Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
тіл дамыту
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні: 08.12.2015ж Пәні:Тіл дамыту
Бекітемін: А.Шарафаденов
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ .Сөйлесу үлгілері
Сабақтың мақсаты: 1.Сөйлемнің сөзден құралатыны, белгілі бір тиянақты ойды білдіретіні туралы түсінік беру; сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен окуға үйрету.
2. Сөйлемнің алғашқы созін бас әріппен бастап жазып, соңына тыныс белгісін дұрыс қоюға дағдыландыру.
3.Сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кестелер, карточкалар, сюжетті суреттер.
Техникалық көрнекіліктер: Интерактивті тақта,компьютер, музыкалық орталық, электрондық кітапша.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
А) Ән-ұранды айтқызу
2.Үй тапсырмасын тексеру. А)4 жаттығу
3.Жаңа сабақ .Жаңа сабақты түсіндіру.
А) Қайсысы сөйлем? Тыныс белгісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Көктем келді. Көктем келіп
Ол қонаққа амандасты. Сәлем беру
1-жаттығу.Сөздер мен сөйлемдерді оқыту, Сөздер мен сөйлемдерді салыстыру. Олардың айырмашылықтарын айту. Сөйлемдерді көшіріп жаздыру.
2-жаттығу (ауызша) Айжанның жазғанын оқыту. Айжанның жазуы неге қиын болды? Ол сөйлемнің қандай ережелерін бімейді?
3-жаттығу Өлеңді түсініп оқыту. Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгі қойылады?
4-жаттығу. Тақтамен жұмыс. Мәтінді оқыту. Ондағы сөйлемдердің ара жігін тауып көшір. Әр сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады? Тиісті жерге нүкте қойып жазғызу.
Сабақты бекіту 1.Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
2.Сөйлем сөзден құралады.
3.Сөйлемдегі сөздер бәлек жазылады.
4.Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылады
5.Сөйлемнің соңына тыныс белгісі қойылады.
8.Сабақты аяқтау.
Күні: 05.12.2015ж Пәні:Тіл дамыту
Бекітемін: А.Шарафаденов
Сабақтың тақырыбы: Самат қалай ауырды?
Сабақтың мақсаты:1. өлең мазмұны мен идеясын ашуға, өлеңді өмірмен байланыстыра
талдауға мүмкіндік беру. Өлеңнің оқылу мәнерін іздету
2. оқушының шығармашылық мүмкіндігі мен дәстүрден тыс ойлау
мүмкіндігіне қол салу.
3.дене саулығы мен жан саулығының табиғатпен үйлесімділігін
түсінуге, әсемдікті түсінуге жағдай туғызу.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, бор, маркерлер, интерактивті тақта, мақалдар, қосымша материалдар.
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылықты ояту.
Сабақтың осы кезеңін өз қалауыңыз бойынша түрлі жұмыстармен ашуға болады.
-
Терезе желдеткішін ашып. Оқушыларға көздерін жұмып, даланың таза ауасын қалай сезінгендерін топтау арқылы жинақтауды ұсыну. Немесе:
-
Семантикалық карта дайындап, оқушыларға тарату.
-Балалар, сендер күнде ұйқыдан белгілі бір мезгілде тұрасыңдар.
-Үйлеріңде кім ерте тұрады?
Оқушылардың айтқанын тыңдап, қорытындылап, тақтаның семантикалық картаның бірінші бөлігіне жазу.
-Ал ақын Т.Абылайханов «Самат қалай ауырды?» деген өлеңді өте қызық жазған екен. Сендер алдарыңдағы картаның бірінші бөліміне өздерің өлеңнен ерте тұратындар кім, не екенін ести отырып, кейіпкерлерді түртіп алып жазып отырыңдар (егер мүмкіндігіңіз бар болса, өлеңді интерактивті тақтаға немесе парақшаға жазып беруге болады).
Мысал ретінде үлгі кесте
Самат ауырды (кім?не?) |
Жылы жүрудің пайдасын білемін |
Сұрағым |
Үйрендім |
Күн |
Таң атты |
Ақын қалай қиялдай біледі? |
Мақалдар |
Шана |
Шанамен сырғанады |
Қыста қандай қызық бар? |
|
Достары |
Ойынға шақырды |
Бұған шыдап тұратын Самат па? |
|
Қар |
Он құлады,он тұруы |
Ойынның қызығы |
|
Қыс |
Өзіне өзі тапты |
Қарды жеуге болмайды? |
|
Самат |
Ауырып қалды. |
Суық қайдан тиген? |
|
Осы тақырыпқа байланысты «Қызықты сұрақтарды» картаның 2-бөлігіне оқушылар өздері жазады. Оқушылардың мәселе көтерген қызықты сұрақтары тақтадағы картаға түседі.
Оқушылардың қызық, күлдіргі сұрақтарына көңіл аударып, соңғы сұрақты тірек ретінде жаңа сабақ тақырыбымен байланыстыру.
II.Мағынаны тану.
Автормен таныстыру.
Талдау кезінде тәрбиелік мәні болған мәселелерді көтеру, байқату.
III.Ойтолғау.
а) Мақалдарды жинастыру.
Денсаулық – зор байлық.
Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
Дені саудың - жаны сау.
Жаңа сабақтан білген, сезгендерін картаның соңғы бөлігіне жазу.
Өлеңдегі адам денсаулығына күн тәртібінің үлкен маңызын байқату, сездіру қажет. Семантикалық карта бойыша сабақтан алған пайдалы кеңестер топтамасына шолу жасау.
Табиғаттың әсемдігі мен адамды сақтаудағы рөлін айта кетіп, «5 жолды өлең» стратегиясында пайдалануға болады.
Оқушылардың жұмыстарына, сөйлеу, оқу мәнерлеріне талдау жасап бағалау.
Үйге күн тәртібін жасап келуге тапсырма беру.
Өлеңді жаттап келуді тапсыру.Ертегіні түсініп оқып келу.
Күні: 15.12.2015ж Пәні:Тіл дамыту Сыныбы:2 а
Бекітемін: А.Шарафаденов
Сабақтың тақырыбы: Жазба жұмысы(Сурет бойынша әңгіме)
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды көргенін,естігенін дұрыс қатесіз жазуға үйрету.
2.Оқушылардың шығармашылық қабілетін,пәнге деген қызығушылығын арттыру
3.Оқушыларды сауаттылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың жүру барысы
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ
Дәптермен жұмыс
1.1Суреттегі заттардың атын жаз. Әр сөзде неше дыдыс және неше әріп бар екенін цифрмен жазып көрсет.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------1.2Жоғарыда берілген суреттегі заттардың атауларын қатыстырып,үш сөйлем құрап жаз.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------1.3Қаңбақ,елік,қоңыз,өрмекші сөздерін буынға бөліп жаз.---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------1.4Сөйлемді аяқта.Жұмбақты шеш
Қолы жоқ сурет-------------------------------------------------------------------------------------------
Тісі жоқ тістеп--------------------------------------------------------------------------------------------
1.5Әр сөзде неше буын бар?Буын санын жақшаның ішіне жаз.
қармақ--------------------------------------------------------ойыншық
момақан -----------------------------------------------------кебеже
шақ-----------------------------------------------------------------үй
Өзіндік жұмыс
Заттың сынын білдіретін сөздерді заттың атын білдіретін сөздермен сызық арқылы қос.
ә демі қауын қызық
дәптер биік қалың
тәтті ертегі көйлек
тау
Шығармашылық тапсырма
3 Сурет бойынша сөйлемдер құра.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Суреттегі заттардың атын буынға бөліп жаз.
Дұрыс жазылған сөзді үйге орналастыр.
жантаю |
көркейу |
еңкею |
шалқаю |
сарғаю |
жайу |
молаю |
тойу |
байу |
Қорытындылау;Сабақты бекіту:-Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Күні: 22.12.2015ж Пәні:Тіл дамыту Сыныбы:2 а
Бекітемін: А.Шарафаденов
Сабақтың тақырыбы: Төрт мезгіл (Ертегі)
Сабақтың мақсаты:1.Ертегі мазмұнын түсініп оқу, жыл мезгілдері туралы білімдерін дамытуға мүмкіндік жасау.
