400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тіл дамыту. "Ақылды гномдар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопед, тәрбиешілерге көмек. Жылдық білімді жинақтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Логопед: Құрманова Г. Е. 24.04.2018 ж

Тобы: №8 «Балапан» ересек логопедиялық топ

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Тіл дамыту, Сауат ашу және жазу негіздері

Тақырыбы: «Ақылды гномдар достығы»

Мақсаты: Балалардың оқу жылында меңгерген және игерген білім деңгейін анықтау.

Міндеті: Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру. Дауысты және дауыссыз дыбыстары туралы түсініктерін бекіту, есту арқылы дыбысты табуға, сөздегі буын санын анықтауға қалыптастыру, сөздің алғашқы дыбысын анықтауға, дыбыс орнын табуға жаттықтыру, тізбек бойынша сөйлем құрастыруға үйрету. Артикуляциялық және жалпы моторикасын дамыту, сөздік қорларын белсендіру, логокалық ойлауын дамыту. Ересек адамдарды мұқият тыңдауға және грамматикалық құрылымды сақтап сұраққа толық жауап беруге үйрету. Фонематикалық есту, көру, зейін, есте сақтау қабілеттерін жаттықтыру. Қызмет барысында өздік әрекет етуге, белсенділікке, достыққа, танып-білуге қызығушылығын оятуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Перезентация «Ақылды гномдар достығы», тапсырмалар, ойындар, қызыл және көк кубиктер, қима әріптер, фишкалар


Әрекет кезеңдері

Логопедтің іс - әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Дәлелдеу, ояту

Балалар, қонақтармен амандасайық

Көктемнің шырайлы, шуақты күнінде сендерді қуанышты көңіл-күймен сендерді ертегілер еліне саяхатқа шақырамын. Ол жәй саяхат емес, ол өте қызықты саяхатымыз болады. Жыл бойына игерген білімдерімізді есімізге түсіреміз, бір-бірімізбен бөлісеміз, өйткені біздер барлығымыз да доспыз. Еншеде, балалар, сендер дайынсыңдар ма?

Үш тілде амандасады.

Достарымен көтеріңкі көңіл мен саяхатқа аттануға келіседі

Ұйымдастыру

Іздену


Балалар, сендер «Белоснежка мен жеті ақылды гномдар» ертегісін білесіңдер ме. Теледидардан көрдіңдер ме? Мінекей, осы гномдар досы Белоснежкаға ренжеп қалыпты. Белоснежка қанша кешірім сұраса да, қанша амал ойлап тапса да гномдар қарсылық білдіріпті. Бір күні гномдар досының қамығып жүргенін сезіп, Белоснежкаға арнап бірнеше ойын-тапсырмаларын дайындапты. Әрі ойланып, бері ойланып Белоснежка сендерден көмек сұрайды. Тапсырмалардың шешімін табуға көмектесеміз бе:

1 гном: «Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілінің неше айы бар, қандай? мына тізбек бойынша көктем мезгілін сипаттап беріңдер»

Д/О: «Киімдерді ажырат» күн болу және өздерін құшақтау;

Д/О: «Қарама-қарсы сөздер»; Доппен ойнау.

Д/О: «Қатемді тап» - Көктемде аққала жасаймыз; Көктемде құстар жылы жаққа ұшып кетеді; Егінді дәрігер егеді; Көктемде Жаңа жыл мерекесі болады.

«Көңілді көктем» тақпағы мен тіл ұстартулар.

2 гном: «Менің сиқырлы әліппе кітабым бар. Айтыңдаршы сиқырлы әліппенің неше әріпі бар? Әріптерді неше топқа бөлеміз? Қандай дыбыстар? Қалай айтамыз? Дауысты дыбыстар қандай текше, дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз? Дыбыстар мен әріптердің қандай айырмашылығы бар? Өте дұрыс, ендеше осы дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс, анық айту үшін алдымен артикуляциялық жаттығуларды жасаймыз.

Д/О: «Кім зерек?» Мен сендерге үнсіз дыбыстарды айтамын, сендер дыбысты тауып көріңдер: А, Ш, О, Б, У, М, И, С, Қ, Л, Р, Ы – тамаша, мен сендер бұл тапсырманы да дұрыс орындадыңдар.

3 гном: «Дауысты және дауыссыз дыбыстар орман ішін аралап жүріп адасып қалыпты, сол дыбыстарды өз үйлеріне, яғни дауысты қызыл үйге, дауыссыз көк үйге орналастыру керек» мен сендерге дыбыстарды айтамын, сендер қызыл және көк фишкаларыңды көтерулерің керек: А,П,С,Р,Е,Л,Д,Ж,О,Е,Қ,Ш,К,У,Ы,І,Ә

Міне сендер дыбыстарды үйлеріне орналастырдыңдар. Енді дыбыстар да бір-бірімен дос бола алады: мыс: А-Т; Т-А; А-Ш; Ш-А; А-З; С-У; А-Қ. Тіл ұстартуларды дұрыс айтып, көңілдерін көтеріңдер: са-са-са-жерге қонды маса

Ша-ша-ша-әдемі алаша

Ке-ке-ке-асқар тау әке

На-на-на-ардақты ана.

4 гном: «Алма, Тас, Бақа» сөздерін буынға бөлу, сәйкес сан көтеру, сөздерге дыбыстық талдау жасап көріңдер. Кубиктерді қолданып сөздерге талдау жасайық

Логоритмикалық сергіту сәті: «Ақпыз, сары, қарамыз»

5 гном: «Қай дыбыстан басталады?» мына суреттердің алғашқы дыбысын тауып көріңдер». Суретке сәйкес дыбысты табайық.

6 гном: «З» дыбысымен ойнағанды ұнатады, сондықтан мына сөздердің ішінде «З» дыбысы қайда орналасқан, тауып көріңдер» Зебра, көзілдірік, көз, жаз, зефир, қызыл, камаз, қаз, қазақ, Зелиха, терезе.

«Жаз, көзілдірік, қызыл» сөздерін қатыстырып сөйлем құрастырып көріңдер. Кубиктердің көмегімен сөйлем тізбегін құрастыру.

7 гном: Балалар сендер «Ш-С» дыбыстарын ажыратуға арналған жаңылтпаш білесіңдер ме? Шеше, шеше, неше, кесе, сынды кеше – тамаша балалар жарайсыңдар. Өз атыңның алғашқы дыбысын таспен өрнектеп беріңдер.

Ағаш тамырсыз, адам доссыз» мақал мәтел мағынасын ашу

Экранға назар салады



Мұқият тыңдап, келіседі



Сұраққа толық жауап береді


Ойындар ойнайды

Сөйлем құрайды


Тақпақ, тіл ұстарту айтады


Қойылған сұрақтарға жауап береді


Жаттығу жасайды.


Дыбыстарды табады.


Қызыл және көк фишкаларын көтереді


Дыбыстарды қосып оқиды

Тіл ұстарту айтады






Кубиктермен талдау жасайды


Орындайды

Алғашқы дыбыстарын іздейді

Кубикпен сөздегі дыбыс орнын табады

Кубиктермен сөйлем сызбасын салады

Жаңылтпаш айтады

Таспен жазады

Достыққа қуанады

Өз ойларын айтады

Рефлексивті түзету

Сендер гномдардың барлық тапсырмаларын дұрыс орындадыңдар. Сендер өте білімді екендеріңді дәлелдеп Белоснежканы достарымен татуластырдыңдар. Мен сендерге өте ризамын, мына сыйлықтарды сендерге таратып бергім келеді.


Алғыстарын білдіреді



Күтілетін нәтиже:


Білу: Тізбек бойынша сипаттау әңгімесін құра білу.

Игеру: Берілген сөзге дыбыстық талдау жасап, буынға бөліп, сөйлем құрастыруды игеру.

Меңгеру: «Достық» сөзінің мағынасын меңгеру.










Керік үсты теңбіл


Керіктің үсті теңбіл, теңбіл, теңбіл

(денелерін өлең ырғағына сай ұстайды)

Маңдай да, құлақ та, мойны да, шынтақ та.

Тұмсығы оның іші де, аяқ та, табан да.

(аталған мүшелерін көрсетеді)


Ал, пілдің үсті қыртыс, қыртыс, қыртыс

(денелерін өлең ырғағына сай ұстайды)

Маңдай да, құлақ та, мойны да, шынтақ та.

Тұмсығы оның іші де, аяқ та, табан да.

(аталған мүшелерін көрсетеді)



Зебраның үсті жолақ, жолақ, жолақ

(денелерін өлең ырғағына сай ұстайды)

Маңдай да, құлақ та, мойны да, шынтақ та.

Тұмсығы оның іші де, аяқ та, табан да.

(аталған мүшелерін көрсетеді)



Мысықтың үсті мамық, мамық, мамық.

(денелерін өлең ырғағына сай ұстайды)

Маңдай да, құлақ та, мойны да, шынтақ та.

Тұмсығы оның іші де, аяқ та, табан да.

(аталған мүшелерін көрсетеді)



Керіктің үсті теңбіл, теңбіл, теңбіл

(денелерін өлең ырғағына сай ұстайды)

Маңдай да, құлақ та, мойны да, шынтақ та.

Тұмсығы оның іші де, аяқ та, табан да.

(аталған мүшелерін көрсетеді)








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 қараша
711
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі