жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тіл дамыту бағдарламасы
Түсінік хат
Бағдарлама «орыс тілінде жүргізілетін мектептерге арналған Қазақ тілі мемлекеттік білім стандарты»негізінде жасалды.
Қазақ тілінен білім берудің мақсаты- өзге тілді оқушылардың қазақ тілінде еркін, сауатты, саналы оқу; тұрмыста, кәсіпкерлікте, сан алуан мемлекеттік қоғамдық ортада сөйлей білуге үйрету. Тіл дамыту – тіл үйретудегі қарым- қатынас құралын іске асыру. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде оқушының тілін дамыту лексикалық және грамматикалық тұлғаларды меңгерту, оларды сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыру, сөз, сөз тіркесі, сөйлем арқылы тілдік әрекетке жетелеу болып табылады.Оқушы өз ойын ауызша және жазбаша түрде жеткізе білу қажет. Сол себепті оқушының тілі ауызша және жазбаша дамиды. Байланыстыра сөйлеудің заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, практикалық жолдармен сөйлеуде қолданту, жаттықтыру, қалыптастыру- тіл дамытудың негізгі түп қазығы деп айтуға болады Сондықтан тіл дамыту тілдік нұсқалармен біріктіріле оқытылады.Демек, тіл дамыту сөздік қорды нәтижелі қолданып, сөздерді бір-бірімен орынды байланыстырып сөйлем, грамматикалық тұлғаларды сауатты пайдалану болып табылады.Мектептегі оқыту бағдарламасының талаптарына сәйкес қазақ тілін оқытудағы негізгі мақсат- оқушылардың қазақша сөйлеу тілін жетік дамыту.
Мемлекеттік тілді үйрену арқылы оқушылар қазақша ауызекі сөзге түсініп, өздері қазақ тілінде көрген-білгенін, ойын айтып, жаза алатын дәрежеге жетеді. Сонда-ақ орыс тіліндегі білім дағдыларын, іскерліктері мен қабілеттерін қазақ тілін саналы меңгеруге, үйренуге жұмсайды. Оқушы қазақ тілін үйренуге арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті, салт-дәстүрі, өнері, білімі, белгілі адамдары туралы мәліметтерді білетін болады. Сонымен қатар, тілдік меңгеруіне орай ауызша сөйлесуге, ойларын жеткізуге деген дағдыларды да қалыптастырады.
Бастауыш сыныптарда өзі, отбасы, мектебі, туған өлке тақырыптарына басты назар аударылса, орта буында қоршаған ортамен қарым-қатынас түрлері дамытылып, өлкетану тақырыптарына әнгімелесуге дағдыланады. Жоғары буында өткен оқу жылынан бастап қазіргі білім беру саласында болып жатқан өзгерістерге сай басталған бағдарлы оқытуда іскери қазақ тілін меңгерту жолдары қарастырылады.
Осы мақсаттарды жүзеге асыруда қойлатын міндеттер:
жеке тұрмыста, әлеуметтік ортада қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға үйрету;
қазақ тілінде айтылған, жазылған сөздерді тыңдай білу, ұғыну, түсіну, сөйлесе білу(диалог), ауызша және жазбаша сөйлеу(монолог), дұрыс оқу, дұрыс айту дағдыларын меңгерту;
оқу мәтіндерін аудармасыз түсінуге жұмылдыру;
сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу;
қазақша ойлауға, қазақша сөйлеу желісіне, қазақша сөйлеу әуезділігіне жету,үлгісіз, жетексіз өз бетінше сөйлеуге,жазуға, оқып айтуға дағдыландыру;
«Қазақ әдебиеті» пәнінің алдына қоятын мақсат- міндеттері:
оқушылардың рухани дүниесін байыту;
оқырмандық талғамын қалыптастыру;
қазақ әдебиеті арқылы ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды таныту;
қазақ тілін терең білуге үйрету;
мәнерлеп оқу, жатқа оқу, мазмұнын айту және өз ойын ауызша, жазбаша баяндау сынды оқу-әрекеті мен дағдыларын қалыптастыру.
Біздің қазынамыз – қазақ тіліміз. Тіліміздің мәнін, қасиетін жоймайық!
Қасиетін кетірмей, таза сөйлейік, жас ұрпаққа үйрете білейік. Мемлекетік тілді дамыту, өз дәрежесінде оқыту- қазақ тілі мамандарына сын. Өз ойын қазақша дамыта алатын, елін, жерін, Отанын сүйетін, таза қазақша сөйлей алатын азамат тәрбиелеу, баулу – бізідің қасиетті ұстаздық борышымыз.
Қазақ тілі
6 сынып (барлығы-34 сағат, аптасына-1 сағат)
№ |
Тақырып |
Сағат саны |
Өтетін күні |
Жұмыс түрлері |
1 |
Кіріспе сағат |
1 |
3.09 |
|
2 |
Мұхтар Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы |
1 |
10.09 |
Әңгімелеу өмірбаяның |
3 |
Мұхтар Әуезов – қазақтың ұлы жазушысының өлеңдері |
1 |
17.09 |
Өлеңдермен жұмыс |
4 |
М.Әуезов «Абай жолы» романы. «Қайтқанда» тарауы (үзіндісі) |
1 |
24.09 |
Мәтінмен жұмыс |
5 |
М.Әуезов «Абай жолы» романы. «Қайтқанда» тарауы (үзіндісі |
1 |
1.10 |
Мәтінмен жұмыс |
6 |
Ауылым - алтын бесігім |
1 |
8.10 |
Шағын шығарма |
7 |
Менің қалам,сүйікті қалам - Қостанай |
1 |
15.10 |
Мәтінмен жұмыс |
8 |
Қазақстандағы қандай тауларды білесіңдер? |
1 |
22.10 |
әңгіме жазу |
9 |
М.Мақатаев –ақиық ақын |
1 |
5.11 |
Эссе жазу |
10 |
М.Жұмабаев – қазақтың ұлы ақыны |
1 |
12.11 |
Мәтінмен жұмыс |
11 |
Менің туған өлкемді жырлаймын |
1 |
19.11 |
әңгіме құрастыру |
12 |
Қазақстан туралы өлеңдер |
1 |
26.11 |
Өлеңдер сайысы |
13 |
Қазақстан Республиқасының рәміздері:ту,әлтаңба,әнұран |
1 |
3.12 |
Сөйлемдер құрастыру,сұрақ қою,диалог жасау |
14 |
Ту,елтаңба,әнұран,тарихынасы |
1 |
10.12 |
Мазмұндама |
15 |
Қазақстан Республиқасының астанасы-Астана қаласы |
1 |
24.12 |
Мәтін бойынша сұрақ қою |
16 |
Қазақстанның бұрынғы астаналары |
1 |
14.01 |
Әңгімелеу,диалог толықтыру |
17 |
Болашақтың мамандықтары |
1 |
21.01 |
Сызба бойынша сөйлем құрастыру |
18 |
Қазақстан қорықтары |
1 |
28.01 |
Әңгіме жазу |
19 |
Өтебай Тұрманжанов |
1 |
4.02 |
Әңгімелеу өмірбаяның |
20 |
Түркістан – тарихи қала |
1 |
11.02 |
Тақпақтар |
21 |
Рухани мұрамыз туралы не білеміз? |
1 |
18.02 |
Диалог |
22 |
Д.Досжанов «Жібек жолы» (үзіндісі) |
1 |
25.02 |
Шығармамен жұмыс |
23 |
«Жібек жолы» жобасы |
1 |
2.03 |
Жобаға дайындық |
24 |
Қазақстан картасы бойынша елімізді аралайық |
1 |
4.03 |
Карта бойынша жұмыс |
25 |
Ұлы дала елі |
1 |
11.03 |
Сурет бойынша шағын әңгіме құрастыру |
26 |
Ш.Айматов – халық жазушысы |
1 |
18.03 |
Әңгімелеу өмірбаяның |
27 |
Ш.Айматов «Ана-Жер-Ана» повесі (үзіндісі) |
1 |
2.04 |
Шығармамен жұмыс |
28 |
Ел намысын қорғаған – Бақтияр Артаев |
1 |
8.04 |
Шағын шығарма |
29 |
Қандай спортпен шұғалданасын? |
1 |
15.04 |
Шағын шығарма |
30 |
Қазақтың зергерлік өнері |
1 |
22.04 |
Әңгімелер құрастыру |
31 |
Жерлесіміз Ақылбек Шаяхметов |
1 |
29.04 |
Шығармаларын оқу |
32 |
Абай Құнанбаев - лирикалық ақын |
1 |
6.05 |
Шығармаларын оқу,аудару,өлеңдерімен жұмыс |
33 |
Шоқан Уәлиханов – ұлы адам |
1 |
13.05 |
Әңгімелеу өмірбаяның |
34 |
Жылдық қайталау |
1 |
20.05 |
|
Өткізу әдісіне қойылатын талаптар:
1.Сабақ көңілді,тартымды өтуі керек;
2.Оқушыны сабақта білімнің керек екенін сезінуге тәрбиелеу қажет;
3.Сабақтың ырғағы мен қарқыны тиісті дәрежеде болуы керек;ол тездік пен сылбырлықты көтермейді.Сабақтың барысы дұрыс ұйымдастырылғанда оқушылар мен мұғалімнің іс-әрекеті нәтижелі болады;
4.Мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара түсінушілік,педагогикалық такт сақталғаны жөн;
5.Оқушылар арасына өзара өзара түсінушілік жағдай туғызу және шығармашылық еңбек белсенділігін арттыру,өте қажет;
6.Сабақты әр түрлі оқу әдістерін қолданып,түрлендіріп өткізу керек.
Сабақты қызықты , тартымды өткізе білу оқытушыдан көп ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті, тапқырлықты қажет етеді. Осы мақсатта оқытушы әр түрлі оқыту әдіс-тәсілдерін пайдаланып, тіл дамыту жаттығуларын, ойын элементтерін және көрнекіліктер қолданады. Басты назар аударатынымыз оқушылардың оқу, сөйлеу, тыңдау,жазу жұмыстарына мұқият көңіл бөлу.
Оқыту.
Мәтінді оқыту кезеңінде көптеген факторларды ескеру қажет
1. Қазақ тіліндегі тән дыбыстар
2. Сөйлемді дұрыс құрай білуге жаттықтыру.
3. Байланыстырп сөйлеуді үйрету.
4. Еркін оқуға үйрету
Оқытудың мақсаты- оқушылардың сөзді қорын байыту, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеуге үйрету.
Сөйлеу.
Сабақта мынадай сөйлеудің түрлері қолданылады: сұраққа жауап, ситуация арқылы сөйлеу, баяндау тәсілі арқылы сөйлеу, өз ойын айту, ой алмасу, сұхбат туралы айту, мәтіннің желісі бойынша өз ойын ортаға салу, диалотық сөйлеудегі ойды көрсете білу, салыстыра отырып әнгімелеу. Сөйлеу әрекеттерінің түрлері- тыңдау, сөйлеу, оқу, аудару.
Тыңдау. Басқа адамдармен сұхбаттасу, өз жұптарын тыңдай отыра сөйлеу, оқытушының айтқанын тыңдап түсіну арқылы сөйлеу әрекетінің тағы бір түрі- тыңдауды дамыта қалыптастырады. Сөйлеу үлгілерін көрсету арқылы сұхбаттасу, магнитафон таспасымен жұмыс істеу – тыңдаудың басты құралы.
Жазу.Тіл дамыту барысында жазу жұмыстары, жаңа сөздермен жұмыс ерекше орын алады.Жазба жұмыстар: сөздік диктант, мазмұндама, шығарма, бақылау жұмыстары (тест түрінде). Жазу арқылы жүйелі сөйлеуді, сөйлеу стилін уйретіп және ауызекі сөйлеуге жұмыс жасатуға болады.
Сөздік жұмыс. Тіл дамыту жұмысының негізгі түрлерінің бірі – сөздік жұмыс. Сөздік жұмысы- тіл дамыту жұмысының бастапқы негізі болып табылады. Егер оқушының сөздік қоры кедей болса, ол айтайын деген ойын нақты жеткізе алмайды. Сондықтан да сөздік жұмысының оқушыларға сөздерді, сөйлемдерді дұрыс жазуына, сөйлеу дағдыларын дұрыс қалыптастыруына тигізетін көмегі зор. Тіл дамыту, тіл жаттықтыру жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру- оқушылардың ойлау қабілетін, ойын дұрыс жеткізудің тиімді жолы екені даусыз.
Оқу әдістемелік құралдарының тізімі:
1.Қазақ әдебиеті . Энциклопедиалық анықтамалық..-Алматы: «Аруна» ltd ЖШС, 2009 .
2.Қазақ мәдениеті . Энциклопедиялық анықтамалық .-Алматы: «Аруна» ltd ЖШС, 2010.
3.Қазақ халқының тұрмысы мен әдебиеті . Сейт Кенжеахметұлы « Алматы кітап».2009 .
4.Қазақ халқының салт-дәстүрлері ,-Алматы: «Алматы кітап» ЖШС, 2009 .
5.Қазақтың мақал-мәтелдері . Смаилов А.Т. Алматы: «Көшпенділе
6.«Қазақ ертегілері» - :М.Т.Мадиходжаев,Суретші:Г.Ф.Ким.Шымкент
ПТ «Шикула и К», 1998 – 104 бет» баспасы , 2005 .
6.Қазақстанның ежелгі қалалары.-Алматы: «Аруна ltd» , 2010 .
7.Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым –Алматы. «Алматы-кітап» ЖШС , 2008 .
8.Қостанай 125 жыл . Сергей Харченко .
9.Қазақ тілі С. Дүйсебаев, Ғ. Байтілеуова(орыс мектптеріне арналған), Мектеп,2009
10.Қазақ тілі 6-сынып.Ф.Ш. Оразбаева (орыс метептеріне арналған). Көкжиек - Горизонт. 2018
11.Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар. Боранбаева Г., Байтілеуова Г.- Алматы, «Мектеп», 2014
«Қазақ тілі» пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар:
nao.kz(Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми айты);
– u-s.kz(Ұстаздар сайты);
– ustaz.kz(Ашық сабақтар сайты);
– testent.ru/news/uroki(Урокиказахскогоязыкаврусской школе);
– sabak.ucoz.org/news(Сайт творческих учителей Казахстана);
– plani.kz(«Планы.kz» планирование для учителей Казахстана);
– agartu.com(«Просвещение"-казахстанский педагогический интернет журнал);
– testent.ru(Сайт для подготовки к ЕНТ и КТ 2015 – Образовательный сайт);
– obrazovanie(Каталог Казахстанских ресурсов);
– abiturient.kz(Сайт о современном образовании в Казах
Келісінген:
Хат № 1 ӘБ отырысы
29.08.2018 жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген