілің- арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл.

Өз тіліңді құрметте!

Нұржанай: Ана тілің біліп қой,

Бостандығың,теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

Махамбет: Айттаын жас –кәріміз,

Аяулы жыр, әніміз,

Аялайтын бәріміз,

Ана тілі- арымыз.

Жасмин: Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл-білім үйреткен.

Әліппені оқимын,

Еркеше зор құметпен.

С.Арайлым: Айтатын жас – кәріміз

Аяулы жыр,әніміз,

Аялайтын бәріміз,

Ана тілі- арымыз

Сабина:Бабамыздың тілі деп,

Даламыздың үні деп,

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің тілі деп,

Қазақ тілін, қазақ тілін сүйеміз

Мұғалім: 6 алманының 2-ін

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалды (4)


Көлден ұшты 50 қаз,

Қайтып қонды 20 қаз

Қонбады оның нешеуі,

Қане кім тез шешеді? (30қаз)

Мұғалім: Осылай санау,сандарды салыстыруды есептеуді біз қай пәнде кездестірдік?

Оқушылар: Математика

Мұғалім:

-Олай болса балалар,сіздер басқа қай тілдерді үйреніп жүрсіңдер?

- Орыс,ағылшын тілі.

Қазір ортаға осы тілде тақпақ айтып беретін оқушыларымызды қарсы алайық.

Аслан: Школа – это светлый дом

Мы учиться будем в нем

Там научимся писать

Складывать и умнажать

А.Арайлым:В школе многое узнаем

О своем любимом крае

О горах и океанах

О материках и странах

Нұрали: Я- первокласник

У нас в семье сегодня праздник

Я взрослым стал! Я – первокласник.

Нұрсұлтан:

В нашей школе,лучше в мире

Что учитель-то звезда

И по всему Казахстану лучше

Не найдете никогда

Жандаулет: Зимой на улице бежит

А летом в комнате лежит.

Но только осень настает

Меня он за руку берет

И снова в дождик и в метель

Со мной шагает мой портфель

Ағылшын тілінен үйренген сергіту жаттығуы

Мұғалім: Балалар сендердің сүйікті пәндерің қай пән?

Оқушылар: Дене шынықтыру

Мұғалім: Біз дене шынықтыру сабағында не үйрендік?

Оқушылар: Жүгіру,секіру,оңға,солға жүруді.

Мұғалім: Ал сендер оң-солды қалай танып білдіңдер. Тексеріп қарайық.

Ойын: «Жеміс теру»

Қыздардың орындауында би: « Қуыршақ»

Ұлдардың орындауында би: « Тұлпарым»

Көрініс: « Үйшік» ертегісі

Хор: Рақмет ұстаз алғашқы!

Қортынды:

Мұғалім: Құрметті қонақтар! Бүгінгі ертеңгілігімізге уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін көп рақметімізді айтамыз.Келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
570
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі