400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Тіл білгірі» cайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушыларына арналған сайыс сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

А.С.Макаренко атындағы орта мектебі







(8-10-орыс сыныптары үшін)




Тақырыбы: «Тіл білгірі» cайысы



Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Есимсеитова Алмагуль Жаппасовна
















Ашутасты ауылы









Тақырыбы: Тіл білгірі

Мақсаты:

а) Тіл мерекесіне арналған апталыққа байланысты орыс сыныптарының арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сайыс өткізу

ә) оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, ауызекі сөйлеу тілін шыңдау

б) мемлекеттік тілді білуге, оны құрметтеуге тәрбиелеу; Отансүйгіштікке баулу, халықтар арасындағы достық сезіміне баулу

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі, Қазақстан тарихы, музыка

Өту әдісі: сұрақ- жауап, ойын

Түрі: сайыс

Пайдаланылған көрнекіліктер: төсбелгі, тапсырмалар жазылған парақшалар, слайд, компьютер, интербелсенді тақта


Барысы:

Ұйымдастыру

Тілім менің- тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім,мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін,- деп С. Торайғыров ағамыз жырлағандай, Тіл - әр халықтың жаны, соғып тұрған жүрегі, ағып тұрған қаны. Ана тілді қадірлеу- бәрімізге парыз. Мемлекеттік тіл- қазақ тілін қадірлеу- әрбір ҚР азаматының міндеті. Біз де ана тілді, Қазақстанда тұратын барлық халықтардың тілін сыйлау арқылы, алға жылжитынымыз анық.Бүгін 9-10- сынып аралығында өтетін «Тіл білгірі» сайысын бастаймыз.

Бағдарламада:

  1. 2 топтың таныстыруы (топ аты, ұраны, эмблемасы)

  2. Блиц- турнир (әр топқа 10 сұрақ беріледі)

  3. Қазақстан мемлекеті туралы сұрақтарды жауабымен сәйкестендіру

  4. Мақал- мәтел сайысы

  5. Қиынды сөздерден сөйлем құрау

  6. 1 сөзден бірнеше сөз құрастыру

  7. Эссе «Менің елім- Қазақстан»


Тапсырмалар:

1- тур:

Блиц- турнир 1-топқа:


  1. Қазақ тіліне тән қанша дыбыс бар?

  2. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?

  3. А.Құнанбаев қай жерде туған?

  4. Ертегі ауыз әдебиетіне жата ма?

  5. Бс қандай буын?

  6. «Ер Төстік» қандай ертегі?

  7. «Мектепте» сөзінде неше тасымал бар?

  8. «Қ» қандай дыбыс?

  9. Қазақстан егемендігін қай жылы алды?

  10. Қазақ тілі қандай тіл?


Блиц- турнир 2-топқа:

  1. Қазақ тілінде қанша әріп, қанша дыбыс бар?

  2. Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?

  3. Мақал- мәтел жазба әдебиетке жата ма?

  4. Ы.Алтынсарин кім?

  5. «Ұр» қандай буын?

  6. «Аяз би» қандай ертегі?

  7. «Қиын» сөзінде қанша буын бар?

  8. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?

  9. Орыс тілі қандай тіл?

  10. Тұңғыш Президенті күні қашан?


2-тур: «Сәйкестендір»


1.Егемендік жарияланды 2006

2. Астана жарияланды 1992

3. Мемлекеттік рәміздер қабылданды 1997

4. «Тіл туралы» заң қабылданды 1989

5. Наурыз мерекесі қайта тойланды 1991

6. Коституция қай жылы қабылданды? 1997

7. Екінші Әнұран қашан қабылданды? 1995


3- тур: «Мақал- мәтелдер» сайысы

1- топ:

Туған жердей жер болмас...(туған елдей ел болмас)

Туған жерге...(туың тік)

Ер туған жеріне...(ит тойған жеріне)

Отан ... (оттан да ыстық)

Ер- еліне...гүл жеріне


2-топ:

Туған жер... (алтын бесік)

Ер ел үшін туады...(ел үшін өледі)

Отан үшін отқа ...(түс, күймейсің)

Басқа елде сұлтан болғанша...(өз еліңнің ұлтаны бол)

Есің барда... (елің тап)


4- тур: (шашыраған сөздерді орнына қойып, сөйлемді дұрыс құрап жазу)

1- топқа:

Мен өзім туған елімді мақтан етемін.

Қазақстан - көп ұлтты мемлекет

2- топқа

Өз туған тілін құрметтемеген адам, ешкімді құрметтемейді.

Астана қаласы 1997 жылы бұрынғы Ақмола қаласына көшірілді.

5- тур:

Бір сөзден бірнеше сөз ойлап жаз (белгілі уақыт ішінде)

    1. топқа: Бейбітшілік

    2. топқа: Тәуелсіздік


6- тур:

Эссе «Менің елім- Қазақстан»









Қажетті тапсырма қиындылары:



2-тур:


1.Егемендік жарияланды 2006

2. Астана жарияланды 1992

3. Мемлекеттік рәміздер қабылданды 1997

4. «Тіл туралы» заң қабылданды 1989

5. Наурыз мерекесі қайта тойланды 1991

6. Коституция қай жылы қабылданды? 1997

7. Екінші Әнұран қашан қабылданды? 1995






2-тур:


1.Егемендік жарияланды 2006

2. Астана жарияланды 1992

3. Мемлекеттік рәміздер қабылданды 1997

4. «Тіл туралы» заң қабылданды 1989

5. Наурыз мерекесі қайта тойланды 1991

6. Коституция қай жылы қабылданды? 1997

7. Екінші Әнұран қашан қабылданды? 1995














Мен өзім туған елімді мақтан етемін


Қазақстан көп ұлтты мемлекет



Өз туған тілін құрметтемеген адам


ешкімді құрметтемейді.


Астана қаласы 1997 жылы бұрынғы


Ақмола қаласына көшірілді






Бейбітшілік






Тәуелсіздік



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.12.2017
596
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі