400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тіл дамыту,мүсіндеу пәнінен конспект. Тақырыбы: "Жабайы аңдар", "Тиін жаңғақ кеміреді"

Материал туралы қысқаша түсінік
ортаңғытопқа арналған конспект.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Қатынас, Шығармашылық

Пән: Тіл дамыту, Мүсіндеу

Өтпелі тақырып:

Тақырыбы: «Көңілді қыс», «Аққала»

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп білуге тәрбиелеу.

Әдептілікке, көркемділікке жұмылдыра тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Қыс мезгіліне қажетті құралдарды атау. Табиғат көрінісін

сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Оқыту: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін

ажыра білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Ермексаздында қандай түс

алатынын тура түсіндіру. Ақ түсті пайдалана отырып, ермексазды ширауту,

иреу әдістерін қалыптастыру.

Педагогикалық технологиялар: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, жұмбақ шешу, тапсырмалар орындау, ойын,мүсіндеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Қыс мезгілі туралы суреттер,ойыншық аққала.

Билингвалдық компонент: қар - снег, қыс - зима, аққала-снеговик, аяз-мороз, сырғанақ-горка;

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Шанамен зырғып желетін,

Коньки , шаңғы тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?

-Жарайсыңдар, балалар!Қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?

Енді қыс айларын атайықшы.

Қыс мезгілінде ауа –райы қандай болады?

Ғажайып сәт

Мен аққала, ақ бала

Келіп қалдым бақшаға

Екі көзім қап-қара

Көргін келсе сен қара

-Сәлеметсіздерме балалар?

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

- Балалар бәрің тамаша болып өсіпсіңдер. Тақтаға қараңыздар, қар жауып тұр. Балалар далада ойнап жүр. Сендер білесіңдер ме, қыста қандай ойын түрлері бар?

- Шанамен ойнаймыз, коньки тебеміз, қардан аққала жасаймыз,сырғанақ тебеміз;

- Балалар кім қыс туралы тақпақ біледі?

Тақпақтар:

1.Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады, қатады

Жып-жылтыр болып жатады.

2. Балалар шықты далаға

Ойнап күліп жүр енді

Шаналармен озады

Аққаланы соғады

3. Біз тебеміз сырғанақ

Таудан төмен сырғанап

Бір шанада екеуміз

Құламайды екенбіз.

-Ой балалар көп-көп рахмет. Балалар мен сендерге құр келген жоқпын, қызықты тапсырмалар, ойындар әкелдім.

1тапсырма.Суретпен жұмыс.

Балалар ойнап жүр.

Марат шаңғы теуіп жүр.

Болат шанамен сырғанап жүр.

2тапсырма.»Не артық?»

Қысқы ойынға жатпайтын ойын құралын табу.(доп)

3тапсырма.Бірге жаттайық»Қыс»

Келді-дағы қыс,

Дала аппақ түс.

Қос аяқта шаңғымыз,

Дөңге шықтық бәріміз.(2рет)

Сөздік жұмыс: аяз, боран, сырғанақ-мағынасын түсіндіру, жеке-жеке айтқызу.

2. Сергіту сәті «Аққала»

Қар жауғанда  топ бала,

Соқтық келіп аққала.

Мұрны сәбіз,үп-үшкір,

Көзі көмір қап-қара.

Көне шелек басында,

Сыпырғышы қолында.

Мұзайдынды аршуға,

Келгендей-ақ ол мұнда.

3.Аққала:-Балалар мен қарлы боранда досымды жоғалтып алдым.Маған дос тауып беруге көмектесесіңдер ме?

-Ендеше ермексаздан аққала құрастырып көрейік.

Аққала неден жасалады?

Қардың түсі қандай?

Қар мұздай ма жылы ма?

Аққала неше бөліктен тұрады?

Оның бөліктерінің пішіндері қандай?

4.Үлгі көрсету

Жұмыстың орныдалу ретімен танысады:Қажетті ермексаз түстерін таңдап алады. Оны алақанына салып жұмсартады. Ермексазды үш түрлі дөңгелек бөлшек жасаймыз,домалақтаймыз. Мұрнын және көзін ермексаздан

жасаймыз.

4.Жұмыс барысы

Балалар шығармашылықпен аққаланы жасайды.Қиналған балаларға жеке көмек көрсету.

Балалар педагогтің көрсетуімен ілесе отырып аққаланы жасайды.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Аққала: -Ой балалар рахмет. Мен енді жалғыз емеспын, достарым көбейді. Маған арнап жасаған аққалаларына, орындаған тапсырмаларына, тақпақтарың үшін рахмет. Мен енді қайтайын. Сау болыңдар.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
839
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі