жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тіл дамыту
ПІКІР
Кулекешова Айымгулдің «Тіл дамыту» бағдарламасы қазақ тілінен өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мен мазмұнды ойындар өткізуге арналған. Бағдарламада қазақ тілінен білімді пысықтауға, бекітуге көптеген тапсырмалар берілген. Түрлі тапсырмалар жүйесін үзбей жүргізу арқылы оқушылардың алған білімдерін кеңейту, шығармашылығын, қиялдау қабілетін дамыту мақсатын көздейді.
Қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тереңдету үшін бағдарламаның маңызы зор. Бұл бағдарлама негізінде оқушылардың сөздік қорлары, тіл байлығы артады. Лексикалық, фонетикалық, синтаксистік, морфологиялық талдауды үйренеді.
Пікір жазған: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Жумабекова
Түсінік хат
Алтыншы сыныпқа арналған бұл бейімдік бағдарламада жаңа кезең талабына сай ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі түрде меңгерген, өз ана тілі - қазақ тілінің ерекшеліктерін білетін, тіл білімі салалары бойынша талдай алатын тұлға қалыптастыру көзделген.
Бұл бағдарлама 6-сынып оқушыларына қазақ әдебиеті пәнінен өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мен мазмұнды ойындар өткізуге арналған. Бағдарламада қазақ тілінен білімді пысықтауға, бекітуге көптеген тапсырмалар берілген. Түрлі тапсырмалар жүйесін үзбей жүргізу арқылы оқушылардың алған білімдерін кеңейту, шығармашылығын, қиялдау қабілетін дамыту мақсатын көздейді.
Бағдарламаның өзектілігі:
Қазақ әдебиеті пәнінен алған теориялық білімдерін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы практикада ұштастыра білу.
Курстың мақсаты:
Әдебиет бойынша талдауды үйрете отырып, қазақ тілінің байлығы мен көркемдігін ұғындыру. Тілдің грамматикалық заңдылықтарын меңгерту ісінде оқушының ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту. Сонымен бірге сауатты жазу, әдеби тіл нормасы бойынша тіл мәдениетін арттыру мәселелеріне ден қойылады.
Міндеті:
-
Өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін жетілдіру;
-
Сөз мағыналарын үйрету;
-
Сөздердің мағыналық топтарына қарай түрлерін үйрету;
-
Сөздердің жасалу жолын, түбір мен қосымшаларын ажыратуды үйрету;
-
Тұрақты тіркестер мен олардың мағыналарын үйрету.
Бағдарламаны меңгеруде оқушыларға қойылатын талаптар:
-
Лексика саласы бойынша сөздік құрам мен сөздік қорды,
-
Сөздің тура және ауыспалы мағынысын,
-
Фонетика саласы бойынша дауысты және дауыссыз дыбыстардың жіктелуін,
-
Буын, тасымал түрлерін үйрету.
-
Күрделі сөздің түрлерін,
-
Синтаксис бойынша сөз тіркесін,тұрақты тіркестерді,
-
Сөйлем түрлері мен сөйлем мүшелерін үйрету,
-
Көркем, сауатты жазуға дағдыландыру,
-
Оқушылардың пән бойынша білімдерін кеңейту,
-
Морфологиялық, фонетикалық, синтаксистік талдауды үйрету.
Білім берудегі курстың алатын орны: қазақ тілін жетік меңгерген, сауатты да білімді ұрпақ тәрбиелеуде курстың маңызы зор. Ауызша, жазбаша тіл дамыту мақсатында шығармашылық қабілеттерін арттыру, пәнаралық байланысты нығайту.
Сабақтарды реттеу құрылымының модулі: оқушыларға материалдарды меңгертуде ойын арқылы дамыта оқыту технологияларын қолдану ең тиімді тәсіл деп ойлаймын.
Сабақты жүргізу әдістері: талдау, сұрақ-жауап, сөздік, терме, көру, шығармашылық диктанттар, топтық, жеке, шығармашылық, өз бетімен жұмыстар, интеллектуалдық сайыстар.
Күтілетін нәтиже:
-
оқушының интеллектуалдық ойлау жүйесі дамиды.
-
сауатты да көркем жазуға дағдыланады.
-
өз бетімен жұмыс жасауға, шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйренеді.
-
тест тапсырмаларын тез әрі шапшаң орындауға төселдіру.
