400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

"Тіл білгірі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: • оқушылардың өз ұлтына, өз еліне, өз тарихына деген сүйіспеншіліктерін ояту; - ана тіліміздің қадір-қасиетін дамыту; • ана тілін құрметтеуге, топ алдында еркін сөйлеуге баулу; -ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; -қазақ тілі мен әдебиеті пәніне қызығушылықтарын ояту; - озық ойлы оқушыны анықтау; - танымдық көзқарасын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тіл білгірі» сайыс сабағы

Мақсаты:

  • оқушылардың өз ұлтына, өз еліне,

өз тарихына деген сүйіспеншіліктерін ояту;

- ана тіліміздің қадір-қасиетін дамыту;

  • ана тілін құрметтеуге, топ алдында еркін

сөйлеуге баулу;

-ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

-қазақ тілі мен әдебиеті пәніне қызығушылықтарын ояту;

- озық ойлы оқушыны анықтау;

- танымдық көзқарасын қалыптастыру.

Сабақтың ұраны:

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы -

Мемлекеттік тілді білген жөн болар.

Сайыстың барысы: 1. Таныстыру, сәлемдесу 2. “Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы” (мәнерлеп оқу) 3.«Зымыран сұрақтар» (қазақ тілі) 4. “Жеті жұрттың тілін біл” (жұмбақтар) 5. “Ойлы болсаң, озып көр” (әдебиет пәні) 6. “Жұмбақ сандық” 7. “Жүйрік болсаң, шауып көр” 8. “Тапқыр болсаң, тауып көр” 9. “Мықты болсаң, озып көр”

I кезең

Таныстыру, сәлемдесу

Сайысымыздың бет ашарын бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық,- деп, кезекті сайысқа қатысушы оқушыларға берейік.

II кезең

"Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" мәнерлеп оқу сайысы.

Үш бәйтерек Сәкен, Ілияс, Бейімбет өлеңдерін мәнерлеп оқу

III кезең

«Зымыран сұрақтар» кезеңі (қазақ тілі пәні бойынша)

  • III кезең «Зымыран сұрақтар» кезеңі (қазақ тілі пәні бойынша)

  • III кезең «Зымыран сұрақтар» кезеңі (қазақ тілі пәні бойынша)

  • Мықты болсаң - алдағыны басып оз.

  • Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!

  • Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!

  • Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыздың үшінші кезеңіне өтейік .

III кезең шарттары:

  • Қазақ тілі пәні бойынша берілетін сұрақтарға дұрыс және жылдам жауап беру;

  • Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

  • Сұраққа бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді. Егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда қолын екінші болып көтерген ойыншы жауап береді.

  • Осы кезеңнің қорытындысы бойынша ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығарылады.

ІV кезең «Жеті жұрттың тілін біл»

Кезең шарттары:

  • Бұл кезеңде сендерге жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет.

  • Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі.

1. Қабат – қабат қаптама

Ақылың болса аттама.

2. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді.

3. Үнемі ауызда бұлтыңдайды,

Бірақ жұтылмайды.

4. Әй, керемет бір ит бар

Үй бағады үрмейді.

Аяғы жоқ жүрмейді.

Рұқсатсыз ол иттен

Ешкім үйге кірмейді.

5. Бір үйге көзсіз боп кіресің,

Бұл үйден көреген боп шығасың

6. Қалқиып ұзын құлағы

Елеңдеп қорқып тұрады

7. Тілден ұшып, құлаққа қонады.

8. Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ,

Тоны бар, киетін шапаны жоқ,

Пайдасы үй ішінен табылған соң,

Далаға кіріп шығар сапары жоқ.

9. Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді.

10. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады.

V кезең «Ойлы болсаң, озып көр

  • Бұл кезеңде сендерге әдебиеттен өтілген ертегілер, аңыздар, өлеңдер мен әңгімелерден бейне үзінділер беріледі. Берілген үзінділердің тақырыбын дұрыс табу керек.

  • Әрбір дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі. Сұраққа бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді.

  • Осы кезеңнің қорытындысы бойынша ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығады.

1. Әкесі Кенжекейдің сөзінен жеңіліп, сұрағандарын беріпті. «Қызыма сәлем айт, Сорқұдықтың басына көшін қондырмасын, қондырса кесір болады», - депті. Сонымен Ерназар келіндерін алып қайта береді…

Қай ертегіден үзінді?

2. Ажар тағдырдың басқа салғанына көніп, тап болған тауқыметке төзді. Ашыққанда жолға алған азғана азығын қорек етті. Шөлдегенде сусынға алған суынан бірер ұрттап шөлін басты, бірақ көп ұзамай оның алып жүрген азығы мен суы тақа таусылды да, аштықтан ішегі шұрылдап, шөлден ерні кезерді? Қай шығармадан үзінді?

3. Толағай ертегісіндегі кейіпкер Толағайдың әкесінің аты?

4. Көл қорыған сен едің,

Сен де айрылдың көліңнен.

Ел қорыған мен едім,

Мен де айрылдым елімнен.

Кімнің өлеңі?

5. Бейне көрініс

6. Бейне көрініс

VI кезең «Жұмбақ сандық»

  • Бұл кезеңде сендерге үш түрлі тақырыпта үш түрлі ұпайы бар 9 ұяшық беріледі.

  • Ұпайы көп оқушы қалаған ұяшықты таңдап, жауап береді, дұрыс жауабын таба алмаған жағдайда қол көтерген оқушы жауап бере алады. Жеңіл сұрақ алғыларың келсе, 20 ұпайлық сұраққа жауап беру арқылы аласыңдар. Күрделі сұраққа жауап беру арқылы 40 ұпай жинақтауға болады.

Тұрақты

тіркестер

Лексика

Кәсіби

сөздер

20

30

40

20

30

40

20

30

40

VII кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр»

  • Мақал – мәтел құраудан жарыс.

  • Тапсырмалар саны – 9

  • Дұрыс жауап 10 ұпай. Толық емес жауап – 5 ұпай

  • Сайысты ұпайы аз оқушы бастайды.

  • Осы кезеңнің қорытындысы бойынша 1 оқушы ойыннан шығады.

1. Аяқ

  • Қол

  • Арқа

  • Бас

....... Бәле

2. Тіл

  • Сөз

  • Ет

  • Қан

............ Өтер

3. Намыс

  • Ар

  • Қулық

  • Ұят

............. Күшті

4. Көз

  • Қол

  • Мойын

  • Бас

  • ............ қорқақ

5. Әже

  • Ана

  • Жеңге

  • Сіңлі

............. Қыз

6. Тіс

  • Құлақ

  • Қол

  • Тіл

  • .............. Тас

7. Адам

  • Қалам

  • Бала

  • Дала

  • .............Шүберек

8. Мектеп

  • Қалам

  • Парта

  • Кітап

  • ................ Білім

VIII кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр»

  • Бұл кезеңде бейнелі сөздердің астарын табу керек.

  • Сұраққа бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді.

  • Дұрыс жауап үшін 10 ұпай.

1. Ит арқасы қиянда

2. Жер тепсінді

3. Тайға таңба басқандай

4. Тас бауыр

5. Су жүрек

6. Қыздың жиған жүгіндей

7. Ит терісін басына қаптады

8. Көз ілмеді

9. Бетінен оты шықты

10. Жүрегінің түгі бар

IX кезең «Мықты болсаң, озып көр»

  • Бірінші баған мен екінші бағандарды, сөз тіркесін құрау, мағынасын ашу;

  • Тапсырмалар саны 10;

  • Дұрыс жауапқа – 10 ұпай;

  • Толық емес жауап – 5 ұпай;

  • Тапсырмаларға жауап беру, кезекпен орындалады;

  • Егер жауап дұрыс болмаса, келесі ойыншыға кезек беріледі.

  • Сұраққа бірінші болып ұпайы жоғары оқушы жауап береді.

1. Ой

Ниет

Сезім

Жігер

................. Тоқтатты

2. Маңдай

Құлақ

Көз

Тіл

.............. Ұста

3. Пайыз

Айыз

Шыдам

Төзім

................ Қанды

4. Ес

Ақыл

Айла

Тәсіл

............... Шықты

5. Су

Бу

Күл

Шу

............... Жұқпас

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білу қандай заңдылық.

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қаңтар
477
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі