ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР -ИНТЕРАКТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР -ИНТЕРАКТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл дамыту – қазіргі мектептің оқу-тәрбие ісіндегі басты проблема – тіл мен сөйлеу процесін жіктей оқыту, оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу. Сондықтан мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамытуға, байланыстырып сөйлеуге айрықша көңіл бөледі. Тілдік материалды дұрыс таңдай білу (сөздің, сөйлемнің үлгілерін беру), оны дұрыс бере білу, тілдің теориясы мен сөйлеу практикасының бір-бірімен қарым-қатынасы түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асырылады. Демек, қазақ тілі пәнін оқыту барысында мұғалім оқушының ойын логикалық жағынан дұрыс, анық, қазақ тілінің әдеби тілінің нормасына сай, грамматикалық, лексикалық, орфографиялық нормасына лайықты, дұрыс айта білуге үйретумен бірге, екінші жағынан ойын орфографиялық және пунктуациялық жағынан дұрыс жаза білуге жаттықтырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Нурсабитова Тоғжан

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

«№15 жалпы білім беретін мектеп» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі





ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР -ИНТЕРАКТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ



Тіл дамыту – қазіргі мектептің оқу-тәрбие ісіндегі басты проблема – тіл мен сөйлеу процесін жіктей оқыту, оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу. Сондықтан мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамытуға, байланыстырып сөйлеуге айрықша көңіл бөледі. Тілдік материалды дұрыс таңдай білу (сөздің, сөйлемнің үлгілерін беру), оны дұрыс бере білу, тілдің теориясы мен сөйлеу практикасының бір-бірімен қарым-қатынасы түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асырылады. Демек, қазақ тілі пәнін оқыту барысында мұғалім оқушының ойын логикалық жағынан дұрыс, анық, қазақ тілінің әдеби тілінің нормасына сай, грамматикалық, лексикалық, орфографиялық нормасына лайықты, дұрыс айта білуге үйретумен бірге, екінші жағынан ойын орфографиялық және пунктуациялық жағынан дұрыс жаза білуге жаттықтырады.

Оқушының жазба және ауызша ойын дұрыс бере, айта білуіне үлгі беретін – мұғалім. Сондықтан мұғалім тілдің тарихын, грамматикасын, стилистикасын, орфографиясын, лексикасын, пунктуациясын жақсы біліп, меңгеруі қажет.

Әр мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды. Демек, оқушының тілін дамыту жұмысы – ол баланың жалпы ойын дамыту деген сөз, өйткені оқушы қай пәнді оқып үйренсе де өзінің істеген жұмысы, көрген-білгені туралы күнбе-күн сөйлеп, ойын қалыптастырып отырады. Сондықтан қазақ тілі сабақтарындағы тіл дамыту жұмыстары оқушылардың жалпы ойын дамытуға бағытталады, яғни оқушылардың тілін дамыту мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланыстырылса, сондай-ақ, ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігінде ұйымдастырылады.

Жалпы білім беретін мектеп бағдарламасында тіл дамыту жұмысына арнайы орын берілді. Бағдарламада балалардың жас ерекшелігіне байланысты тәрбиелік мәні бар жаттығу материалдары әр сынып оқушыларының жас ерекшелігіне қарай балалардың жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, олардың ой-өрісін жетілдіру мақсаты көзделген, сондай-ақ бағдарламада тіл дамыту жұмысын ауызша-жазбаша жаттығулар, шығарма, диктант сияқты жұмыс түрлері арқылы іске асыру міндеттелген.

Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты – дұрыс, сауатты жазып, оқушының ауызша және жазбаша ойын грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету.

Дидактикалық принциптер әр пәнді оқыту әдістемесінің, оның ішнде қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық негізі болып саналады. Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту жұмысы да мынадай принциптерге негізделе жүргізіледі.

1. Сөйлеу мен ойлаудың бірлігі принципі арқылы оқушы тіл мен ойлау бір-бірімен байланысты екенін ұғады. Тілсіз ойлаудың болмайтынын, әрбір ой тіл арқылы көрінетінін, яғни сөйлеудің ойлаудан бөліп алудың мүмкін еместігін түсінеді.

Бұл принцип арқылы оқушының ойлау әрекетін дамыта отырып, түрлі ой қорытындыларын жасай білу дағдылары қалыптастырылады, яғни бір нәрсені екінші нәрсемен салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жүйелеу, белгілі затты белгісізбен салыстыру, түрлі ойлау әрекеттерін үйренудің нәтижесінде ой арқылы білім жүйелерін меңгереді.

Мұғалім бұл принциптерді негізге ала отырып, қазақ тілінің бағдарламалық материалдарын мұқият қарастырып, әр тақырыпты оқытуға байланысты түрлі тапсырмалар беріп, оны оқушы қалай орындады, одан қандай қорытынды шығарды, ол тапсырманы, жаттығуды орындауда неге сүйенді, қандай ойлау әрекеттерін жасады деген мәселелерге көңіл бөледі. Сондай-ақ принципті іске асыруда екінші басты мәселе – оқушылардың орфографиялық ережелерді саналы меңгеруін қалыптастырып, дұрыс сөйлей білуге, сауатты, қатесіз жазу дағдысын беру. Мысалы, орфография мен орфоэпияға қатысты ережелер, дәлірек айтқанда айтылуы мен жазылуы түрліше келетін сөздер бар.

2. Тіл дамыту жұмысында ауызекі сөйлеу мен жазба тілінің бір-бірімен байланыстылық принципі де басты орын алады. Адам бір-бірімен сөйлеу арқылы тікелей қарым-қытынас жасайды. Сөйлеу тілі арқылы адам екінші адамның сөзін естиді, тыңдайды, түрлі көркемдік тілдік құралдарын пайдаланады. Мысалы, мақал-мәтел, теңеу, салыстыру, әсірелеу, сөзге екпін түсіре айту, ерекше үнмен, ырғақпен айту, ымдау, т.б. әрекеттер арқылы сөйлеу процесінде екінші адамға ойын жеткізеді.

Ал жазбаша сөйлеу – графикалық жазу таңбалары арқылы іске асады. Жазбаша сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлеммен де, құрмалас сөйлеммен де бере алады. Демек, жазбаша сөйлеу тілінде белгілі жүйелі байланыс болады. Адам сөйлеммен ойын жүйелі беруде тілдегі түрлі жұрнақ, жалғау, түрлі тыныс белгілерін, синоним, омоним, теңеу, салыстыру сияқты тілдік құралдарды пайдаланады.

Ауызекі сөйлеу тілін жақсы меңгерген, оған жаттыққан оқушы ойын жазбаша да дұрыс жүйелі бере алады.

3. Тіл дамыту жұмысын грамматика, орфография, пунктуация және әдебиетпен байланыстыра жүргізу принципі де ерекше орын алады.

Оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білудің, тыныс белгілерді дұрыс қоюдың, көркем әдебиетті көп оқудың үлкен мәні бар. Демек, мұғалім қазақ тілі сабақтарында үйретілген ережелерге сай түрлі жаттығу жұмыстарын орындатып, тыныс белгілердің дұрыс қоя білдірудің жолдарын көрсетіп, көркем әдебиетті көп оқуға бағыт беріп, оның үлгісін көрсетіп отыру қажет.

4. Тіл дамыту жұмысын стилистикамен байланысты жүргізу принципі де басты орын алады. Стилистикамен жұмыс грамматиканы, лексиканы, фонетиканы оқытумен тығыз байланысты жүргізіледі.

Стильдің түрлерін жақсы меңгерген оқушы тілдің морфологиялық құрылысын, яғни сөздердің мағынасына, тұлғасына және синтаксистік қызметтеріндегі өзіндік ерекшеліктерді ажыратып, күрделі сөз тіркесінің құрамын негізгі және көмекші сөздер, олардың өзара байланысын ажырату, жазуы қиын орфографиялық ережелерді меңгеріп, дұрыс, сауатты жазуға дағдыланады.

Синтаксисті оқу барысында түрлі синтаксистік конструкцияларды меңгеріп, сөз тіркесі мен сөйлем ішіндегі сөздерді тұлғалық формаларына қарай таңдап қолдануға дағдыланатын болады.

Мұғалім оқулықтағы жаттығулардан, дидактикалық материалдар жинағындағы мәтіндерден стильмен жұмыс істеудің жолдарын көрсетіп отырады.

Сайып келгенде, қазақ тілі сабақтары бойынша жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарын жоғарыда айтылған принциптерді ескере отырып ұйымдастыру пайдалы.

Қазақ тілін ақпараттық-коммуникациялық, компьютерлік технологиямен оқыту және мультимедиалық бағдарлама арқылы оқыту әдістемесінің мәселесі бір ғана Курстықдық жұмысының көлемінде зерттеліп, сонымен ған шектеліп қалатын дүние емес. Бұл тақырып әлі де басқа ізденушілердің жұмыстарына арқау болады деп ойлаймыз.

Біз осы Курстық жұмысының барысында ақпараттық технология мен мультимедиалық бағдарлама арқылы қазақ тілі материалдарын, соның ішінде тіл дамыту жұмыстарын меңгертудің әдістемесі мәселесінде қолда бар материалдардың барлығын қамтыдық. Дегенмен, әлі де басы ашылмаған мәселелер жетерлік.

Осы жұмыста тіл дамыту жұмыстарын мультимедиалық бағдарлама арқылы оқыту әдістемесі мәселесін екі тарауға бөліп қарастырдық. Жұмысымыздың өн бойында мына міндеттерді орындадық:

- Дәстүрлі оқыту үлгісі мен мультимедиалық бағдарлама арқылы жаңаша оқыту үлгісінің саластырмалы сипаттамасын кесте арқылы көрсеттік;

- Мультимедиалық бағдарлама арқылы оқытудың негізгі әдіс-тәсілдерін көрсеттік:

- Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияны қазақ тілі сабағында қолданудың ерекшеліктері сараланды;

- Компьютерлік технология арқылы сабақ өткізудің тиімді әдіс-тәсілдері тәжірибелік бөлімде ұсынылды.

Қорыта айтқанда, қазақ тілін оқытудағы мультимедиалық ақпараттық қорлар мен электронды оқу құралдарының негізгі қызметтерін мына тұрғыда жіктеп көрсетуге болады:

1. Мультимедиалық қорлар оқу материалын көрнекі түрде ұсынудың, әр түрлі ақпаратты алудың және талдаудың құралы бола алады;

2. мультимедиалық қорларды қолдану арқылы танымдық міндеттер мен тілдік оқу жағдаяттары негізінде ойлауды дамытуға; оқу материалдарын меңгеруге байланысты танымдық қызметті ұйымдастыруға; оқушылардың сөйлесім әрекетінің оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым түрлері бойынша тілдік және коммуникативтік дағдылары мен біліктерін және лексика-грамматикалық дағдыларын қалыптастырып, жетілдіруді тиімді түрде ұйымдастыруға болады;

3. мультимедиалық қорлар оқушылардың өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мен басқарудың құралы бола алады.

Қазақ тілін компьютер арқылы оқытудың басты жетістіктері мыналар:

1. Әрбір азамат қазақ тілін қазіргі заманның ең озық үлгілері арқылы үйренеді;

2. Оқу барысында туатын кейбір психологиялық кедергілерді жоюға мүмкіндік береді;

3. Тілді игерудің сапалық деңгейін жақсартуға мол мүмкіндік ашылады.

Қазақ тілін ақпаратық технологиялардың көмегімен оқытудың ерекшеліктері мен белгілері төмендегідей болып келеді.

оқытудың техникалық құралдары санатында өзіндік орны бар жүйе болып табылады;

дидактикалық нысандарға сәйкес келеді және обьективті, субьективті факторларға негізделген;

теория мен практиканы қатар ескеріп, қамтып отырады;

тілдің барлық негіздері қамтылады: есту, сөйлеу, оқу, грамматикалық, лексикалық, фонетикалық бағдарлар;

барлық қабылдау жолдары толық қамтылады (есту, көру т.б.);

тіл үйрету, бақылау және қадағалау қызметері қамтылады.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақ тілін оқыту методикасы. С.Рахметова «Ана тілі» 1991 ж.

2. Дамыта оқыту технологиялары. Б. А. Тұғырбаева Алматы, 2000

3. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. М. Балақаев. Алматы, 1989 ж.

4. Қазақ тілін оқыту методикасы. Б. Құлмағамбетова. А, 1989 ж.

5. «Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы» 1999 ж.

6. «Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы» 1997 ж.

7. «Білім» мемлекеттік бағдарламасы (30.09.2000 ж. ҚР Президентінің Жарлығына сай).

8. «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңы. 8.05.2003 ж.

9. «Ана тілі» оқулығы. 2-сынып. 2000 ж. «Атамұра»

10. Е. Балапанов, Б. Бөрібаев. Жаңа ақпараттық технологиялар. А, 2001

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2025
41
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі