400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тіл дамыту пәнінен конспект. Тақырыбы: "Табиғаттың ғажайып әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
ортағы топқа арналғантіл дамытудан конспект.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Қатынас

Пән: Тіл дамыту

Өтпелі тақырып: Ғажайып әлем

Тақырыбы: Табиғаттың таң ғажайып әлемі

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, аялауға, оған қамқор бола білуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Балалардың табиғат жайлы ұғымдарын дамыту. 3.Оқыту: табиғатта болатын таңғажайып құбылыстарды бақылай білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, жұмбақ шешу, ойын;

Ресурстармен қамтамасыз ету:  Табиғат бейнеленген суреттер, жыл мезгілдері мен ерекшеліктеріне арналған үлестірмелі суреттер.

Билингвалдық компонент: табиғат-природа, жыл мезгілдері-времена года;

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу әдістемеміздің тақырыбы «Табиғаттың таңғажайып әлемі болмақ»
Табиғат дегеніміз не?
Балалар біздер күнде табиғат аясына яғни далаға серуенге шығамыз. Онда біздер ауа райын бақылаймыз, ойнаймыз. Балалар кеше біздер табиғат аясына серуенге шыққанда не тауып алдық? «Сиқырлы қорапша» қараңдаршы.
Балалар қандай әдемі қорапша! Кеше біздер бұл сиқырлы қорапшаны бүгін ашып қараймыз деген болатынбыз олай болса кәзір ашып қараймыз.

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

Бізге бұл қорапшаны табиғат патшалығынан жіберіпті. Ішінде бізге ойын тапсырмалар бар екен. Осы ойын тапсырманы орындасақ жақсы сыйлық күтіп тұр екен.
1) ойын: «Сиқырлы қорапаша түстерін атап айт, және бұл түстер нені білдіреді? Нені ажыратады?
(Көк, жасыл, сары, қызыл)
(Қыс, Көктем, Күз, Жаз)

Балалар, адам қашанда табиғаттың әсемділігіне, сұлулығына тамсанып, таңданған, қуанып, шабыт алған және қамқорлық жасаған.
2) ойын: Табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар шеше білеміз бе?
Аузы жоқ үреді,
Аяғы жоқ желеді. (Жел)
Жардай дәулер соғысты,
Жарқ - жұрқ етіп оқ ұшты (Бұлт найзағай)
Жарқ етсе сабау қамшы
Төгіліп жауар тамшы (Найзағай, жаңбыр)
Көк жүзінде көк доға
Жер жүзінде жоқ доға
Қолмен ұстауға болмайды,
Көзбен көріп тоймайды (Кемпірқосақ)
Аспанда алып доп,
Жарқырайды жарық боп.(Күн)
Көк жастығым сөгілді
Ішінен мамық төгілді (Қар)
(Суреттерін көрсетіп жауап береді)
2. Сергіту сәті олай болса табиғат құбылыстарын қимылмен көрсетіп демалып алайық.
Жел тұрды гуілдеп,
Ағаш біткен уілдеп.
Аспанды бұлт торлады,
Найзағайлар ойнады.
Жаңбыр жауды себелеп,
Кемпір қосақ көрінді.
Жарқыраған күн шықты.
(Балалар қимылмен көрсетеді)
3 «Дидактикатылқ ойын:«Ауа райының өзгерістерін тап»
Шарты: Әр үйшіктегі белгі бойынша өз үйшігін табу.
(Балалар ойынды шарты бойынша ойнайды.)
4. «Табиғат туралы мақал мәтелдер айту»
«Жер қазына, Су гауһар.
«Табиғатты аяласаң, табиғатта аянып қалмас!»
«Судың да сұрауы бар!»

5.Дәптермен жұмыс

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Өте жақсы балалар! Табиғатты аялауға, қорғауға көмектесейік. Далаға серуендеп шыққанда ағаштарды сындырмайық, оларды күтіп, қорғап жүрейік.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
1475
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі