Төле би атындағы №8 гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі Мамаева Салтанат Кайырбековна
Тақырыбы: «Тіл дамыту ұстанымдары»
Тіл дамыту әр дәуірдің шындығын, ар-ожданын, әдебі мен әдетін, дәстүрі мен салтын, ел мен жер, жақсы мен жаман туралы терең де халықтық таным ерекшеліктерін аңғартатын ғибраттық ойға бай. Сондықтан да әйгілі шешендердің тайпа көсемдері, ханға кеңесші билер, қол бастаған батырлар болуы тегін емес. Халқымыздың өмірінде сөз, сөйлеу өнері ең басты роль атқарған. Халық өз тарихын осы ауызша сөз арқылы жеткізіп отырады.
Бұл оқу бағдарламасы білім алушылар әдебиеттік оқу пәні бойынша алған білімдерін тереңдете отырып, оларды танымдық әрекеттерін қалыптастыруға, шешендік өнерінің дамуына және пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыруға, өздігінен білім алуына ықпалын тигізер деген үмітпен ұсынып отырмыз.
Тәуелсіз ойлап, дербес пікір білдіре аламын деген кез келгеніңіз шешендерден оқып, үйрене жүріп, жан-жақты, терең білім алумен, үздіксіз сөйлеп жаттығумен шешен бола аласыздар деп сендіргіміз келеді.
Тіл дамыту негізі бастауыш сыныпта қалыптасады.
Тіл дамыту адамның бір – бірімен пікір алмасып, қарым – қатынас жасайтын құралы. Сауаттылықтың қоғамдағы тәрбиелік қызметі ерекше. Сауаттылық – ұлттық мәдениет көрсеткіштерінің бірі.
Таза, мәнерлі тіл – ойлау жемісі. Баланы ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы олардың бойында тілдік мәдениетті қалыптастырады.
Ең басты міндет – дыбысты дауыс ырғағына келтіріп, дұрыс айтуға үйрету. Көбінесе балалар ана тілінде мына дыбыстарды дұрыс айта алмайды: р, ң,с, з, щ, ч, к, ү, ш. Бұл дыбыстарды сөз ішінде балалар дұрыс айтуға қиналып дыбыс екпінін қоя алмайды, айтылуы ұқсас дыбыстарды шатастырады. Сондықтан тіл дамыту сабағында жаңылтпаш, санамақ және әр түрлі дидактикалық сөздік ойындарды пайдалану қажет.
Білім алушының таным белсенділігін арттырудың бір жолы – тіл дамыту жұмыстары арқылы іске асыра аламыз. Тіл дамыту жұмыстарындағы негізгі қойылатын бағыт – бағдар –ойын жүйелі айтуға үйрету, шағын мәтіндер, өлеңдер арқылы білім алушының қызығушылығын ояту, жүйелі мазмұндатуға қалыптастыру.
Тіл дамыту арқылы білім алушының ақыл – ойы кеңейеді, адамгершілік, эстетикалық тәрбиесі қалыптасады. Сонымен қатар – білім алушының шығарма, әңгіме құрастырумен қатар жаңылтпаштар, өтірік өлеңдер құрастырып үйрету, мақал – мәтелдер, жаңылтпаш, қысқа мәтіндер, әңгімелерді оқып мазмұнын айтуға үйрету.
Тіл дамыту жұмыстарында дамыта оқыту жүйесі іске асып, әр оқушы өз бетінше жұмыс істеуге қалыптасады. Бала жұмысына сын көзбен қарап бағалауға, ойын еркін, дұрыс, ашық айта білуге үйренеді.
Тіл дамытуға арналған бұл бағдарламада мәнеріне келтіріп әңгімелеу, суретке қарап әңгіме құрастыру, өлеңді дауыс ырғағына келтіріп жаттап алу, байланыстырып сөйлеу, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал – мәтелдер берілген.
