Тақырыбы: «Тіл білгірі» сайысы
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың! - деп Мағжан жырлағандай, қасиетті де құдіретті тілімізді бүгінгі ұрпақтың меңгеру деңгейімен таныспақпыз.
1. Таныстыру
Үш ойыншы өздерін таныстырып өтеді.
2. «Бәйге»
Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай
1-оқушының сұрақтары:
1. Басқар сөзі туынды етістік бола ма? (иә) 2. Қос сөздер 4 түрге бөліне ме? ( иә) 3. -ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы көсемшелер жіктеле ме? (жоқ) 4. -ға, -ге, -қа, -ке барыс септігінің жалғауы ма? (иә) 5. Сабақты етістік табыс септігіндегі сөзді қажет ете ме? (иә) 6. Сан есім мағынасына қарай 7-ге бөліне ме? (жоқ) 7. Жамап отыр екен күрделі етістік бола ма? (иә) 8. Жаздыгүні сөзі кіріккен сөзге жата ма? (иә) 9. -ыра, -іре өзгелік етіс жұрнағы бола ма? (жоқ) 10. Ақшыл сапалық сын есімге жата ма? (иә) 11. Жалғаудың 4 түрі бола ма? (иә) 12. Рим цифрмен берілген сан есімге дефис қойыла ма? (жоқ) 13. Білім сөзі туынды ма? (иә) 14. Жұрнақ 3-ке бөліне ме? (жоқ) 15. Ештеңе, ештеме, ешкім белгісіздік есімдігі бола ма? (жоқ)
2-оқушының сұрақтары:
-
Өнерлі, орманды қатыстық сын есім бе? (иә) 2. Көп сөздер тіркесіп келіп біріккен сөз бола ма? (жоқ) 3. Дыбыстық өзгерістерге ұшырайтын сөздерді кіріккен сөз деп атай ма? (иә) 4. Басқа сөздердің жетегінде жұмсалатын сөздер көмекші сөздер бола ма? (иә) 5. Кітапты оқу сабақты етістік бола ма? (иә) 6. -ыл, -іл, -л ортақ етіс жұрнағы ма? (жоқ) 7. Күрделі сөздер жасалу жолына қарай 5 түрге бөліне ме? (жоқ) 8. Екінші сан есімі реттік сан есім бе? (иә) 9. Ойна, басқар сөздері туынды етістік пе? (иә) 10. -ғыр, -гір, -қыр,-кір жұрнағы есім сөзден сын есім жасайтын жұрнақ па? (жоқ) 11. Сол, осы, әне жіктеу есімдігі ме? (жоқ) 12. Жұрнақ 3 түрлі бола ма? (жоқ) 13. Қосарлама қос сөз жасалу жолына қарай 3-ке бөліне ме? (жоқ) 14. Қызыл сөзі зат есім бе? (жоқ) 15. Ортақ етіс жұрнағы сабақты етістікті салт етістікке айналдыра ма? (жоқ)
3-оқушының сұрақтары:
1. Бір, бірдеме, кейбір есімдіктері болымсыздық есімдігі бола ма? (жоқ) 2. Ығы-жығы қайталама қос сөз бола ма? (жоқ) 3. Жалғау 4 түрлі бола ма? (иә) 4. -у жұрнағы көсемшенің жұрнағы ма? (жоқ) 6. Нақтылы тануға болатын зат есім деректі ме? (иә) 7. Етістің бес түрі бар ма? (жоқ) 8. Қазақ тілінде 9 сөз табы бар ма? (иә) 9. Кімнің? Ненің? Сұрақтары атау септігінің сұрақтары ма? (жоқ) 10. Қаладан қайт сабақты етістік бола ма? (жоқ) 11. Қанша? Неше? Реттік сан есім сұрағы ма? (жоқ) 12. Адамгершілік сөзі деректі зат есім бе? (жоқ) 13. Ештеме, ештеңе, ешкім болымсыздық есімдігі ме? (иә) 14. -ған, -ген, -қан, -кен есімшенің жұрнағы ма? (иә) 15.-дыр, -дір, -тыр, -тір өзгелік етіс жұрнағы бола ма? (иә)
3. «Тіл - өнер»
Көп тіл білген кісінің көкжиегі кең, өрісі ұзақ. Көп тіл білу – бүгінгі заман талабы. Мақалдағы ерекшеленген сөздерді орысша, ағылшынша айту керек)
1. Жеті жұрттың ... біл,
Жеті түрлі білім біл. (тіл-язык-language)
2. Мақал - сөздің ... . (ата-дед-grandfather)
3. Ер қанаты - ... . (ат-конь, лошадь-horse)
4. Жігіттің үш ... бар. (жұрт-люди-peeple)
5. ... сөйлесең де ойлап сөйле. (ойнау-играть-play)
6. Тамағы тоқтық, ... жоқтық аздырар адам баласын. (жұмыс-работа-work)
7. ... бітер ісіңді ертеңге қалдырма. (бүгін-сегодня-today)
4. «Жеті жұмбақ»
1. Параллель түзулер деген не?
(Бір жазықтықта жататын бір-бірімен қиылыспайтын түзулер)
2. Тыныс алу деген не? (органикалық қосылыстардың тотығуы)
3. 21 жасында үш жүзді біріктіре отырып бас болған кім? (Әйтеке)
4. Адамның сүйегінің қалдығы арқылы оның жасын, нәсілін анықтаитын ғылым қалай аталады? (Антропология)
5. Халық әншілерін тыңдап, мыңдаған әндерді нотаға түсірген ғалым кім? (Затаевич)
6. Афоризмнің авторы кім?
«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» (Абай)
7. Атақты қазақ суретшісі Ә. ... (Әбілхан Қастеев)
(Ойыннан бір бала шығады, екі бала қалады)
5. «Тапқырлық»
«Тауды биік демеңдер, талаптансаң шығарсың» дегендей сайыскерлердің тапқырлығы, ұшқыр қиялы көрінетін кезең
Тіліміздегі тұрақты тіркестерді қалай меңгергендіктерін тексерейік. Берілген сөздерге сәйкесінше тұрақты тіркес құрау керек. Қамшы (Қамшының сабындай). Ит (Ит арқасы қиянда). Қыз (Қыздың жиған жүгіндей). Ауыз (Ауыз ашпау, ауыз салу). Көз (Қас пен көздің арасында). Су (Салы суға кету). Кейін (кежегесі кейін тарту). Етік (Екі аяғын бір етікке тығу). Тон (Ат-тонын ала қашу). От (Бетінен оты шығу) (5 ұпай)
6. «Сәлем - сөздің анасы»
Шағын ойтолғау жазу
7. «Жорға»
Оқушылар өздерінің білетін кез келген бір өлеңін мәнерлеп оқиды.
(Оқушылардың оқу мәнері ескеріледі, 10 ұпаймен бағаланады)
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Осы сайыстың жеңімпазы,
«Тіл білгірі» атағын иемденген оқушымызды анықтау мақсатында сөз кезегін мектебіміздің ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары Мүсілімова Күмісай апайға береміз.
Сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларға рақмет айтамыз.
Біздің тіліміз - ең қымбат мүлкіміз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Тіл білгірі" интеллектуалды сайысы

шағым қалдыра аласыз