Тіл
білген-ел біледі
1-жүргізуші.Ана
тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім
барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім
өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім
өшсе, мен де бірге өшемін.
Армысыздар
құрметті ұстаздар, оқушылар! Біздің
мектебімізде биылғы оқу жылында 5
қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы
халықтарының тілдер мерекесін тойлау
басталды. Ол ең алдымен тілге, сол арқылы
жасалатын мәдениет пен өнерге деген
көрсетілуге тиіс ілтипаттың бір өнегесі.
Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде
өзгеше орын алған мереке – ұлт тілдеріне
құрмет көрсетілетін ортақ мейрам.
Қыркүйек айының 5 күні «қазақ
тілі-мемлекеттік дәрежесін алған күн»
болып саналады.
Мектебімізде қазақ тілі,өзбек тілі,орыс
тілі,ағылшын тілі пән бірлестінің
ұйымдастыруымен тіл мерекесіне
орай өткізілетін «Тіл
білген-ел біледі»
атты іс-шараға қош келіпсіздер.
2-жүргізуші.
Тіл – ұлттық белгі, халықтық
мұра, дүниетаным құралы. Халықтың
тарихта қалуы тіліне
байланысты.Тіл халықтың жаны,
сәні, тұтастай кескін келбеті,
болмысы. Қазақ тілі дүние
жүзіндегі ең бай, беделді
тіл.
Өткірдің
жүзі,
Кестенің
бізі,
Өрнегін
сендей сала алмас,- деп ұлы
Абай атамыз таңырқап, тағзым
еткен осы қасиетті тіліміз.
1-жүргізуші.
Әрбір
тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана
тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер
балаң, байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ
тілі жасау керек мәңгілік
Демек,бүгінгі
іс-шара сайыс түрінде өтпек.Сайысты
бастамас бұрын сайысқа төрелік ететін
әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
2-жүргізуші:
«Тіл туралы» сайысымыз басталды,
Сайыскерлерді
жұртшылық, қарсы алайық!
Көшбасшысы
тілдердің-қазақ тілі,
Тағы
басқа тілдермен достасайық!
Ортаға
сайыскерлерді шақырамыз.
1-жүргізуші.Бүгінгі
біздің сайысымыз 3 кезең тұрады.
1.Таныстыру
2.Полиглот
3.
«Сөз көркі-мақал»
2-жүргізуші.
Алғашқы
кезең Таныстыру.
Бұл
кезеңде әр топ өзін таныстырады.Жоғары
ұпай 5 ұпай.
1-жүргізуші.
Қазақ
тілім өз тілім, ана тілім
Абай
,Мұхтарсөйлеген дана
тілім.
Қастерлейдіұл-қызыңмәңгісені
Болашағым,
бақытым дара тілім.
ІІ
кезең
Полиглот
кезеңі. Бұл
кезеңнің шарты бойынша әр топқа бірнеше
сөздер беріледі.Сол сөздерді
орыс,өзбек,ағылшын тілдеріне дұрыс,әрі
нақты аудару қажет.
2-жүргізуші.
«Жеке
бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл –
бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге
жасап, бірге дамиды.
Мақал
- мәтел - бабадан қалған мұрамыз,
Ықыласымызды
мәйектей сөзге бұрамыз.
Мақалбай
атай сұрағын алып келіпті,
Сайыскер
топтар, көңілмен тыңдап тұрамыз.
ІІІ
кезең «Сөз
көркі-мақал»
деп аталады.Бұл кезеңнің шарты бойынша
әр топ бір мақалдан алып,3 тілге аударады.
Бүгінгі
«Тіл
білген-ел біледі» атты
сайыс сабағымыз осымен аяқталды. Бұл
сабақта өздеріңіз көріп отырғандай
көптеген тіл туралы мақал-мәтелдер,
тапсырмалар орындалды. Сіздерге бүгінгі
сайыс сабаққа қатысқандарыңыз үшін
алғысымды білдіремін. Енді келесі сөз
әділ қазылар алқасына беріледі.