«Тілашар»
мерекесі
Мақсаты: Алғаш мектеп табалдырығын аттаған
бүлдіршіндерді білім алуға,оқуға шақыру.
Ұлттық дәстүр «Тілашар» тойы арқылы оқуға ынтасын
арттыру,мектепке деген сүйіспеншілігін ояту. Қоршаған дүниені танып
білуге жетелеу.Сахна мәдениетіне
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер, тақырып жазылған
плакат.
Барысы:
Мұғалім: Армысыздар қымбатты балалар, ардақты
ата-аналар және қадірлі ұстаздар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана
білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан, бүгінгі 1-сынып
оқушыларының мерекесіне жиналып, «Тілашар» тойының куәгері болып
отырсыздар Ендеше, бүлдіршіндеріміздің білім жолына аттаған
қадамдарына сәт-сапар тілей отырып, бүгінгі мереке иелерін
ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар:
-
Дарынды дарабоз —
Жаңтөре
-
Ұшқыр ойлы —
Кади
-
Ерке мінезді
Айым
-
Жаны жомарт —
Айсулу
-
Жаны жайсаң –
Әділет
-
Асыл да аяулы
Арай
Айым:
Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем,
Тілашарға келген қуанып,
Бәрі
бірге: Қонақтарға мың
сәлем!
Мұғалім: Айналайын балалар,
Алдыңда Мектеп-Ана бар!
Өздеріңнен өседі,
Өнерлілер,даналар.
Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Құтты болсын қадамың
Құтты болсын талабың
Мағжан атам айтқандай
Білім отын жаға біл.
Мұғалім:
Шашу, шашу
шашайық,
Ақ сандықты
ашайық,
Бұл мереке, бұл
тойдың
Бастаңғысын
жасайық. (Ортаға әже шығып, шашу шашады, батасын
береді).
Әже: Өсті міне
бойларың,
Өсті міне
ойларың.
Қуанышқа
жиналған
Құтты болсын
тойларың.
Мұғалім: Шашу шашты
әжелер,
Сылдырлатып
теңгелер.
Тойымыздың шашуын, Сәт
сапарға теңгерер.
Жаңтөре:
Еркеңіздің
мойнына,
Ақ жағасы
жарасар.
Кел, келіңіз
тойыма,
Тойымның аты –
тілашар.
Әділет: Таудай биік талабым,
Оттай лаулап жанамын.
Салт-санасын сақтаймын,
Дала менен қаланың,
Мен мектепке барамын.
Жаңтөре: Қолға кітап аламын,
Маржан сүзіп табамын.
Жарқыратып кеудеме,
Жұлдыз етіп тағамын.
Мен мектепке барамын.
Айсулу: Мен оқушы баламын
–
Оқып, білім
аламын.
Мектеп-ұям,
өзіңе
Арналады бал
әнім.
-
Хор: « Сәлем саған
мектебім »
әні.
Айым: Мен тәртіпті баламын,
Түгел қағаз, қаламым.
Бір күн қалмай сабақтан,
Кілең «бестік» аламын.
Кади: Оқуды көп
ойлаймыз,
Қызығына
тоймаймыз.
Әріптерді
үйреніп,
Өлең айтып, би
билеп
Өнерден де
қалмаймыз.
Мұғалім: « Қошеметпен қол соғып,
балаларды қарсы алайық!
-
Көрініс
көрсету: «Оқушының достары»
ертегісі
Қатысатындар:
Жатөре,Айым,Кади
Әділет,Айсулу,Арай
мұғалім: Ерте,ертеде,ешкі жүні
бөртеде Білім патшасында Мектеп сарайында Оқушы бала өмір
сүріпті. Ол сабақ оқығысы келеді, бірақ ешқандай жазатын,
оқитың құралы болмайды. Жылап келе жатса, алдынан қалам
шығады:
Қалам-: Арай Әй бала, сен неге
жылап келе жатырсың?
Оқушы-Әділет : Менің сабақ
оқығым келеді, бірақ менің ешқандай құралым жоқ. Соған жылап
келемін.
Қалам-Арай
: Ендеше сен менімен дос
бол, мен саған жазуды үйретемін. Әдемі жазу жазсаң, мен өте риза
боламын.
Оқушы-
әділет Жарайды екеуміз дос болайық,
ал мен сені қайда жазамын?
Қалам-Арай: Мені дәптерге жазады.
Жүр, мен саған оқуға қажетті дәптер, қарындаш, өшіргіш,
Әліппе деген достарды тауып
кездестірейін.
Автор-мұғалім: Екеуі достарды іздеп келе жатса,
олардың барлығы алдарынан шыға
келеді.
Оқушы-Әділет: Қалам, мына
тұрғандар кімдер? Олар не үшін қажет? Менімен қайсысы дос
бола алады ?
Дәптер-Жаңторе:
Мен дәптермін. Маған жазу жазады. Мені оқушы таза
ұстауы қажет. Менің бетімді жыртуға, сызуға, бояуға болмайды. Егер
де әдемі, таза жазса, 5- тік деген баға
алады.
Қарындаш-Айсулу: Ал, менің атым —
қарындаш. Менсіз ешбір оқушы геометриялық пішіндерді сыза
алмайды.Сурет салу үшінде мені қолданады. Менімен дос болсаң, мен
саған сызуды, бояуды үйретемін. Бірақ ескертемін — мені
ұқыпты ұстамасаң мен
ренжимін.
Сауат
ашу: Айым Ал мен
болсам — бар кітапқа бас болған Ғылым атасы
-әліппемін. Мен саған 42 әріпті танытып, оқуға үйретемін. Егер де
сен менің әріптерімді жаттап, жақсы оқысаң, озат оқушы
атанасың.
Өшіргіш-Кади: Менің атым – өшіргіш. Менің
көмегім саған өте қажет. Өйткені сен қате сызсаң, шимайласаң мені
қолданасың.
Қалам-Арай: Оқушы, бұның барлығы
сенімен дос бола алады. Біз сенің сабақты жақсы оқуыңа
көмектесеміз. Тек сен біздің жаңағы айтып кеткен
шарттарымызды орындайсың ба?
ОқушыӘділет: Ия,ия шарттарыңды
орындаймын. Менің сабақ оқығым келеді. Келіңдер, сендер менің
достарым болыңдар.
Автор-Мұғалім: Сөйтіп оқушы өзіне қажетті
оқу құралдарын тауып, барлығымен дос болып, Мектеп
сарайындағы ең үлгілі, озат оқушы атанған
екен.
Ән: « мектебім
Айым » .
Жатөре:
Мектеп — үлкен бағдаршам.
Ұстаз — шырақ ұстаушы.
Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.
Әділет:
Еркесімін
атамның,
Еркесімін
анамның.
Толып биыл алтыға
Мен
оқушы атандым.
Арқама сөмке асына
Мектепке барам асыға.
Айым:
Өсірді ой сананы
Тіл
дамыту сабағы.
Жаңылмай айтып үйрендік
Жаңылтпаш, жұмбақ,
мақалды.
"Ало" Әділет
Айым"
Жаңтөре: Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізем деп келдім,
Алтын ұям – мектебім!
Оқып ғылым-білімін,
Ой аламын деп келдім,
Оттан ыстық мектебім!
Айым: Мектеп деген жақсы
екен
Қызығы мол думанды.
Жақсы көрем бәрінен,
Әдемілеп жазғанды.
Жеті жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім.
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме жеткенім.
Арай: Ойыншық қалды
жайында,
Әріптер бөлді
көңілді.
Тәбетім жоқ
ойынға,
Сезінем үлкен
өзімді.
Қуыршақты
тастадым,
Уақыт жоқ қой
ойынға.
Әріпті құрай
бастадым,
Сөздерді тізіп
қоюға.
"Дө-ре-ми" әні Жантөре,
Әділет
Кади:
Әжептеуір бойым да,
Сабақ қана ойымда.
Оны
ұқпас інім тек,
Шақырады ойынға.
Дейді «Жел боп есейік»
Қайдан білсін ол менің,
Кеткенімді есейіп.
Әділет:
Кіп-кішкентай баламын,
Алтыдан асып барамын.
Сөмке алып мойныма
Мектепке мен барамын.
Озат оқушы боламын,
Жақсы баға аламын.
Таудай үлкен талабым,
Содан жақсы сабағым.
Айсулу:
Ұстаздарды мақтаймын,
Сенімдерін ақтаймын.
Біздікіндей мектепті
Әлем шарлап таппаймын.
Тақпағымды жаттаймын,
Сабағымды баптаймын.
Біздікіндей мектепті
Ешбір жерден таппаймын.
Мұғалім:
Ұрпақпен ұласады мұрат
арман,
Бәйтерек бой көтерер құба
талдан.
Тойлаңдар,қуаныңдар,
ағайындар,
Шалқып қайт, шаттық тойы
—
Тілашардан!
Т – тәртіпті
болайық
Жаңтөре
І – ілімді бойға
жинайық
Айсулу
Л – лашындай биік
самғайық
Кади
А – ақылды азамат
болайық
Әділет
Ш – шыншыл
болайық
Арай
А – айбынды
болайық
Р – рахат өмір
сүрейік
Айым
Хормен:
Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Үлгілі боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!
Хор: «Мұғалім»
Мұғалім
: Ғылымның сырын
ұғына,
Шығыңдар білім
шыңына.
Ұқыптылық пен
зеректік,
Жеткізер сендердей
өренді
Білімнің нәрлі
сырына.
Оқитын әрі
жазатын,
Білімге қол
созатын.
Құтты болсын
балдырған,
Оқушы деген жаңа
атың.
-
Құрметті оқушылар!
«Оқушы» деген атқа лайық болып,
ата-аналарыңды , ұстаздарыңды, құрбы- жолдастарыңды сыйлайтын
әдепті, алғыр, зерек, тәртіпті болады деп сенім
білдіремін.
-
Келесі сөз кезегі әкімшілікке
беріледі--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
-
Ата-аналарға:
-----------------------------------------------------------------------------
-
Қатысқандарына
рахмет!
"Тіл ашар" мерекесінін
талдауы
Тақырыбы: «Тілашар»
мерекесі
Мақсаты: Алғаш мектеп
табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді білім алуға,оқуға
шақыру.
Ұлттық дәстүр «Тілашар» тойы
арқылы оқуға ынтасын арттыру,мектепке деген сүйіспеншілігін ояту.
Қоршаған дүниені танып білуге жетелеу. Сахна мәдениетіне
тәрбиелеу.
Өткізілген
іс-шара мерекенін барлық бағыттары бойынша құрылып, бекітілді.
Іс-шара жоспарға сәйкес жүргізілді. Оқушылар өздерін жоғарғы
деңгейде көрсете білді.Іс -шараны жүргізудегі әр бір қойылған
мақсатыма қол
жеткіздім.