«Тіл дамыту» вариативтік жоспары
Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат
|
Р/с |
Өткізілетін материалдар мазмұны |
Сағат саны |
Уақыты |
Шығармашылық жұмыс |
Сөйлеу әрекетінің түрлері: Дағдылар |
Сабақ түрі |
|
1 |
Кіріспе. Қазақ тілі туралы |
1 |
04.09 |
Тіл туралы шығарма жазу |
Айтылым Жазылым |
Топтық сабақ |
|
2 |
Кірме сөздер |
1 |
11.09 |
Мәтінмен жұмыс |
Жазылым |
Әңгіме сабақ |
|
3 |
Көнерген сөздер |
1 |
18.09 |
Кестемен жұмыс |
Айтылым |
Өзіндік жұмыс сабағы |
|
4 |
Жаңа сөздер |
1 |
25.09 |
Қосымша материалдар |
Тыңдалым |
Әңгіме-сабақ |
|
5 |
Термин сөздер |
1 |
02.10 |
Кесте толтыру |
Айтылым |
Талқылау |
|
6 |
Термин сөздердің жасалуы |
1 |
09.10 |
|
Тыңдалым |
Танымдық сабақ |
|
7 |
Кәсіби сөздер |
1 |
16.10 |
«Менің сүйікті ұстазым»эссе жазу |
Жазылым |
Шығармашылық сабақ |
|
8 |
Диалект сөздер |
1 |
23.10 |
«Сен-маған, мен-саған» сұрақ-жауап |
Айтылым |
Ізденіс сабақ |
|
9 |
Тұрақты тіркес |
1 |
06.11 |
Сөз жұмбақ шешу |
Айтылым |
Өзіндік жұмыс сабағы |
|
10 |
Көп мағыналы сөздер |
1 |
13.11 |
Венн диограммасы |
Жазылым |
Топтастыру жұмысы |
|
11 |
Омонимдер |
1 |
20.11 |
Эссе жазу |
Жазылым |
Шығармашылық сабақ |
|
12 |
Синонимдер |
1 |
27.11 |
«Батыр –ел тірегі» эссе |
Жазылым |
Шығармашылық сабағы |
|
13 |
Антонимдер |
1 |
04.12 |
«Кім тапқыр» |
Айтылым |
Талқылау |
|
14 |
Фонетика |
1 |
11.12 |
Ереже жаттау |
Тыңдалым |
Талдау сабағы |
|
15 |
Дыбыс және әріп |
1 |
- |
Сызба толтыру |
Айтылым |
Өзіндік жұмыс |
|
16 |
Дауысты дыбыстар |
1 |
25.12 |
Кесте толтыру |
Тыңдалым |
Талқылау сабағы |
|
17 |
Дауыссыз дыбыстар |
1 |
08.01 |
Ертегі жазу |
Жазылым |
Шығармашылық сабағы |
|
18 |
Буын, тасымал |
1 |
15.01 |
Тасымал сөзжұмбақ құрастыру |
Айтылым |
Ізденіс сабағы |
|
19 |
Ілгерінді ықпал |
1 |
22.01 |
Адасқан әріптер |
Жазылым |
Танымдық сабақ |
|
20 |
Кейінді ықпал |
1 |
29.01 |
Тапсырмалармен жұмыс |
Айтылым |
Талқылау |
|
21 |
Сөзжасам |
1 |
05.02 |
«Кім тапқыр» ойыны |
Тыңдалым |
Талқылау сабағы |
|
22 |
Түбір мен қосымша |
1 |
12.02 |
Тапсырмамен жұмыс |
Жазылым |
Өзіндік жұмыс |
|
23 |
Жұрнақ |
1 |
19.02 |
Сат кешенді талдау |
Тыңдалым Жазылым |
Талдау жұмысы |
|
24 |
Жалғау |
1 |
26.02 |
Талдау |
Айтылым |
Талқылау жұмысы |
|
25 |
Қос сөздер |
1 |
05.03 |
Ребус шешу |
Айтылым |
Талқылау сабағы |
|
26 |
Біріккен сөздер |
1 |
12.03 |
Метограмма шешу |
Тыңдалым |
Ізденіс сабағы |
|
27 |
Қысқарған сөздер |
1 |
19.03 |
Тапсырмамен жұмыс |
Айтылым |
Өзіндік жұмыс |
|
28 |
Тіркесті сөздер |
1 |
09.04 |
Тапсырмамен жұмыс |
Тыңдалым |
Өзіндік жұмыс |
|
29 |
Сөйлем. Сөйлем түрлері |
1 |
16.04 |
Талдау жұмыстары |
Айтылым |
Талдау сабағы |
|
30 |
Тұрлаулы мүшелер |
1 |
23.04 |
Талдау жұмысы |
Жазылым |
Талдау сабағы |
|
31 |
Тұрлаусыз мүшелер |
1 |
30.04 |
Мәтінмен жұмыс |
Тыңдалым |
Танымдық сабақ |
|
32 |
Бірыңғай сөйлем мүшелері |
1 |
14.05 |
«Сауатты болу арманым» эссе |
Айтылым |
Шығармашылық сабақ |
|
33 |
Бірыңғай сөйлем мүшелерінің тыныс белгілері |
1 |
21.05 |
Кестемен жұмыс |
Тыңдалым |
Талдау сабағы |
|
34 |
Қорытынды |
1 |
|
|
Айтылым |
Талқылау сабағы |
|
|
Барлығы: |
34 |
|
|
|
|
Тақырып жоспарының мазмұны:
6-сыныпқа арналған «Тіл дамыту курсының тақырып жоспарының мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады.
1-тақырып. Кіріспе. Қазақ тілі туралы. «Тіл дамыту» курсының мақсат, міндеттерімен таныстыра отырып, «қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» екенін, Тіл туралы Заңды білуге, ана тілін құрметтеуге үйрету.
2-тақырып. Кірме сөздер. Қазақ тілінде басқа тілден енген сөздерді кірме сөз деп атайтынын, олардың мағыналарын түсіну. Тілдің негізгі сөздік қорын байырғы сөздер құрайтындығы, оның тіл дамуының қайнар көзі екендігі;
3-тақырып. Көнерген сөздер. Көнерген сөздердің тарихи сөздер және архаизмдер болып бөлінетіндігі. Тарихи сөздердің қоғамдық-әлеуметтік атауларға, ал архаизмдердің халықтық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптық атауларға қатыстылығы.
4-тақырып. Жаңа сөздер. Жаңа сөздердің тууының себептері. Қоғамның дамуымен бірге енген жаңа ұғымдарға сай жаңа сөздердің пайда болуы. Тілдің қолданыс аясының кеңеюіне байланысты тілімізде бұрыннан қалыптасқан кірме сөздердің орнына жаңа аталымдардың қолданылуы.
5-тақырып. Термин сөздер. Термин сөздердің ғылым, техника саласымен байланыстылығы. Терминнің қолдану аясының тарлығы, бір ғана ұғымды білдіретіндігі.
6-тақырып. Термин сөздердің жасалуы. Терминдердің жасалу жолдары.
7-тақырып. Кәсіби сөздер. Кәсіби сөздердің өзіндік белгілері: белгілі бір кәсіпке байланысты қолданылатындығы, сол кәсіппен айналысатындарға ғана түсініктілігі. Кәсіби сөздердің екі үлкен салаға бөлінетіндігі: қолөнер кәсібіне, ауыл шаруашылығына байланыстылығы. Кәсіби сөздердің термин сөздерге ұқсастығы.
8-тақырып. Диалект сөздер. Диалект сөздердің өзіндік белгілері. Диалектінің аймақтық ерекшеліктермен байланысы. Диалект сөздердің тіл мәдениетіне қатысы. Диалект сөздердің қолданылу өрісі. Диалект сөздердің әдеби тілде баламаларының болуы.
9-тақырып. Тұрақты тіркестер. Тұрақты тіркестердің өзіндік ерекшеліктері: екі не одан да көп сөздерден құралатындығы, бір ғана мағына білдіруі, құрамындағы сөздердің орын тәртібінің тұрақты болуы, даяр қалпында жұмсалып, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратындығы.
10-тақырып. Көп мағыналы сөздер. Тіліміздегі байырғы сөздер жаңа мағыналар жасауға ұйтқы болатындығы. Олар бұрынғы тура мағынаның үстіне жаңадан бір не бірнеше қосымша, яғни туынды мағыналарға ие екендігі. Көп мағыналы сөздердің екі я одан да көп мағынасы болатындығы. Бұлардың бір сөз табына қатысты екендігі. Көп мағыналы сөздердің бір негізден шығатындығы;
11-тақырып. Омонимдер. Омоним сөздердің анықтамасы. Омоним сөздердің көп мағыналы сөздермен ұқсастығы және айырмашылығы. Омонимдердің бір сөз табынан да, әртүрлі сөз табынан да болатындығы.
12-тақырып. Синонимдер. Синонимдердің анықтамасы. Синонимдердің тіл байлығы мен сөз оралымдылығының көрсеткіші екендігі. Синонимдік қатар, ондағы сөздердің мағыналық, реңктік ерекшеліктері, оларды мақсатқа сай талғап, саралап қолданудың мәні. Синонимдік қатарлардың әр сөз табының құрамында кездесуі.
13-тақырып. Антонимдер. Антонимдердің жұпталған қарсы мәндес сөздерден тұратындығы. Антонимдердің ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің оңтайлы құралы екендігі. Мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антоним сөздердің жарыса қолданылуы. Антонимдердің ойды анықтап, көркемдеп, әсерлі жеткізудегі мәні.
14-тақырып. Фонетика Фонетика туралы ұғым.
15-тақырып. Дыбыс және әріп. Тіл дыбыстары туралы жалпы ұғым. Қазақ әліпбиінің құрамы және әріптер ретін білудің мәні. Дыбыс пен әріп туралы ұғым.
16-тақырып. Дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстардың өзіндік белгілері: үннен тұратындығы, созылып айтылатындығы, буын құрайтындығы. Орфоэпиясы бойынша бір сөздің ішінде дауысты дыбыстардың қатар тұра алмайтындығы; Дауысты дыбыстардың сөйлеу мүшелерінің қатысына қарай жіктелуі:
17-тақырып. Дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз дыбыстардың өзіндік белгілері: үн мен салдырдан тұратындығы, созуға келмейтіндігі, дербес тұрып буын құрай алмайтындығы. Оларды тек дауысты дыбыстарды селбестіріп немесе тіркестіріп барып қана дыбыстауға болатындығы. Дауыссыз дыбыстардағы үн мен салдыр мөлшерінің қатынасына қарай жіктелуі:
18-тақырып. Буын, тасымал. Буынның анықтамасы. Буынның түрлері: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын; Сөздерді тасымалдау тәсілдері. Қазақ тілінде сөздер айтылуы бойынша буынға бөлінетіндігі, ал жазылуы бойынша тасымалданатындығы;
19-тақырып. Ілгерінді ықпал. Оның ерекшелігі, қолданылатын орындары;
20-тақырып. Кейінді ықпал. Оның ерекшелігі, қолданылатын орындары;
21-тақырып. Сөзжасам. Жаңа сөздердің жасалуы жайында түсінік беру
22-тақырып. Түбір мен қосымша. Түбірге жалғанатын бөлшектер қосымша деп аталатындығы, қосымша жұрнақ пен жалғау болып бөлінетіндігі Негізгі түбір және туынды түбір.
23-тақырып. Жұрнақ. Жұрнақ сөзден сөз тудырушы және сөзді түрлендіруші болып бөлінетіндігі;
24-тақырып. Жалғау. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша екендігі; оның төрт түрі: көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғаулар болатындығы;
25-тақырып. Қос сөздер. Қос сөздердің қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер болып бөлінуі. Олардың анықтамасы, жасалу жолдары.
26-тақырып. Біріккен сөздер. Біріккен сөздер мен кіріккен сөздер: анықтамасы, жасалу жолдары.
27-тақырып. Қысқарған сөздер. Қысқарған сөздер: анықтамасы, жасалу жолдары. Қысқарған сөз болатын сөз таптары және олардың жазылуы емлесі;
28-тақырып. Тіркесті сөздер. Күрделі сөздер мен сөз тіркестерінің ұқсастығы мен айырмашылығы. Тіркес сөздер: анықтамасы, мағыналық тұтастығы, жасалу жолдары;
29-тақырып. Сөйлем. Сөйлем түрлері. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып бөлінетіндігі;
30-тақырып. Тұрлаулы мүшелер. Сөйлем мүшелерінің сөйлемдегі мағынасына қарай тұрлаулы, тұрлаусыз болатындығы; Тұрлаулы мүшелер тек қана бастауыш пен баяндауыштан тұратындығы.
31-тақырып. Тұрлаусыз мүшелер. Тұрлаусыз мүшелерге анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш жататындығы;
32-тақырып. Бірыңғай сөйлем мүшелері. Бірыңғай мүше болудың шарттары. Бір сөз табынан болатындығы, бірдей сұраққа жауап беретіндігі, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратындығы.
33-тақырып. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері . Оқушыларға бірыңғай мүшелердің тыныс белгілеріне тоқталып, ойларын жүйелеу.
34-тақырып. Қорытынды Жыл бойы өтілген тақырыптар бойынша қорытындылау
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақ тілі Бектұров Ш.К. Атамұра 2006ж
2. Қазіргі қазақ тілі Қасабек Қ.Қ. Алматы 2004ж
3. Қазақ тілінен пысықтау жаттығулары Мұхамади Қ. Т. Алматы 2004ж
4. Қазақ тілі грамматикасы Қалиев Б. Алматы 1986ж
5. Емле және тыныс белгілері. Сыздықова Р. Рауан 1996ж
6. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі Мырзабеков С. Алматы 1999ж
7. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту Құрманалиева С. Алматы 2001ж
8. Лексиканы оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар
Шадиева Н.Оразбаева Ф Алматы 2007ж
9. Қазақ тілінен дидактикалық материалдар Мұқышева М.Исаева С. Атамұра
2006ж
10. Қазақ тілін оқыту әдістемесі Дәулетбекова Ш. Атамұра 2006ж
11. Қазақ тілі «Шың- 2016»
12.Аханов «Тіл біліміне кіріспе»
13. М.Балақаев, Т.Қордабаев «Қазіргі қазақ тілі»
14.Қазақ тілі «Арман-ПВ»2015 оқулық
15.Қазақ тілі мен әдебиеті журналы 2015ж
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген