Білім беру
саласы: Қатынас,
Пән: Тіл
дамыту
Өтпелі тақырып: Қыстың
керемет шағы
Тақырыбы: Көңілді қыс және қыс
ойындары
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Бір - біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен
ойнауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Балалардың қыс мезгілі туралы
білімдерін кеңейтіп сөздік қорларын
дамыту.
3.Оқыту: Сурет бойынша әңгіме құрап
үйрету.
Педагогикалық
технологиялар: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, жұмбақ шешу,
тапсырмалар орындау;
Ресурстармен қамтамасыз
ету: Қыс суреттері, аққала, қағаз, қарлар,
ойын суреттері.
Билингвалдық
компонент: қыс-зима, қыс ойындары-змнии
игры;
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі
(2 мин)
Жұмбақ
шешу:
Көзіңе
көрінбейді,
Тоңдырып
қызартады.
Күні - түні
ерінбейді,
Өзенге мұз артады.
(Аяз)
- Балалар аяз жылдың қай мезгілінде
болады?
- Қыс мезгілінде
болады.
- Қыс мезгілі қандай
болады?
- Салқын болады, беті - қолымыз тоңады. Қар
жауады, боран
болады.
- Қыста біздер қалай
киінеміз?
- Жылы киімдерімізді
киеміз.
- Қандай қысқы ойындарды
білеміз?
- Аққала соғамыз, шанамен сырғанаймыз, шаңғы,
коньки тебеміз. Хоккей
ойнаймыз.
ІІ. Негізі
бөлімі
1.Әңгімелесу
- Дұрыс айтасыңдар. Қарлы боранымен,
сықырлаған аязымен қыс та келіп жетті. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз
денемізді шыңдаймыз, жылы киінеміз. Сырғанап ойнап, аққала
жасаймыз.
(Есік тықылдатып Аққала
келеді)
- Қараңдаршы балалар бүгін бізге қонаққа
аққала келіпті. Аққала бізге құр келмепті, көптеген тапсырмалар ала
келіпті.
- Қане, балалар олай болса аққаланың әкелген
тапсырмаларын
орындайық.
Аққаланың
тапсырмалары:
1
тапсырма: Сурет бойынша әңгіме
құрастыру.
2
тапсырма: Қыс туралы тақпақ
айту.
- Ал, ендеше балалар қыс туралы тақпақ білсек
айта қояйық.
Сырғанаққа
мығымбыз
Шыныққанбыз,
шымырмыз
Таудан төмен
сырғанап
Біз тебеміз
сырғанақ.
Оқушы: Аулаға қар
үйгізді,
Бетті аязға
сүйгізді.
Тоңбасын деп
теректер
Қырау ішік
кигізді.
2. Сергіту
сәті
- Балалар ендеше орнымыздан тұрып бойымызды
сергітіп алайық.
Атамның алып
күрегін,
Ауланың қарын
күредім.
Күнде әжеме
құдықтан
Су әкеліп беремін. (Қимылмен
көрсету)
3 -
тапсырмасы:"Қайсысы артық" дидактикалық
ойыны.
Тақтаға әр мезгілдің киімдері ілінеді, осы
киімдердің ішінен артық киімдерді табу керек. Табылған артық
киімдерді қай мезгілде киетінін
сұрау.
4
тапсырма: Санамақ
айту.
"1" дегенім -
бөрік,
Кисең бойға
көрік.
"2" дегенім -
етік,
Киер сәнді
етіп.
"3" дегенім -
ішік,
Теріден тігер
пішіп.
"4" дегенім -
тымақ,
Қыста кисең жылы -
ақ.
"5" дегенім -
байпақ,
5
тапсырма:"Аққала" дидактикалық
ойыны.
Шарты: тақтаға жартылай қиылып жасалған
аққала бөліктері ілінеді. Үстел үстінде қалған бөліктері: басына
киетін шелегі, аузы, қолы, сыпырғышы, ілгегі сияқты суреттері
жатады. Балалар осы бөліктерді алып, артындағы сұраққа жауап беріп
іледі.
Аққаланың неше бөліктен тұратынын, қандай
геометриялық фигуралардан құралғанын
айтады.
6тапсырма:
Тіл ұстарту жаттығуын жаттап,
айту.
Ша - ша -
ша
Жап - жасыл
шырша.
Ар - ар -
ар
Қандай аппақ
қар.
Ыс - ыс -
ыс
Келіп қалды
қыс.
ІІІ. Қорытынды (2
мин)
- Қыс мезгілі сендерге ұнай
ма?
- Қыста ойнайтын қандай ойындарды
білесің?
- Қардан не
жасаймыз?
- Сырғанаққа бару үшін қалай киіну
керек?