2. Кейіпкерлерге сипаттама беру арқылы
оқиғаны өмірмен байланыстыра білуге үйрету. 3.Табиғатты сүюге, еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:топтар атауы үшін ертегі кейіпкерлерінің бейнесіндегі қатырмақағаз қою.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
I.Қызығушылықты ояту.
Кейіпкерлерді қандай да бір белгілеріне қарай топтау:
Алтын балық
Мыстан кемпір
Қаңбақ шал
Төрт мезгіл
Неліктен солай топтасқандары туралы сұрастыру.
II.Мағынаны тану.
Осы ертегідегі кейіпкерлері бар "Төрт мезгіл" ертегісімен таныстыру.
Мәтінді абзацтарға бөліп топтарға беру.Мәтінді дұрыс құрастырту.
Әр топтың жұмысы тексеріліп оларға ертегі мазмұнын ашатың сұрақтар қою.
Ертегінің бөлімдеріне жоспар құру.
Төрт мезгілдің ертегі екенін дәлелдеу.
Ойтолғау.
Ертегі кейіпкерлері бойынша талдау жасау.
Дәптермен жұмыс.Үйге тапсырма беру.
Қорытынды
Бағалау.
Күні: 29.12.2015ж Пәні:Тіл дамыту Сыныбы:2 а
Бекітемін: А.Шарафаденов
Сабақтың тақырыбы: Сөздік жұмыс
Сабақтың мақсаты:Оқушылармен сөздік жұмыстар жүргізу.
2Оқушылардың қызығушылығын дамыту
3.Оқушыларды сауаттылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың жүру барысы:Ұйымдастыру
Сурет бойынша сөйлемдер құрастыр
Жаңа сабақ.
Дәптермен жұмысы.1-тапсырма
Хабарлы,сұраулы,лепті сөйлемдерді тап.Оларды сызық арқылы қос.
К ел билейік,кел билейік! Хабарлы сөйлем
Н еге тұрсың билемей? Сұраулы сөйлем
Кел, билейік, іркілмейік. Лепті сөйлем
Неге отырсың үйренбей?
2-тапсырма. Сөзді мағынасымен сәкестендір.Сызықпен қос.Оны жаз.
ауада ұшатын көлік
Қайық Жерде жүретін көлік
суда жүзетін көлік
3-тапсырма
Суретке қарап шағын әңгіме жазу.
Аю неден оянды? Ұйқыдан оянған аю қандай болады? Иттер аюдан құтыла ма?
Керекті сөздер: апан, ұйқыда, иіс сезгіш, жыртқыш аң, аңшымен бірге, қыста қатты үрген дауыстан, шошыды.
Ашулы аю.
Қорытынды.
Бағалау.
Күні: 19.01.2016ж Пәні:Тіл дамыту Сыныбы:2 а
Бекітемін: А.Шарафаденов
Сабақтың тақырыбы: Батырлар туралы альбом жасау
Сабақтың мақсаты:
1.Ұлы Жеңісті дәріптеу,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
2.Ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп,,рухын көтеру,үлгі-өнеге тұту.
3.Отанын ,туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,мақал-мәтелдер
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру
«Ежелден ел тілегі-ер тілегі,
Адал ұл ер болып туса-ел тірегі»Б.Момышұлы
«Құс ұясын қорғайды,адам Отанын қорғайды»Ә.Нұршайықов
Демекші біздің ата-бабаларымызда Қабанбай,Наурызбай,Бөгенбай,Жәнібек сынды батырлар өмір сүрген.
Ер қаруы бес қару
Найза,қылыш,,айбалта, мылтық,пистолет,винтовка,автомат,
Шоқпар,садақ пулемет,миномет т.б
Ұлы Отан соғысына қатысқан қандай батырларды білесіңдер?
Әлия Молдағұлова,Мәншүк Мәметова,Қасым Қайсенов,Нүркен Әбдіров,Жұмағали Саин,Талғат Бегелдинов,Мәлік Ғабдуллин,Бауыржан Момышұлы,Рақымжан Қошқарбаевсияқты есімдері аңызға айналған аға-апаларымыздың тарих бетінде«Батыр»деп жазып кетті.
Қорытынды;-Қазақ батырлары кімдер екен?
-Олар қандай қару ұстаған?
Ерлік,батырлық туралы қандай мақалдар білесіңдер?
«Ер елдің ық жағының қаласы,
Жел жағының панасы»
Батыр туса-ел ырысы,
Жаңбыр жауса-жер ырысы
Бекіту;
Үйге тапсырма:»Батыр туса-ел ырысы»тақырыбына альбом жасау.
Күні: 26.01.2016 ж Пәні:Тіл дамыту Сыныбы : 2а
Бекітемін: А.Шарафаденов
Сабақтың тақырыбы: Диктант.Қатемен жұмыс
Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың тақырыптарды қандай дәрежеде меңгергендігін тексеру.
2.Оқушылардың сауаттылы,ын арттыру, сөздік қорларын молайту..
3.Оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Жаңа сабақ
Оқушыларды диктант мазмұнымен таныстыру.Бір-екі рет оқып беру.
Абай
Абай-жас кезінде ертегі жырларды тыңдағанды жақсы көретін еді. Әкесі
Құнанбай оны Омбы қаласына оқуға жіберді.Абай жазда аулына келіп
демалатын.Әжесі Зере ертегі,батырлар жырын көп білетін.Абай оны сүйсіне тыңдайтын.Анасы Ұлжан да әңгімешіл еді.(36)
Қорытынды.
Диктант жұмысын оқи отырып тыныс белгісін тексеру.
Тапсырма:
1.Ертегі,жырларды,Құнанбай сөздерін буынға бөліп жаз.
2.Жер-су, кісі аттарының астын сыз.
Қатемен жұмыс
Оқушылар жазба жұмыстарын тексеріп,өз қателерін өздеріне таптыру.
Мысалы:ауылына -аулына
Бағалау.
Күні: 02.02.2016 ж Пәні:Тіл дамыту Сыныбы : 2а
Бекітемін: А.Шарафаденов
Сабақтың тақырыбы:Жирен жаман әдеттен.Тыйым сөздер
Сабақтың мақсаты : Оқушыларды кішіпейілділікке,үлкенді сыйлауға үйрете отырып,жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп,жаман әдеттен жирену туралы түсініктерін дамыту.Тыйым сөздер туралы мағлұмат беру.
Сабақтың әдісі:әңгімелеу,сұрақ-жауап
Көрнекілігі:нақыл сөздер жазылған плакаттар
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру
Абай атамыздың қандай өсиетін білеміз?
- Неге асық,неден қашық бол дейді?
Еңбек,талап,терең ой, өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,
Қанағат,рақым малшашпақ
Үлкенді сыйлау,жақсы адам болып қалыптасу отбасынан басталады.
-Ендеше туыстық атауларға байланысты сөздік диктант жазайық.
Апа,ата,шеше,әке,нағашы,ағайын,тума,туыс,әже,әпке,аға,қарындас,жиен,немере,шөбере,бөле,бажа,балдыз,жезде,жеңге.
Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі-тыйым сөздер.Есі кірген балаларды жаман әдет,жат пиғыл,орынсыз қылық,теріс мінездерден сақтандыру.Тізені құшақтау- жалғыз қалудың қолды төбеге қою-ел-жұрттан безінудің,үлкеннің жолын кесу-әдепсіздіктің,асты төгу ысыраптың белгісі.
1.Берілген тыйым сөзге топ болып талдау жасау,мағынасын ашу.
Ақты төкпе. Үлкеннен бұрын сөйлеме.
Нанды бір қолмен үзбе. Шашыңды жайма.
Орындықта аяғыңды айқастырып отырма . Кемтарға күлме.
2.Тыйым сөздер арқылы берілген өлең жолдарын жалғастыр (екі жолын)
А)Ақты төгіп тастама, .................... б) Итке ожаумен ас құйма,..................
Жамандықты бастама ....................... Итті және басқа ұрма.......................
В)Жылама сен өтірік,...................
Ойнап жүр ылғи секіріп..............
Сабақты бекіту:-Бүгінгі сабақтан не білдік?
Тапсырма: тыйым сөздер жазып келу.
Күні: 09.02.2016 ж Пәні:Тіл дамыту Сыныбы : 2а
Бекітемін: А.Шарафаденов
Сабақтың тақырыбы: Сенің кім болғың келеді?
Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып,болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп,қызығушылықтарын арттыру.
2.Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру,шығармашылыққа баулу.
3. Мамандық таңдай білуге,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:мамандық туралы суреттер,мамандық міндеттері.
Сабақтың әдісі:
Сабақтың барысы:І ұйымдастыру.
Мен таңдаған мамандық.—Кім болғың келеді?
Дәрігер,шахтер,тәрбиеші ,актер,наубайшы,машинист,шофер,құрылысшы,егінші, дүкенші,есепші,аспаз,спортшы.
-Мамандық дегеніміз не?
Мамандық-адамның еңбек қызметінің түрі.Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады.Өмірден өз орнын тауып,елімізге қажетті кәсіп иесі болу.Әрине,біреуің ертең ақын,екіншің инженер,үшіншің құрылысшы боласың.Жаман мамандық жоқ.Мамандықтың бәрі жақсы.
-Қандай мамандық түрін білесіңдер?
Мұғалім,кітапханашы, есепші,аспаз,сәулетші,дәрігер,заңгер,шахтер,тігінші
-Сендер қай мамандықты көбірек естисіңдер?
Мұғалім,кітапханашы, есепші,аспаз,сәулетші,дәрігер,заңгер,шахтер,тігінші
-Ал балалар,кім еңбектің қас жауы жалқаулық туралы мақал-мәтелдер біледі?
Су ырыстың көзі.Еңбек кірістің көзі.
Жаманға жан жуымас,Жалқауға мал жуымас.
Жұмбақ шешу
1.Қалағы бар қолында,кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)
2.Ожауы бар қолында,кімді айттым ойымда? (Аспаз)
3.Күрегі бар қолында,кімді айттым ойымда? (Диқан)
Сабақты қорытындылау:Абай атамыз айтқандай «Болмасаң да ұқсап бақ,бір ғалымды сүйсеңіз.Ондай болмақ қайда деп,айтпа ғылым сүйсеңіз»дегендейалға ұмтылып,армандарымызға жетіп,жақсы мамандық иесі болыңдар!
Болашақта сіздерді үлкен маман иесі болады деп зор үміт күтеміз.
Күні: 16.02.2016 ж Пәні:Тіл дамыту Сыныбы : 2а
Бекітемін: А.Шарафаденов
Сабақтың тақырыбы: Жеті атасын білмеген жетім
Сабақтың мақсаты:1.Өз елін,жерін,қадірлеуге үлкенді сыйлауға,кішіге ізет көрсетіп жеті атасын білуге тәрбиелеу.
2.Сөздік қорын байытып,зейінін тұрақтандырып ойлану,салыстыру қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,сұхбаттасу.
Сабақты дидактикалық материалдармен қамту:слайд,қосымша материалдар
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру
Киелі сан жеті деген
Байланысты жетіменен
Көп ұғымы халқымыздың
Белгісіндей салтымыздың
Жеті қабат көк жер үсті
Жеті қабат жер асты
Жеті Жарғы-заң жеті
Қазынамыз бар жеті
Жеті атамыз жеті жұрт,
Ағайынды жеті құт. (Е.Өтетілеуов)
ІІ.Жаңа сабақ . Жеті атасын білмеген жетім
Жеті атаны үйрету әке-шешенің не болмаса ата-әженің борышы.Жеті атаңды білмесең жетесіз болып өтесің.
Жеті ата
1.Ата 1.Өзің
2.Әке 2.Әкең
3.Бала 3.Атаң
4.Немере 4.Бабаң
5.Шөбере 5.Арғы бабаң
6.Шөпшек 6.Түп атаң
7.Немене 7.Тек атаң
Көшіріп жазу. Жеті ата
Ата-бабамыздың жалғасқан дәстүрі,жеті аталық ұстаным.Ол қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында ата-тектің жалғасуын реттейтін қасиет.Жеті атасын білу әрбір азаматтың борышы болып саналады.
Видеоролик «Әке мен бала»
Қорытынды: «Жеті атасын білген ұл
Жеті жұрттың қамын білер.
Жеті атасын білмеген,
Құлағы мен жағын жер»
-деген жүйелі сөз көп мағынаны білдіреді.
Сабақты бекіту:Бүгінгі сабақтан не үйрендік?
Үйге: Жеті атасын білу,жаттау.
Күні: 16.02.2016 ж Пәні:Тіл дамыту Сыныбы : 2а
Бекітемін: А.Шарафаденов
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімі мен білігін тест бойынша тексеруді қарастыру,
1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының түсі
а. қызыл ә. көгілдір б. сары және ақ жолағы бар
2. Пырақ қай рәмізде бейнеленген?
а. Ту ә. Елтаңба б. Әнұран
3. «Келешек ғажайып, келешек ғаламат» өлең жолы қай мәтіннен?
а. «Үш бақытым» өлеңінен ә. «Туған тілім» өлеңінен б. Әнұраннан
4. «Ел іші...» нақыл сөзді аяқта.
а. ... от басынан басталады ә. ... өлең төсегім б. ... алтын бесік
5. Мемлекеттік рәміздегі қыранның бейнесі еліміздің несін білдіреді?
а. байлығын ә. еңбекқорлығын б. тәуелсіздігін
6. «Белгі» сөзіне мәндес сөз.
а. нышан ә. әрекет б. тәуекел
7. Т. Молдағалиев қай рәміздің авторы?
а. Елтаңба ә. Әнұран б. Байрақ
8. Мемлекеттік Әнұранды құрастырушы авторлар саны.
а. 4 ә. 3 б. 2
9. М. Мақатаев жырлаған үш бақыт
а. жер, тіл, мәдениет
ә. өнер, денсаулық, табиғат
б. халық, тіл, Отан
10. «Тым аласа» сөзімен мағыналас сөз
а.жермешел ә. шағыл б. кірбің
Жауап кілті
Сұрақ |
1. |
2. |
3. |
4. |
5. |
6. |
7. |
8. |
9. |
10. |
Жауап |
ә |
ә |
б |
б |
б |
а |
ә |
а |
б |
а |
Сабақты бекіту: -Балалар қандай тақырыптағы білімді қайталадық?
Үйге тапсырма:Отан туралы мақал-мәтелдер жазып келу
Күні: 01.03.2016 ж Пәні:Тіл дамыту Сыныбы : 2а
Бекітемін: А.Шарафаденов
Сабақтың тақырыбы:Нені жақсы көресің?
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың өмірде жақсы көретін істері туралы сұрай отырып,жақсы істер,мамандық туралы ұғымдарын кеңейту.
2.Оқушылардың тілін,сөздік қорын дамыту.
3.Жақсы, жаманды ажыратуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру
ІІ.Психологиялық дайындық.
-Бүгін қандай күн? -Алғыс айту күні екенін білдік.
-Ал,ендеше бір-бірімізге жақсы тілектер тілеп алғыс айтайық.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Әркімнің өзі айналысатын немесе айналысқысы келетін сүйікті ісі болады.Жақсы көретін ісімен айналысқан адам өз еңбегімен қуанады.
-Ал сендердің сүйікті істерің қандай?
-Нені жақсы көресіңдер?
Осы тақырыпта шығарма жаздыру.
-Демалыста немен айналысасыңдар?
-Балалар еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
1.Ісі кенеулінің –есімі елеулі.
2.Жақсы жұмыс-жанға тыныс.
3.Біткен іске сыншы көп.
4.Біткен істің міні жоқ,
Бітірген ердің кемі жоқ.
5.Істегенің еліңе жақсы,
Үйренгенің өзіңе жақсы
Сабақты бекіту: Ұлы Абай 19 қарасөзінде « Адам ата-анадан туғанда есті болмайды:естіп,көріп,ұстап,татып ескерсе дүниедегі жақсы,жаманды таниды дағы сондайдан білгені,көргені көп болған адам білімді боладыЕстілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі есті болады.Соларды ескерсе,жаман дегеннен сақтанса,сонда іске жарайды,сонда адам десе болады »Сондықтан ненің жақсы,ненің нашар екенін сендер өскесін ажыратасыңдар.
Тақырыбы:Менің отбасым
Сабақтың мақсаты:Отбасы туралы түсінік беру,отбасы мүшелерін дұрыс атауға үйрету.
2.Дидактикалық материалды пайдаланып,балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
3.Отбасындағы үлкенге құрмет,кішіге инабаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері:сұрақ-жауап,түсіндіру
Көрнекілігі:шаңырақ,суреттер.
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру.
Жылулық шеңбері.
-Біздің шеңберіміз киіз үйге ұқсайды.Жоғарыдағы күмбез шаңырақ деп аталады.Шаңырақ-отбасының белгісі.Әр адам үлкен болсын,кіші болсын өз үйін жақсы көреді,себебі ол үйде оның отбасытұрады.Отбасының болуы-үлкен бақыт.Барлығымыз бірге айтайық.
Отбасы –ол бақыт
Отбасы-ол ата-ана
Отбасы –туыстарымыз,
Отбасы –ол шаңырақ
Кіріспе
Әр адамның өзінің үйі болады.Онда оның отбасы мүшелері тұрады.Ол біздің жақсы көретін ата мен әжеміз,әке мен анамыз,аға мен апамыз,бөпелеріміз.Отбасы болу үлкен бақыт.
Суретпен жұмыс
-Бұл суретті қалай атайсыңдар?
-Ал сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме?
-Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын,ал сендер кім туралы айтылғанын табыңдар?Ол өте мейірімді,ақ шашты,көзінің айналасында ұсақ әжімдері бар,сендерге жылы қолғап тоқиды.
-Бұл кім?
-Ал сендердің әжелерің не істей алады?
Ол әжеге көмектеседі,дүкенге және базарғабарады,зейнетақы алады,немерелеріне қарайласады.
-Бұл кім?
-Ал сендердің аталарың қандай?
Сендердің таза жүрулеріңе көңіл бөліп,жылы қабақ танытытын кім?
-Бұл кім?
Балалардың өз аналары туралы сұрау.
Ал,мына кісі қайтсем осы балаларымды ешкімнен кем қылмаймын,азаннан кешке дейін жұмыста жүріп,барлық тамақтың,киімнің ақшасын табатын адам?
-Бұл кім?
-Емін-еркін киімі бүтін,тамағы тоқ,ананың көңілі балада,олардың көңілі далада
-Бұл кімдер?
-Балалар мен сендерге « Бес саусақ»тақпағын оқып берейін,ал сендер мұқият тыңдап отырыңдар.(саусақтарды көрсетіп айту)
Бас бармағым - Атам
Үйдің данасы
Балаң үйрек-Әжем
Ошақ анасы
Ортан терек-Әкем
Отау тынысы
Шылдыр шүмек-шешем
Шаңырақ ажары
Титтей бөбек-сендерсіңдер
Бәрінің базары
-Мінекей балалар,біздің бес саусағымызды отбасы мүшелерінің аттарын қойып атауға болады екен.
Біз саусағымызды білеміз бе, қане айтып көрейікші..Осы тақпақты қайталай отырып,мыны қолдың саусақтарына отбасы мүшелерінің суретін қойып көрелік.
-Ал балалар отбасы туралы кім қандай тақпақтар біледі ?
Қорыту: - Біз кімдер туралы әңгімелестік?
Шығармашылық жұмыс.
Ата-ананы .........................,
Айтқанынан ......................
Қамқор болған бізге ылғи,
............................................
Сабақты бекіту;
-Бәріміздің де отбасымыз аман,деніміз сау болсын !
Күні: 15.03.2016 ж Пәні:Тіл дамыту Сыныбы : 2а
Бекітемін: А.Шарафаденов
Сабақтың тақырыбы:Табиғат Ана
Сабақтың мақсаты:1.Табиғат құндылығының маңыздылығы,табиғат пен адамның қатынасының үйлесімділігі туралы түсіндіру.
2.Табиғат байлықтарын бағалауға,сақтауға, табиғатты тануға жетелеу.
3.Табиғатты аялай білуге,қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру.
Шаттық шеңберін құрайық
-Балалар табиғат ана адамзат баласына бар қажетті барлығын беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін,бар қажетіне жаратсын деп мөлдір су берді,ғажайып жасыл әлем сыйлады,орман-тоғайымыз әдемі болсын деп,құсы мен аңдарын берді,қысқасы біздің өмірімізге қажеттінің бәрін табиғаттан алады екенбіз.Ол қандай мейірімді болса,жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа ,мейірімділікке толып тұр.
Тренинг«Мейірімділікті табиғаттан үйрен..»
Бір-біріне жақсы қасиеттерін білдіретін сөздер айтады.
Оқулықпен жұмыс.
Зейнолла Шүкіровтің Табиғат -ана мәтінін оқып,түсіну.
Мазмұнын ашу
Мәтін бойынша сұраққа жауап беру.
Шығармашылық тапсырма
Суретпен жұмыс. «Артық затты тап »
Ғажайып сөздер.Күн,су,ауа,-ТБИҒАТТЫҢ БІЗГЕ БЕРГЕН СЫЙЫ
12.04.2016 ж Пәні:Тіл дамыту Сыныбы : 2а
Бекітемін: А.Шарафаденов
Сабақтың тақырыбы:Отырғыз ағаш көктемде
Сабақтың мақсаты оқушыларды көктемгі табиғат және еңбек түрлерімен таныстыру.
2. Табиғат байлықтарын бағалауға,сақтауға, табиғатты тануға жетелеу.
3.Табиғатты аялай білуге,қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу
Сабақтың әдісі:топпен жұмыс,ой қозғау
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру.Шаттық шеңберін құрайық
-Балалар табиғат ана адамзат баласына бар қажетті барлығын беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін,бар қажетіне жаратсын деп мөлдір су берді,ғажайып жасыл әлем сыйлады,орман-тоғайымыз әдемі болсын деп,құсы мен аңдарын берді,қысқасы біздің өмірімізге қажеттінің бәрін табиғаттан алады екенбіз.Ол қандай мейірімді болса,жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа ,мейірімділікке толып тұр.
Тренинг«Мейірімділікті табиғаттан үйрен..»
Бір-біріне жақсы қасиеттерін білдіретін сөздер айтады.
Ой қозғау;
Дәптермен жұмыс
Суретке қарап әңгіме жаз.
Ж ылдың қай мезгілі суреттелген?
Ағашта қандай өзгерістер бар?
Жыл құстары қайда ауып барады?
Бала қандай көңіл күйде деп
ойлайсың?
Тиісті сөздерді орнына қойып,өлеңді жаз.
Жалқаулықты---------------қашпаймыз
----------------бастаймыз.---шынығамыз
Қиынсынып-----------------тастаймыз
---------------жастай біз.------жаттығуды.
Сабақты бекіту;
Сабақты қорытындылау.
Сабақ соңында мұғалім оқушылардың табиғат аясындағы сабақта көрсеткен белсенділік ынталарына разылық білдіріп, қорытынды жасайды. Оқушылар жинаған табиғи материалдарын сыныпқа өкеліп, кептіруге дайындайды. Үйге тапсырма береді.