Білім алушының тілін дамыту, сөз қолдану дағдыларын қалыптастыру осы кезеңдердің әрқайсысында белгілі бір тақырыптың оқытылуына сүйене отырып, соның барысында жүргізіледі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тіл дамыту ұстанымдары
Тіл дамыту ұстанымдары
Төле би атындағы №8 гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі Мамаева Салтанат Кайырбековна
Тақырыбы: «Тіл дамыту ұстанымдары»
Тіл дамыту әр дәуірдің шындығын, ар-ожданын, әдебі мен әдетін, дәстүрі мен салтын, ел мен жер, жақсы мен жаман туралы терең де халықтық таным ерекшеліктерін аңғартатын ғибраттық ойға бай. Сондықтан да әйгілі шешендердің тайпа көсемдері, ханға кеңесші билер, қол бастаған батырлар болуы тегін емес. Халқымыздың өмірінде сөз, сөйлеу өнері ең басты роль атқарған. Халық өз тарихын осы ауызша сөз арқылы жеткізіп отырады.
Бұл оқу бағдарламасы білім алушылар әдебиеттік оқу пәні бойынша алған білімдерін тереңдете отырып, оларды танымдық әрекеттерін қалыптастыруға, шешендік өнерінің дамуына және пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыруға, өздігінен білім алуына ықпалын тигізер деген үмітпен ұсынып отырмыз.
Тәуелсіз ойлап, дербес пікір білдіре аламын деген кез келгеніңіз шешендерден оқып, үйрене жүріп, жан-жақты, терең білім алумен, үздіксіз сөйлеп жаттығумен шешен бола аласыздар деп сендіргіміз келеді.
Тіл дамыту негізі бастауыш сыныпта қалыптасады.
Тіл дамыту адамның бір – бірімен пікір алмасып, қарым – қатынас жасайтын құралы. Сауаттылықтың қоғамдағы тәрбиелік қызметі ерекше. Сауаттылық – ұлттық мәдениет көрсеткіштерінің бірі.
Таза, мәнерлі тіл – ойлау жемісі. Баланы ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы олардың бойында тілдік мәдениетті қалыптастырады.
Ең басты міндет – дыбысты дауыс ырғағына келтіріп, дұрыс айтуға үйрету. Көбінесе балалар ана тілінде мына дыбыстарды дұрыс айта алмайды: р, ң,с, з, щ, ч, к, ү, ш. Бұл дыбыстарды сөз ішінде балалар дұрыс айтуға қиналып дыбыс екпінін қоя алмайды, айтылуы ұқсас дыбыстарды шатастырады. Сондықтан тіл дамыту сабағында жаңылтпаш, санамақ және әр түрлі дидактикалық сөздік ойындарды пайдалану қажет.
Білім алушының таным белсенділігін арттырудың бір жолы – тіл дамыту жұмыстары арқылы іске асыра аламыз. Тіл дамыту жұмыстарындағы негізгі қойылатын бағыт – бағдар –ойын жүйелі айтуға үйрету, шағын мәтіндер, өлеңдер арқылы білім алушының қызығушылығын ояту, жүйелі мазмұндатуға қалыптастыру.
Тіл дамыту арқылы білім алушының ақыл – ойы кеңейеді, адамгершілік, эстетикалық тәрбиесі қалыптасады. Сонымен қатар – білім алушының шығарма, әңгіме құрастырумен қатар жаңылтпаштар, өтірік өлеңдер құрастырып үйрету, мақал – мәтелдер, жаңылтпаш, қысқа мәтіндер, әңгімелерді оқып мазмұнын айтуға үйрету.
Тіл дамыту жұмыстарында дамыта оқыту жүйесі іске асып, әр оқушы өз бетінше жұмыс істеуге қалыптасады. Бала жұмысына сын көзбен қарап бағалауға, ойын еркін, дұрыс, ашық айта білуге үйренеді.
Тіл дамытуға арналған бұл бағдарламада мәнеріне келтіріп әңгімелеу, суретке қарап әңгіме құрастыру, өлеңді дауыс ырғағына келтіріп жаттап алу, байланыстырып сөйлеу, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал – мәтелдер берілген.
Білім алушының тілін дамыту, сөз қолдану дағдыларын қалыптастыру осы кезеңдердің әрқайсысында белгілі бір тақырыптың оқытылуына сүйене отырып, соның барысында жүргізіледі.
шағым қалдыра аласыз













