400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тіл дамыту,мүсіндеу пәнінен конспект. Тақырыбы: "Жабайы аңдар", "Тиін жаңғақ кеміреді"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ортаңғы топқа арналған тіл дамыту және мүсіндеу пәнінен конспект жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Қатынас, Шығармашылық

Пән: Тіл дамыту, Мүсіндеу

Өтпелі тақырып: Аңдар қалай қыстайды?

Тақырыбы: «Жабайы аңдар», «Тиін жаңғақ кеміреді»

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Табиғаттың бір бөлігі - жануарларды қамқорлыққа алуға

тәрбиелеу.

Ұқыпты жұмыс істеуге, бір-бірінекөмектесе білуге баулу.

2.Дамытушылық: Жабайы жануарлардың мекені, қоректенуі және олардың

жабайы деп аталуы туралы түсініктерін дамыту.

Баланың ойын, тілін, шығармашылық қабілетін, көркемдікталғамын дамыту.

3.Оқыту: Әрбір аңның атын дұрыс атауға үйрету.

Тиін, тиіннің тіршілігі туралы түсінік беру. Тиіннің мүсінін жасай білуге, дене

бөліктерін біріктіріп қосу, шымшып қысу, дөңгелектеутәсілдерін үйрету.

Педагогикалық технологиялар: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, жұмбақ шешу, тапсырмалар орындау, ойын,мүсіндеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Жабайы аңдардың суреті. Тиіннің суреті, ермексаздар, тақтайшалар, стекалар, сулы сүрткіштер, қарағайдың бүрі, емен жаңғақтары.

Билингвалдық компонент: қасқыр-волк,түлкі-лиса,аю-медведь, қоян-заяц, тиін-белка.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Балалар сендер жабайы аңдарды білесіңдер ме? Барлығың маған қараңдаршы.

Олар далада емін-еркін тіршілік етеді.Бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы Жабайы аңдар.

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

Жануарлар тірі табиғаттың негізгі бөлігі. Жануарлар екіге бөлінеді: Үй жануарлары және жабайы жануарлар. Жануарлардың табиғаттағы тіршілігі ерекше әрі қызықты. Жабайы аңдар - табиғи жағдайда өз бетімен тамақ тауып, тіршілік ететін жануарлар. Жабайы жануарлардың түрлері өте көп.

Жұмбақ жасыру арқылы жабайы аңдармен таныстыру.

1.Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады.

Мынау-қоян.Ол орманда тұрады. Қоянның баласын көжек деп атаймыз.Орыс тілінде заяц деп айтады.Қоянның сүйікті асы-сәбіз

Қоян туралы қандай тақпақ білеміз?

Мақал-мәтел: Еркекті намыс өлтіреді,қоянды қамыс өлтіреді.

2.Қыс бойы жатады,

Тәтті ұйқыға батады.

Аю орманды мекен етеді.Ол апанда тұрады.

Жаздай денесіне май жинап,қыстай ұйықтайды.

Баласын-қонжық деп атайды.

Орыс тілінде медведь.

Аю туралы тақпақ айту.

Аю жеміс-жидектермен қоректенеді.



3.Өзі айлакер,өзі қу,

Жүрген жері айқай да шу.

Түлкі де орманда тіршілік етеді.Ол тамағын жортып жүріп табады.Баласын- түлкішек деп атайды.Орыс тілінде лиса деп атайды. Түлкі тауық етін жақсы көреді.

Түлкі туралы тақпақ айту.

4.Аузы бейне,шалғы орақ,

Шөп емес бірақ малды орады.

Қасқыр да орманда тұрады.

Ол- жыртқыш аң.Жемін жортып жүріп табады.Ұсақ жануарлармен қоректенеді.Қасқыр-волк.

Қасқыр туралы мақал-мәтел:

5. Шырша саясы – күркесi,

Өзi орман еркесi.

Қарғып жүрер жан-жаққа,

Өте құмар жаңғаққа.   (Тиiн)

Бұл – тиін. Ол жаңғақты сүйіп жейді.

2.Сергіту сәті
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп - теріп алайық
Қалтамызға салайық.

3.Дыбыстық жаттығулар:
- Ыр – ыр – ыр ырылдайды қасқыр,
- кі – кі – кі бұлаңдайды түлкі,
- Ян – ян – ян жүгіріп жүр қоян.
- Ю – ю – ю қорбаңдайды аю.

4.Сөздік жұмыс: Жабайы аңдар - табиғи жағдайда өз бетімен тамақ тауып, тіршілік ететін жануарлар.

Балалар, қазір біз сендермен тиінді мүсіндейміз.

  • Тиін қайда өмір сүреді?

  • Немен қоректенеді?

  • Ол қандай аң?

  • Үлкен бе, кіші ме?

4.Үлгі көрсету

1. Тиінді мүсіндеу үшін қоңыр немесе қызғылт сары түсті ермексазды алып, кішірек және үлкен етіп екі бөлікке бөлеміз.

2. Үлкен бөлігін алақан арасына салып, сопақша пішінге келтіріп, артқы бөлігін дөңестеу қалыпқа келтіреміз.

3 Ермексаздың кіші бөлігінен басын домалақтап жасап, созу арқылы тұмсығын шығарамыз.

4. Ермексазды созу әдісімен аяғын, қолын жасаймыз.

5. Ермексазды жалпақтау арқылы кескішпен құйрығын бастырып кесіп алып, денесіне жапсырамыз.

6. Көзін, мұрынын жасаймыз, орналастырамыз.

Проблемалық сұрақ қою:

Тиінімізге не жетпей тұр?

Енді, тиінге жаңғақ сыйлайық. Тиіннің қолына жаңғақ ретінде қарағайдың бүрін, емен жаңғағын қыстырып қоямыз.

5.Жұмыс барысы

Балалар көрсетілген үлгіге мұқият қарап отырады.

Жаңғақ.

Балалар жұмысқа кіріседі. Кейін дайын болған тиін мүсініне қысып, басу арқылы қарағай бүрлерін, емен жаңғағын орналастырады. Балалар тиінге жаңғақ сыйлағандарына қуанады.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Балалар, жасаған тиініміз өте әдемі болыпты.

Балалар біз бүгін жабайы аңдармен таныстық.
- Олар қайда мекендейді?
- Қандай жануарлармен таныстық?












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
1721
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі