Мотивациялық қозғаушы
|
Жұмбақ шешу.Қолы менен қаламы жоқ, Бірақ сурет салады көп.ә) Сұрақ - жауап әдісі арқылы сабақ тақырыбын ашу. - Аяз жылдың қай мезгілінде болады? - Аяз қандай болады?- Аязды күні ойнауға бола ма?- Қандай қысқы ойындарды білесіңд | (Аяз)- Қыс мезгілінде болады-Қатты, суық. Бетті, қолды үсітіп жібереді.-Болады. Суықтан қорықпау керек.-Аққала соғамыз, сырғанаймыз, шаңғы, шана, коньки тебеміз.-Хоккей ойнаймыз.
|
|
- Дұрыс айтасыңдар. Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс келді. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз, денемізді шаңдаймыз, жылы киінеміз. Сырғанақ ойнап, аққала жасаймыз. (Есік тықылдатып, Аққала келеді). - Бүгін, бізге аққала қонаққа келіпті.Ауыл алды ақшақар, Ақша қарда балалар. Соғып жатыр аққала, Жалқауы жоқ жұмысқа.ә) Аққаламен қосылып, 1 - 2 жалпы дамыту жаттығуын орындату.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен бірге ойнайын деп келдім. Дала өте суық екен. Біз тоңып барамыз, денемізді қыздырып жаттығу жасайық. (Аққаламен қосылып, сергіту жаттығуын орындау).Қыздырайық денені, Кел, балалар, кел бері. Қыздырайық денені, Орнымызда тұрып - ақ. Жүгірейік бір уақ бір, екі, үш, Бір, екі, үш! Екпіндей түс,Аяқты алға созайың. Тік көтеріп қозғайық!
б) Аққаланың келесі тапсырмасы: «Қысқы ойындар» тақырыбына сурет бойынша әңгіме не ертегі құрастыру. Аққала дорбасынан төмендегідей тірек сөздерді шығарады. Педагог сөздерді балаларға оқып, осы сөздерді қатыстырып, сөйлемдер, әңгіме құрастыру керектігін айтады. Тірек сөздер:Ақ қоян, мәнерлеп сырғанау, сұр қасқыр, шаңғы, хоккей, шайба, таяқ, шанасымен жүйткиді. Тірек сұрақтар:І.Ақ қоян, сұр қасқыр, түлкі және кірпі қандай ойындар ойнады?2.Ақ қоян не істеді?3. Хоккей ойнау үшін қандай құралдар қажет? 4.Кірпі сыртқа не алып шықты?Қыс түсті.Ақ қоян, сұр қасқыр, түлкі және кірпінің іштері пысты. Олар ойнамақ болды. Мұзайдында қоян конькимен мәнерлеп сырғанады. Сұр қасқыр шаңғы тепті. Түлкі хоккейге қажетті құралдарды алып шықты. Барлығы, хоккей ойнады. Кірпі қырдан (дөңнен) шанамен сырғанады.в) Дәптерге қысқы ойынға қажетті құралдың суретін салады.г) Жұмбақ шешуЖұмбақта кездесетін қыр сөзіне сөздік жұмысын жүргізу. (Қыр - биік жер, бұл жерде дөң деп те айтуға болады |
Хормен айтады.
(Аққаламен қосылып, сергіту жаттығуын орындау).
(Орындарында тұрып жүгіреді).
(Аяқтарын алға кезек - кезек көтереді).
Аққаланың тапсырмаларын орындайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Жұмбақтың шешуі: шана. |
Рефлексиялық коорекциялаушы |
3. Оқу іс - әрекетін қорытындылау.а) «Кім жылдам?» дидактикалық ойыны.Тақтаға шананың, шаңғының, коньки, аққала, т.б. су - реттерді іледі. Балалар суреттегі заттардың атын айтады, сонан соң сол сөздерді қатыстырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады. Мысалы: қызыл шана, жаңа шаңғы, жып - жылтыр коньки, аппақ аққала, т.б.ә) Балалар қысқы ойындар туралы сабақ барысында алған білімдерін ортаға салады.
|
Ойынға қызығушылық танытады. |