Материалдар / «Тіл білгірі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тіл білгірі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды тереңдету. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Өз ана тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеуге шақыру. Өзге ұлттың тілін, әдебиетін, мәдениетін құрметтей білу сезімі дамыған дара тұлға даярлау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2018
326
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тіл білгірі»

Мақсаты: Орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды тереңдету. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Өз ана тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеуге шақыру. Өзге ұлттың тілін, әдебиетін, мәдениетін құрметтей білу сезімі дамыған дара тұлға даярлау.

Түрі:Интелектуалдық ойын-сайыс


Ойын барысы


Сабақтың ұраны: Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.



І.Ұйымдастыру бөлімі


Қайырлы күн құрметті көрермендер, қонақтар, сайыскерлер. Бүгінгі біздің «Тіл білгірі» атты сайысымыз А.Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті апталығына байланысты өткізіліп отыр.Сайысқа қош келдіңіздер!

Сайысқа 2 топ қатысады, әр топта 5 оқушыдан болады.Әр топ өз бақтарын сынайды.

«Тіл білгірі» атты білім сайысымыз негізінен 7 кезеңнен тұрады:
1
кезең. Топты таныстыру..
2
кезең. Бұл кезең «Бәйге» деп аталады. Мұнда оқушылар берілген сұрақтарға қысқа, әрі нұсқа жауап берулері керек.
3
кезең. «Әріптер сайысы»
4
кезең. «Құпия сандық».Бұл кезеңде жұмбақ жасырамын, шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек.
5.кезең «Тапқырлық»Бұл кезеңнің шарты екі топқа бірдей "Тәуелсіздік" сөзі берілген. Осы сөздің ішіндегі әріптерден жаңа сөз құрастыру.

6. кезең. "Кім тапқыр".

Бұл кезеңде топ мүшелері берілген суреттерді сөзбен түсіндіреді.


Сайысымызды бастамас бұрын әілқазы мүшелерімен танысайық:

1.Оразғалиева Ф.Ж.

2.Баймуханбаетова Г.Х

3. Идресов Е.Т.




1 кезеңге кезек берейік.Таныстыру

2 кезең «Бәйге»

І топтың сұрақтары:
1.
Буынның неше түрі бар (3, ашық, тұйық, бітеу)
2.
Жалғаудың неше түрі бар (4 түрі тәуелдік, жіктік, септік, көптік)
3. Қ
азақ тілінде неше септік бар? (7)
4.
Дыбысты немен таңбалайды (әріп)
5.
Кімнің, ненің қай септіктің сұрақтары (ілік)
6
. «Бесінші»сөзі қандай сұраққа жауап береді (нешінші)
7.
Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді? (қандай, қай)
8.
Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгі қойылады (Сұрақ белгісі)
9.
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді (3-ке ұяң, үнді, қатаң)
10.Қ
азақстан Республикасында Тәуелсіздік мерекесі қашан? (16 желтоқсан)
11. «
Ақылды» сөзінің түбірі? (ақыл)

12. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» тақырыбы не (достық)
13.
А.Құнанбаев кім? (ақын)
14.
Бара алмай, өтірікші болып әбден,

Семейдің түрмесінде отыр балаң.

Өлең жолдарының авторы кім (А.Байтұрсынов)
15.
Жылқының иесін ата (Қамбар ата)

ІІ топтың сұрақтары:
1.
Қазақ әліпбиінде неше дыбыс бар (42)
2.
Дауыссыз дыбыстың саны қанша (26 )
3.
Үстеу дегеніміз не (Заттың іс-қимылының мезгілін, мекенін, жай-күйін білдіретін

сөздер)
4.
Кіммен, немен қай септіктің сұрағы (көмектес)
5. Қ
азақ тілінен тән дыбыстар нешеу? (ә,ғ,ң,і,ү,ұ,қ,ө,)
6.
Дауысты дыбыстың саны қанша (12)
7.
Буын дегеніміз не (сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобы )
8.
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (2 жуан, жіңішке)
9.
Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді (қанша, неше, нешінші)
10. Қ
азақстан Республикасында Тілдер мерекесі қашан? (22 қыркүйек)
11.
«Әдемі» сөзі қандай сұраққа жауап береді (қандай)

12. «Ерінбесең-емерсің» тақырыбы не (еңбек ету)
13.
Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты

Өлең жолдарының авторы кім (М.Жұмабаев)

14. Ы.Алтынсарин кім (ұстаз, жазушы)
15.
Сиыр иесін ата (Зеңгі баба)


3 кезең «Әріптер сайысы»

Берілген сұрақтарға осы әріптен басталатын сөзбен жауап берулеріңіз керек.
1-топ.
(А, Е, Т, О, С ).
1. Қандай елде тұрасың?
2. Қазақ тілі пәні ұнай ма ?
3. Досың кім ?
4. Қазір жылдың қай мезгілі ?
5. Қайдан келдің ?
6. Бір сын есімді ата ?
7. Елтаңбада не бар?
8. Бүгін қандай күн?
9. Сенің көзің қандай?
10. Жігіттер сырға таға ма?
11. Жасың нешеде?
12. Арманың қандай
?
13. Бала оқытатын адам?
14. Наурыз көжеге не салады?
15.Жерде не бар?
2-топ (Ә, Б, М, Н, Д ).
1. Мақал білесің бе ?
2. Атың кім ?
3. Қандай тағамды ұнатасың?
4. Қандай қаланы білесің ?
5. Сен тұратын қаланы, ауылды ата.
6. Бір зат есімді ата.
7. Асан әнді қалай айтады ?
8. Жазушыны ата.
9. Қазақстанда қандай жануарлар бар ?
10. Алма тәтті ме ?
11. Кім болғың келеді ?
12. Сенің анаң қандай адам ?
13. Сыныпта неше оқушы бар?
14. Қыздар неден қорқады?
15. Сәукелені қай кезде киеді?


4 кезең «Құпия сандық»

І топқа

1.Қол менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп. (Аяз-мороз)

2.Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран (Әріп-буква)

3.Үй үстінде ұсақ тас (Жұлдыз-звезда)

4.Жазбен сырлас,

Күзбен мұңдас.

Құлап түссе,

Сүйегі сынбас. (Жапырақ-листья)

5.Жұтсаң-жуынбайсың,

Жуынсаң-жұтпасың. (Су-вода)


ІІ топқа

1.Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық. (Қар-снег)

2.Әттең даусым, тілім жоқ,

Құшағымда білім көп. (Кітап-книга)

3.Үй күзетеді, үрмейді. (Құлып-замок)

4.Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (Сызғыш-линейка)

5.Бір қақпадан кіріп,

Екі есіктен шығады. (Шалбар-брюки)



5.кезең «Тапқырлық»Бұл кезеңнің шарты екі топқа бірдей "Тәуелсіздік" сөзі берілген. Осы сөздің ішіндегі әріптерден жаңа сөз құрастыру.


6. кезең. "Кім тапқыр".

Бұл кезеңде топ мүшелері берілген қима қағаздағы сөздерді алып қимылмен түсіндіреді.

І топқа

Ат, сандық, сәби, ту, қалам

ІІ топқа

Телефон, жаңбыр, кітап, мұғалім, сиыр.



Қорытынды


Осымен бүгінгі «Тіл білгірі» сайысымыз өз мәресіне жетті.Қорытынды сөз әділқазыларға беріледі.
Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!