400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тіл дамыту. ІІ-кіші топ балаларына ұйымдастырылған оқу-қызметі «Ғажайып ағаш»

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

II кіші топтағы ұйымдастырылған ашық-кіріктірілген оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 2018 жыл

Тәрбиеші: Спанова Г.О

Білім беру саласы: Қатынас

Пән: Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Ғажайып ағаш»

Мақсаты:

Тәрбиелілік: құрдастарымен бірге жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: психологиялық жайлылық қалыптастыра отырып, жан-жақты дамыту.

Оқыту: түрлі тәсілдер мен ойындарды қолдана отырып үйрету.

Міндеттері:

  • Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту;

  • Балалардың көру және байқау зейінін қалыптастыру;

  • Сөздік қорларын дамыту;

  • Ересектердің көрсетуі бойынша имитациялық қимылдарды нақты орындауға үйрету.

Кіріктірілген білім беру салалары

«Таным», «Қатынас» , «Қоршаған орта».

Педагогикалық технологиялар: ойын, теледидар, дамыта отырып оқыту.

Ресурстармен қамтамасыз ету: күннің қиылған үлгілері, ағаш, түрлі-түсті қалташалар, аю, әтеш, тауық, қоян т.б жануарлардың муляждары, таратуға арналған материалдар, жеміс пен көкөністердің муляждары.

Билингвальды компонент: ағаш-дереьва, ғажайып-чудесно.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Балалар бүгін бізде ерекше күн. Өйткені бізге қонақтар келді. Бәріміз қонақтармен үш тілде амандасып алайық.

-Сәлеметсіз бе!?, Здравствуйте!?, Hello!?

Негізгі бөлім

Балалар қанеки достық шеңберіне жиналып бірі-бірімізге сәтті күн тілейікші.

Жылулық шеңбері: «Күн шуақтары»

Балалар қолдарына қиылған көңілді күнді ұстап тұрып мына өлең жолдарын айтады.

Қане-қане күлейік

Күлкі менен түлейік

Күлкі көңіл ашады

Күліп өмір сүрейік

Сосын күн шуақтарын қонақтармен бөлісіп, сыйға тартады.

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз ертегіге саяхатқа барамыз. Саяхатқа немен барса болады?

Балалардың жауаптары.

Тәрбиеші: біз саяхатқа ұшақпен барамыз. Балалар тәрбиешімен бірге ұшақпен саяхатқа аттанады( музыка ырғағымен, ұшақтың ұшқан дыбысы)

Тәрбиеші: міне қызық ертегіге жетіп келдік. Қараңдар қандай әдемі ғажайып ағаш . Балалар бұл ағашта жемістер өспейді. Өйткені ол ғажайып ағаш. Бұл ағашта қалташалар өсіп тұр екен. Қалташалар жай қалта емес, сиқырлы, тапсырмалармен екен. Әр тапсырманы орындағанда ағаш бізге тосынсый береді, яғни сурет бөлшектерін.

1.Бірінші қалтаны кім алады. Бір бала шығып қалташаны шешіп алады. Қалташаның түсі қандай? Қолын салып ішінен не алғанын көрсетеді.

Мынау не ? (Аю) ал аю қалай ырылдайды. (Р-р-р)

Абай қене сен көрсетші аю қалай ырылдайды (р-р-р,бірнеше бала қайталайды)

Аю нені жақсы көреді?(бал)

Аю балаларға ойын ұсынады. Ойын: «Қимылды атаймыз»(балалар: жүр, отыр, тұр, жатыр сөздерін айтады) Сендер бұл тапсырманы орындадыңдар, енді ғажайып ағаш сендерге суреттің бір бөлігін сыйлайды(тақтаға ілу)

2.Келесі қалтаны шешеміз.Бір бала шығып қалтаны шешеді. Қалтаның түсі қандай?

Оның ішінде не бар екен?Қолын салып алып көреді( ішінде бидай мен әтеш бар)

Балалар, ал кім бидайды жақсы көреді?(әтеш, тауықтар, құстар)

Әтеш қалай шақырады? Захар сен айтшы.(ку-ка-ре-ку)

Жарайсыңдар! Ал Әтеш өзімен бірге қонақ еріте келіпті.

Тапсырма орындайды. Мынау не? (тауық) Тауық жұмыртқа әкеліпті. Қане санайық үлкен жұмыртқа көп бе, әлде кіші жұмыртқа көп бе?

Сендер бұл тапсырманы орындадыңдар, енді ғажайып ағаш сендерге суреттің бір бөлігін сыйлайды(тақтаға ілу)

3.Тәрбиеші тағы бір қалтаны алуды сұрайды. Қалтаны алады. Қалта қандай түсті? Қалтада қандай жануар бар екен тауып көрейік. Ол үшін мына жұмбақты шешесіңдер.

Ұзын құлақ, сақ құлақ

Өзі сондай бір қорқақ

Сәбізді жақсы көреді

Секектеп секіреді. Бұл кім? (қоян)

Қалтадан қоян мен сәбізді шығарады.

Қоян нені жақсы көреді? Қоян қалай секіреді.(сәбізді көрсетеді)

Балалар сендер шаршадыңдар ма?

Сергіту сәті: «Ұзын құлақ, сұр қоян»

Ұзын құлақ, сұр қоян

Есітіп қалып сыбдырды

Ойлы –қарлы жерлермен

Ытқып-ытқып секірді

Сендер бұл тапсырманы орындадыңдар, енді ғажайып ағаш сендерге суреттің бір бөлігін сыйлайды(тақтаға ілу)

4.Келесі қалтаны кім алады. Бір бала шығып қалтаны алады.

Қалтаның түсін атаңдаршы?

Мында не бар екен ? Қолын салып бір жемісті алып атайды. Қалаған балаларда қалтаға қолын салып не алғанын көрсетіп, атайды.

Дидактикалық ойын: «Түсін тап»

Сендер бұл тапсырманы орындадыңдар, енді ғажайып ағаш сендерге суреттің соңғы бөлігін сыйлайды(тақтаға ілу)

Балалар ненің суреті пайда болды? (жемсауыт)

Ал жемсауытта кімдер тұрады? (құстар)

Ал сендер қандай құстарды білесіңдер? (торғай, шымшық,қарға)

Қазір біз далаға шыққанда құстарға арнап бидай шашамыз.

Ой балалар қараңдар тағы бір қалта қалып қойыпты. Шешіп аламын. Не бар екен көреді. Қалта толы сыйлықтар екен.. Бірақ біз әуелі тобымызға оралайық. Ендеше ұшаққа отырып ұшып кетейік.

Міне біз тобымызға келдік.

Қорытынды бөлім

Балалар сендерге саяхат ұнады ма?

Біз қайда болдық?

Ертегіге немен бардық?

Бүгін сендер жарадыңдар! Міне сендерге қалташа толы тәттілер тарту етемін. Қане қонақтармен қоштасайық.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
2193
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі