400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тіл достық кепілі» атты интелектуалдық сабақ (МАД)

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеалды даярлық тобына арналған кіріктірілген оқу қызметі.«Үш тұғырлы тіл» Балаларының қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын оятып, тіл үйренуге деген ықыластарын туғызу. Балалардың сөздік қорлары мен тіл байлығын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тіл достық кепілі» атты интелектуалдық сабақ

(МАД тобы)

Мақсаты: Балалардың адам бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу. Достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу, досқа деген адалдық шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты айыра білуге тәрбиелеу. Ана тілі мен өзге тілдерді құрмет тұтуға, достыққа тәрбиелеу. Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау. Балаларының қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын оятып, тіл үйренуге деген ықыластарын туғызу. Балалардың сөздік қорлары мен тіл байлығын дамыту.Балаларды ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да, қарсы тұруы тиіс.

Әдіс –тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, мадақтау.

Көрнекіліктер: (қазақ тілі кабинеті Үш тіл патшалығы сияқты етіп әшекейленген) картоннан патшайым үйі, тапсырма салатын конверт, хат, қобдиша, Д/о «Қай ертегіден?» (сурет, картоннан, матадан жасалған ертегілер: «Ғажайып тон» - сурет, «Рукавичка»- матадан, «Үш торай» - картоннан), Д/о «Аңдарды тауып, қос» (жануарлар суреттері- пазл), «Дос іздеген бота» ертегісінің кейіпкерлерінің костюмдері.

Біз балдырғандар баламыз” әні

Біз балдырған баламыз

Шаттық әнге саламыз

Осы бала сандарды

Жазу жаза аламыз

Біз бақытты баламыз

Әнші биші балапан

Біз өнерлі балақан

Ән саламыз билейміз, жайнап өскен гүлдейміз

Ортақ болған даламыз

Ортақ думан қаламыз

Туған жерден нәр алып

Өнер қуған баламыз.

Мұғалім: Балалар қандай керемет күн. Мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Кәнеки, бәріміз шаттық шеңберімізге жиналып, бір-бірімізге қуаныш сыйлап, шын жүректен бәрімізге күлкі сыйлайық.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түссін бақшамыз.

Қайырлы таң конақтар,

Қайырлы таң достар.

Мұғалім: Балалар қараңдаршы, бүгінгі бізге келген қонақтармен амандасайық

(балалар үш тілде амандасады)

Балалар: Салеметсізбе. Здравствуйте. Good morning

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар.

Мұғалім: Балалар, сендер біздің балабақша қалай аталатынын білесіңдер ме?

Балалар: Біздің балабақшамыздың аты «Түймедақ».

Мұғалім: Жарайсыңдар.

-А знаете ли вы что в нашем детском саду есть детская дошкольная ассамблея народов Казахстана?

Балалар: Да

Мұғалім: А как вы думаеете что такое ассамблея народов?

Балалар: Это дружба народов.

Мұғалім: Верно. В нашем детском саду есть представители разных национальностей.

-You are owner*s of varions nachanalites. And please introduce yourselves.

Балалар: Менің атым Баянсұлу мен қазақпын. Менің атым Васелиса я- русская, менің атым Шамсият. Я лезгинка. Менің атым Дильназ, мен –татар. Менің атым Варвара мен орыспын. Менің атым Дильназ - мен қазақпын.

Біздің Отанымыз Қазақстан!

Мұғалім: Балалар, біз сендермен Еуразияның орталығы Қазақстанда тұрамыз. Ал
Қазақстанда қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қаынас тілі және ағылшын тілі - халқаралық тілі. Сондықтан да, біздің елді бүгінгі күні «Үш тіл патшалығы » деп атауға болады.

-Балалар, бүгін ертемен балабақшаға хат келді (хатты алады) бұл хат жай хат емес сияқты, бұл үштілділікті насихаттайтын патшалық бар екен, сол патшалықтың ханшайымынынан келіпті. (хатты оқиды)

«Құрметті 42 «Түймедақ» балабақшасының «Росток» балалар кіші ассамблеясының тәрбиеленушілері, сендердің тілді қаншалықты меңгергендеріңді сынау үшін өзімнің патшалығыма шақырамын.»

Мұғалім: Ендеше, балалар біз сол патшалыққа сапарға шығуымыз керек. Өзіміздің білімізді көрсетейік. Ал, біз дайынбыз ба?

Балалар : Ия дайынбыз.

Мұғалім : Ендеше, сиқырлы ұшатын кілемшеге отырып, ғажайып та, қызықты, сиқырлы Үш тіл патшалығына барамыз. Ыңғайланып отырып, көздерімізді жұмамыз: Ұштық. (Жай әуен ойнатылады) (Балалар сиқырлы кілемшемен ұшып барады)

- Көздеріңізді жұмып елестетейік: жоғарыда нұрын шашқан, жарқыраған күн. Астында сарқыраған өзен, көлдер, жәйменен соғып тұрған самал желді сезіп тұрсыңдар ма? Ал, енді көзімізді ашайық. Міне, Үш тіл патшалығына да жеттік.

Ханшайым: Сәлеметсіңдер ме, балалар! «Үш тіл патшалығының» ханшайымы мен боламын. Патшалыққа хош келдіңдер! Сендердің білімдеріңді сынау үшін шақырғанымды білесіңдер, келгендеріңе өте қуаныштымын. Ал, сынақтан өтетін тапсырмаларыңа дайын болыңдар!

Балалар орындарына отырады

Ханшайым:

Ақынбыз асау- біз деген,

Өмірден сәуле іздеген - деп тақпақтарға жол берейік. Ендеше бірінші тапсырма: «Үш тілде тақпақ айту»

Варвара:

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

Шамсият:Алатау алтай арасы ,

Қазақтың кең даласы.

Мен боламын сол елдің,

Қайсар рухты баласы.

Өсіп, өніп ер жетіп,

Ақылымды өрлетіп .

Елімнің атын шығарам,

Мықты елдермен тең етіп.

Алимхан:

Я-казах, в степи рождён,

Знойным солнцем ополен.

Встречаю новую зарю,

Как беркут, гордый, окрылен.

Под щедрым солнцем, золотым,

Под ясным небом голубым.

Карим :We learned our ABC's
And counting 1, 2, 3's.

Just ask us if you dare,
The kindergarten class.
And now we know all these,
The kindergarten class.

And we learned how to share.
And we learned how to care.

Ханшайым: Жарайсыңдар балалар, келесі тапсырма мынадай :

Ойын: «Ұйқас тауып, тіл үйрен!».

Үйірме – кружок,

Секіру – прыжок.

Бала – мальчик,

Саусақ – пальчик.

Сладкий – тәтті,

Твёрдый – қатты.

Горох – бұршақ,

Кукла – қуыршақ.

Стекло-әйнек

Чайник-шайнек,

Мальчик – boy,

Ойыншық – toy.

Красный – red,

Плохой – bad.

Лопата-күрек

Сердце-жүрек

Ханшайым: Жарайсыңдар, балалар! Мен өте риза болдым сендерге.

«Мақал – сөздің көркі» деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады.

Келесі тапсырманы ағылшын тілінде сынап көремін.

(Балалар мағыналас мақал-мәтелдерді ағылшын тілінде айтулары керек.)

1. Ештен кеш жақсы.

Better late, than never.

2.Не имей сто рублей, а имей сто друзей.

Having friends is better than having money.

3.Еңбексіз өнбек жоқ.

No pains, no gains.

4.Не все то золото что блестит.

All is not gold that shines.

5. Денсаулық зор байлық.

Good health is above wealth.

6. Незнание приносит вред.

Little knowledge is dangerous thing.

7. Қанағат қарын тойғызар.

Enough is as good as a feast.

Ханшайым: Ой , жарайсыңдар балалар. Балалар, сендер ойын ойнағыларың келе ме?

Балалар: Ия

Ханшайым: Олай болса,келесі тапсырма : Ойын: «Аңдарды тауып, қос».

(стол үстінде жартылай қосылған аңдардың суреті бар, балалар аңдардың бөліктерін қосып, бір аңды көрсетеді де қазақ тілде аттарын атап, мекенін айтады.) (сахналауға дайындалған балалар шығып кетеді)

Ханшайым: Жарайсыңдар балалар.Бұл тапсырманы сендер орындадыңдар. Енді балалар, бір шындық қоспай, өтірік өлеңдер айта аласыңдар ма? Келесі тапсырма: «Өтірік өлеңдер»:

Інжу: Бір күні ірі арыстан,

Кешірім сұрады балықтан.

Балық оны кешірмей,

Жұлып алды қайықтан.

Ердаулет: Аю тұрды ақырды,

Тышқанға тым әкірді.

Тышқан оны қатырып,

Лақтырып кеп жіберді.

Бекзат: Шли бараны по дороге

Промочили в луже ноги

Раз два три четыре пять

Стали ноги вытирать

Кто платочком , кто тряпицей

Кто дырявой рукавицей.

Сабина: Между небом землей,

Поросенок рылся.

И нечаянно хвостом,

К небу прицепился.

Шамсият: Higletty , pigglety, pop.

The dog has eaten the map,

The pig*s in a hurry.

The cat*s in f flarry,

Higletty , pigglety, pop.

Дильназ : One ,two ,how are you?

Three,four ,who*s at the door?

Five, six, my name is Fix,

Seven ,eight, sorry I m late.

Ханшайым: Қандай керемет! Ал ендеше ең соңғы тапсырманы орындауға шақырамын. Ойын: «Бұл қай ертегіден?»

Мұғалім: (қобдишадан ертегі кейіпкерлерін балаларға көрсетеді.) Бұл қай ертегі кейіпкерлері? Ертегіңің аты қандай?

Балалар: Бұл баймен Алдар көсе ғой. «Ғажайып тон» ертегісінен.

Мұғалім: (тағы бір ертегіні көрсетеді) Ребята, а это какая сказка?

Балалар: Это сказка называется «Рукавичка».

Мұғалім: (тағы бір ертегі кейіпкерлерін көрсетеді) From a fairy tale characters?

Балалар: From a fairy tale The Three Little Pigs

Ханшайым: Ой, жарайсыңдар балалар.

Мұғалім: Міне, көрдіңіз бе патшайым біздің балалар сіздің тапсырмаларыңызды орындады. Ендеше ,біздің балаларымыздың дайындаған ертегі қойылымын тамашалаңыз.

Сахналау: «Дос іздеген бота» ертегісі (үш тілде өткізіледі).


Автор: Ерте ерте ертеде боталы түйе болыпты. Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.

Бота бота ботамын,

Ақылды болып атандым

Тостақандай көзім

Әдемімін өзім.

Түйе ана:

Түйе түйе түйемін;

Жануармын киелі.

Жан – жағыма қараймын,

Күн мен түнді санаймын.

-Боташым, мен саған жақсы достан бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. Доссыз өмір қызық емес,- дейді

Бота әндете жолға аттанады.

Бота мысықты кездестіреді.

-Бө-бө мен дос іздеп жүрмін- дейді бота боздап.

Мяу мяу I m citten

My coat is so warm

I love to sleep

Кел екеуміз дос болайық

-Жоқ-жоқ сен сияқты дос емес.

Бота итті кездестіреді.

-Бө-бө мен дос іздеп жүрмін- дейді бота боздап.

I m puppy

I m so funny

I love ran and jump.

Кел екеуміз дос болайық.

-Жоқ-жоқ сен сияқты дос емес.

Келе жатып әтешті кездестіреді.

-Бө-бө мен дос іздеп жүрмін- дейді бота боздап.

Я голосистый петушок,

Красно-алый гребешок.

По утру чуть свет встаю,

Песню громкую пою.

Давай вместе дружить.

-Жоқ-жоқ сен сияқты дос емес.

Бота әрі қарай жүреді . Алдынан қошақан шығады.

-Бө-бө мен дос іздеп жүрмін- дейді бота боздап.

Я кудрявая овечка,

Шерсть закручена в колечки.

Полюбуйтесь, детки-крошки,

На мои крутые рожки.

Мне зимой теплее всех,

У меня отличный мех.

Давай дружить.

-Жоқ-жоқ сен сияқты дос емес. Сөйтіп бота әрі қарай жүреді. Алдынан ара ұшып шығады.

-Бө-бө мен дос іздеп жүрмін - дейді бота боздап.

-Ұшып келсем қасыңа

Менен сен шошыма

Сен тимесең мен тимеймін

Қастығым жоқ досыма

-з-з-з, кел екеуміз дос болайық,

Гүл терейік бал жинайық.

-Жоқ-жоқ сен сияқты дос емес. Ара ашуланып қуа жөнеледі. Бота зорға дегенде қашып құтылады.

Анасы: Дос таптың ба , ботам?

-Жоқ анашым, сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз. Тура мен сияқты ешкім жоқ екен.

-Өзің сияқты дегенім адалдығыңды айтқаным. Досты жан тазалығымен таңдау керек.

Бота қуанып, достарын шақырып алады.

Мұғалім: Сөйтіп бота өзінің адал достарын шақырып алып, бірге достық туралы әнін шырқайды.

Достық туралы ән

Бір ренжітпе досыңды,

Мен қостаймын осыңды.

Тату ойнап әрқашан,

Көтер көңіл қошыңды.

Ойнайық та күлейік,

Көңілденіп жүрейік.

Бақыт кілті достықтың,

Татулық деп білейін.

Подружил нас детский сад,

Подружил навечно.

Будьте дружные всегда,

И веселым будь всегда.

Ойнайық та күлейік,

Көңілденіп жүрейік.

Бақыт кілті достықтың,

Татулық деп білейін.

We are the friends

We are the friends

Let be friends forever

We can to play

We can to play

We can to play forever

Ойнайық та күлейік,

Көңілденіп жүрейік.

Бақыт кілті достықтың,

Татулық деп білейін.

Ханшайым: Бәрекелді, жарайсыңдар. Рахмет сендерге балалар. Үш тілді өте жақсы меңгерген екенсіңдер. Бірнеше тілді меңгерген, кез келген адам басқа ұлт өкілдерімен тіл табысып, достаса алады. Сендердің бүгінгі көрсеткен білімдеріңе өз патшалығымнан сыйлық. Қабыл алыңыз.

Мұғалім: Рахмет, Ханшайым. Сау болыңыз! До свидания! Good buy (балалар сиқырлы кілемшеге отырып балабақшаға қайта оралады)

Көздеріңізді жұмып елестетейік: Жоғарыда нұрын шашқан, жарқыраған күн. Астында сақыраған өзен, көлдер, жәймененен соғып тұрған самал жел. Ал, енді көзімізді ашайық. Міне, өз балабақшамызға да жеттік.

Мұғалім: Міне, балалар бақшамызға да жеттік.

- Балалар, біз қайда бардық?

Балалар: Біз Үштіл патшалығына бардық.

Мұғалім: Сендерге не ұнады?

Балалар: Маған «Аңдарды тауып қос» ойыны ұнады.

Балалар: Маған ертегі ұнады.

Мұғалім: Ертегі не туралы болды?

Балалар: Ертегі достық туралы болды.

Мұғалім: Ия, балалар, Достық ұзақ тұрақты болу үшін бір-бірлеріңе көмектесіп, адал болуларың керек. Сонда ғана достығымыз берік болады.

Жарайсыңдар балалар! Ендеше, осымен біздің сиқырға толы сабағымыз аяқталды.

Сау болыңыз! До свидания! Good buy!



































«№ 42 «Түймедақ» балабақшасы» МКҚК














«Тіл – достық кепілі » тақырыбында

Ағылшын, орыс тілі пәндері кіріктірілген

Қазақ тілі пәні бойынша

ұйымдастырылған оқу қызметі

(Мектепалды даярлық тобы)
















Қазақ тілі мұғалімі: Кульбалаева Ы.А.

(арнаулы орта білім, 1 санат)

Ағылшын тілі мұғалімі: Мухамедова Н.И.

(жоғары білім, санаты жоқ)


















Ақтау 2017

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
733
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі