400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тіл білгірлері"атты сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
5-6 сыныптармен өткізілетін зияткерлік сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зияткерлік ұрпақ ел тірегі атты интелектуалды ойын барысында өткізілетін

«Тіл білгірлері » атты сайыс ережесі


Өткізу ережесі:

1.Сайыс мақсаты оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру , пәнге қызығушылық арттыру ,ой-өрісін дамыту

2.Іс-шара мектептін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі


  1. Өткізу мерзімі мен орны

Сайыс 2018жылғы 22 қазан күні сағат 14,30-да мектептің акт залында өтеді .

  1. 3. Қатысушылар

Іс-шараға мектептең 5-6 сынып оқушылары командасы қатысады.Команда

құрамында 6 оқушы болуы тиіс.

Қатысушы оқушылардың дайындығына ,өткізу кезіндегі қауіпсіздігіне сынып жетекшілері жауапты.

Өткізу шарттары:

Сайыс 5 кезеңнен тұрады:

1.Бәйге кезеңі (Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша сұрақтар)

Барысы:2.Көркем шығарма кезеңі берілген үзінді авторы мен шығарма атын табуы тиіс

3.Тұлғаны таны кезеңі берілген фотодағы ақын-жазушының аты-жөні мен білетін мәлімет беру

4.Сөзінің көркі-мақал кезеңі берілген мақал-мәтелді жалғастыру

5.”Зергеp”,”Достық”,”Туған жер ”,”Ана тілі ”,”Табиғат”,”Жақсылар,Дастан,Айтаиын”…

Тақырыптары және Абай өлеңі жатталуы тиіс, (жеребе бойынша таңдау жасалған өлең жатқа оқылады )

6.”Топ башлылар сайысы кезеңі(топ башыларына арнайы тапсырма беріледі)”

Конкурсқа қатысушыларға талаптар:

Қатысушылар бірыңғай үлгідегі киімді болуы тиіс ,топ аты, ұраны,таныстыру,эмблема.

Марапаттау.

Сайыс жеңімпаздарын қазылар алқасы анықтайды.

Жүлдегерлер мадақтама және бағалы сыйлықпен марапатталады.




Ұйымдастыру кезеңі.


Қымбатты ұстаздар, оқушылар!


Бүгінгі 5-6 сыныптар оқушыларының арасында өткізілгелі


отырған «Тіл білгірлері» атты сайысымызға қош келдіңіздер!


Қазақ тілі - өте бай тіл. Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін барлық өнердің басы деп санаған. Сөз өнері –халық даналығының жемісі. Әдебиет –халқымыздың рухани өмірінің айнасы, ана тіліміздің өміршеңдігінің, ұлттығымыздың, халықтығымыздың белгісі. Олай болса, бүгінгі сайыс барысында осы қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушыларымыздың ой-өрісін,білімдерін,ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз.

Олай болса қатысушы топтарды өз орындарына шақырамыз.

(Әр топ өздерін таныстырып,ұрандарын айтып,орындарына тұрады)


(Әділқазылармен таныстыру)

-Әділ қазы, ақ қазыға сәлем бер,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар, сайыстарда неше бір

Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар: ...





Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін:


Бірінші кезең: «Бәйге» әр командаға қазақ тілінене сұрақтар

беріледі

Екінші кезең. «Көркем шығарма»көркем шығармадан үзінді беріледі ,сол

үзінді қай шығармадан алынғанын табу

керек.

Үшінші кезең: «Тұлғаны таны» тақтаға шыққан суретте кім бейнеленгенін

табу керек

Төртінші кезең: «Сөздің көркі- мақал» берілген мақал мәтелді жалғастыру


Бесінші кезең: «Зергер» әр топ келіп қағаз қиындыларын таңдап

алып,сол тақырыпқа сәйкес көркем сөз

оқиды

Алтыншы кезең: «Топ басшылар сайысы» бейнесұраққа жауап беру


«Бәйге» кезеңі

-Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер,-деп сайысымыздың алғашқы шарты «Бәйге» кезеңін бастаймыз.

Бұл кезеңде сіздер 2 минут ішінде қазақ тілі пәні бойынша10 сұраққа жауап берулеріңіз керек. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

Бәйге кезеңін бастау үшін топ басшалары келіп жеребе суырып, кезегін анықтасын.

1-топ

1. «Сұлу» сөзінің синонимін табыңыз. (* Әдемі).

2. Жалғаудың түрлерін ата. (көптік, септік, тәуелдік, жіктік)

3. «Қап-қара,аппақ» сөздері қай шырайда қолданылып тұр? (Күшейтпелі шырай)

4. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар(9)

5. Қашан? Қалай? Қайтіп? Не үшін? Қай сөз табының сұрақтары? (Сын есім)

2-топ

1. Бес асыл істі ата (Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

2. «Қоян жүрек» фразеологизмінің мағынасын табыңыз. (қорқақ)

3. Мақалды толықтырыңыз: «Білім -теңіз...» (Мектеп- кеме)

4. Ұлы жүздің биі (Төле би)

5. Тіл сөзінің орыс, ағылшын тіліндегі аудармасы (Язык, language)

3-топ

1. Етістіктің сұрақтары (не істеді?,не қылды?,қайтті?)

2. –мен, -бен, пен қай септіктің жалғауы? (Көмектес)

3. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала? (Фонетика)

4. Қандай? Қай? Қанша? Неше? Қай сөз табының сұрақтары? (Сын есім)

5. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер тобы? (диалект сөздер)

4-топ

1. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңыз. 16 желтоқсан -... (Тәуелсіздік күні)

2. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? Ашық және

қысаң

3. Бес дұшпанды ата (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

4. «Қолы ашық» фразеологизмінің мағынасы (жомарт)

5. Астана сөзінің орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармасы (столица, capital)

5-топ

1. Әліпбидегі таңбалар қалай аталады? (Әріп)

2. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі? (Түбір)

3. Дауысты да дауыссызда болатын? (У)

4. «Жақсырақ, әдемірек» қай сөз табы? (Сын есім)

5. ҚР Елбасы Н.Назарбаев президент болып қай жылы сайланды? (1991ж)

6-топ

1. «Ит арқасы қияңда» фразеологизмінің мағынасы? (алыс)

2. Мақалды жалғастыр Жалқаудың жаны тәтті... (Еңбектің наны тәтті)

3. Кімнің? ненің? Қай септік сұрақтары? (Ілік)

4. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңыз. 1-мамыр -... (Бірлік күні)

5. Ел сөзінің орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармасы (Страна, country)

Екінші кезең. «Кімнің шығармасы»


1-топ

1-сұрақ. Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күштi қанатты.

Мен жастарға сенемiн!
Мағжан Жұмабаев

2-топ

1-сұрақ. Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға. Абай

3-топ

1-сұрақ

.Қай ертегі?

Сол кезде аспаннан бір бұлт түйіліп келедіде,құлынды көтеріп алып

жөнеледі. «Керқұла атты Кендебай»

4-топ

1-сұрақ Қай жырдан алынған үзінді?

Сексенге жасы келгенше,

Бір бала көрмей Тоқтарбай

Қайғыменен қан жұтып

Ақылынан адасқан. Қобыланды батыр

5-топ

1-сұрақ

.Кімнің шығармасы?

Өнер - білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды Ыбырай

2-сұрақ Кімнің шығармасы?


Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Абай
6-топ

1-сұрақ

.Кімнің шығармасынын алынған үзінді?
Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екiншi рет тар жерде

жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма дедi, – дейдi.

«Жаман жолдас» Ыбырай

Алтынсарин

2-сұрақ

. Кімнің шығармасынан алынған үзінді?


«Боламын мен де сонау Өгіздей», - деп,
Жел тартып, ісіп-кеуіп, қарнын керді.
Сұрады жолдасынан: «Толдым ба? - деп,
-Өгіздей анау тұрған болдым ба?» - деп.

Ахмет Байтұрсынов


«Өгіз бен бақа»

3- кезең«Тұлғаны таны» кезеңі











4-кезең «Сөздің көркі мақал»

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.

12.


5-кезең «Зергер»Көркем сөз оқу(оқушылар қағаз қиындыларын таңдап алып,сол жанрға қатысты көркем сөз оқиды)

1.Достық

2.Туған жер.

3.Ана тілі.

4.Табиғат лирикасы

5.Абай

6.Жақсылар,дастан айтайын


6-кезең «Бейнесұрақ» мектеп мұғалімдерінен сұрақ


Осымен сайысымыздың алты кезеңі де аяқталды.

Болмасын ешбір сын – өкпе,

Әсері қалды жүректе.

Қазылар берген бағалар,

Ұштассын айтар тілекке!

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Демеңіз біз өнерді аяп келді,

Уақыт біраз жерге таяп қалды.

Көріскенше қош сау болып тұрыңыздар,

Осыменен сайысымыз аяқталды!

 






.Достық


.Туған жер.


.Ана тілі.


.Табиғат лирикасы


.Абай


.Жақсылар,дастан айтайын


Бағалау парағы

Топ атаулары

1-КЕЗЕҢ

«БӘЙГЕ»

2-КЕЗЕҢ

««Көркем шығарма»

3-КЕЗЕҢ

«Тұлғаны таны»

4-КЕЗЕҢ

«Сөздің көркі- мақал»

5-КЕЗЕҢ

«Зергер»

6-КЕЗЕҢ

«Топ басшылар сайысы»

1-топ












2-топ












3-топ













4-топ












5-топ













6-топ















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
21.02.2019
1145
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі