Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тiл достық кiлтi"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тiл достық кiлтi"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:21/01/2026ж


Тақырыбы: "Тіл – достықтың кілті"


Білім беру саласы: «Коммуникация»


Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту


Мақсаты: Балаларға тілдің,достықтың маңызы зор

екендігінұғындыру;Өз тілін құрметтеуге,досқа адал болуға үйрету.

Сөздік қорларын байыту;Досттыққа тәрбиелеу.


Қолданылатын көрнекі құралдар: Әріптер мен дыбыстардың суреттері.Жыл мезгілерінің плакаты,әсем шарлар,ойынға керекті заттар және т.б


Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.


Ұйымдастыру кезкңі:

-Сәлемдесу!

-Шаттық шеңберін құру.

Балалар шеңберге тұрып көңілді сәлемдесуді музыканың ырғағымен қимылдар жасау арқылы көрсетіп.Үш тілде сәлемдесіп алады.


Қазақша: Сәлем сәлем достарым!

Қайырлы таң баршаңа!

Орысша: Здравствуй здравстуй детский сад

Доброе утро всем ребят!

English: Hello hello everyone

Good morning lets have fun!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!Осындай жақсы көңіл күймен оқу қызметімізді жалғастырайық.


Кіріспе бөлім.

-Сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр жыл мезгілдеріне байланысты.Мұқият тыңдап дұрыс жауап береміз балалар.



Жұмбақтар:


1/ Су көбейіп

Бүршік шашып.

Жапырақ ашып ,

Бәйшешектер басады .

Айтыңдарышы балалар

Бұл қай кезде болады? (Көктем)


2/ Күнің көзі шуақты .

Балалар жүр шомылып,

Көбелектер қуып ойнайтын .

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Жаз)


3/ Жапырақтар сарғаяды.

Күн бұлттанады,

Жаңбыр жиі жауады.

Құстар жылы жаққа ұшады,

Айтыңдаршы балалар

Бұл қай кезде болады? (Күз)


4/Шана зырғып келетін,

Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)


Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар! Балалар менің қолымда нелерді көріп тұрсыңдар

Балалар: әріптер мен дыбыстар.

Тәрбиеші: иә,дұрыс айтасыңдар әріптер мен дыбыстар.


Өткенді қайталау.

Сұрақ-жауап әдісі.

1/ Қазақ альфавитінде неше әріп бар? /42

2/ Ал,дыбыстар нешеге бөлінеді? /Екіге: дауысты және дауыссыз дыбыстар/

3/ Қандай түстермен белгіленеді?/қызыл және көк/

4/ сендер осы әріптерге байланысты тақпақтар білесіңдер ма? /иә,білеміз/

Тақпақтар:

Әліппе өлең.

А-а

Алина:А дегенім атаң,

Ақ тілекті батаң,

Ақыл сөзін тыңдап,

Ардақтай біл, ботам.

Ә-ә

Әмірхан: Ә дегенім әжең ,

Әлдилеген анаң,

Әлпештеген әкең,

Әспеттей біл, балам!

Б-б

Зәуірбек: Б дегенім білім,

Білім- жарық күнің,

Ашып берер саған,

Бар әлемнің сырын!

В-в

Расул: В дегенім вокзал,

Кісі толған көп зал,

Келіп қалса пойыз,

Вокзалдан тез қозғал!

Г-г

Айзере: Г дегенім гүлім,

Көрдің неше түрін,

Гүлмен бірге сенің

Күлімдейді күнің!

Ғ-ғ

Ахмет: Ғ дегенім ғарыш,

Болса дағы алыс,

Қазақ ұшып барған,

Ғарыш бізге таныс!

Д-д

Қадиша: Д дегенім дәптер,

Дәптер тола ақ тор,

Дұрыс, таза жазып,

Төрт пен бесті ап кел!

Е-е

Еламан: Е дегенім есеп,

Есеп қиын десек,

Неше болар екен,

Екі ешкі мен есек?

И-и

Мадинабону:И дегенім ине,

Кіріп кетер, тиме,

Қадайды ғой әжең

Инеменен түйме!


Й -й

Айым:Й дегенім қайда?

Бар ғой қаймақ ,майда,

Сайда жүрген ойнап,

Тайынша мен тайда!

К-к

Ерқанат: К дегенім кітап,

Көп оқыған ұтад,

Күшті болсаң, кәне,

Кітаптан тез К тап!

Л-л

Нұрислам:Л дегенім лағым,

Кезіп ауыл маңын,

Маңыраған кезде,

Бір тынбайды жағың!

М-м

Марлен:М дегенім мектеп,

Кітабымды беттеп,

Мен өсемін оқып,

Мектебімде көктеп!

Н-н

Нұрқасым:Н дегенім наным,

Нанмен бірге әнім,

Наным менің нәрім,

Әнім менің сәнім!

О-о

Айсұлтан:О дегенім орман,

Жан-жануар толған,

Жеміс,жидек теріп,

Орман кезу- арман!

Ө-ө

Асылым:Ө дегенім өзен,

Өзен бойын кезем,

Өзенде бар балық,

Өзім бірден сезем!

Р-р

Мұхаммедәли:Р дегенде ретте,

Рет-ретімен бетте,

Дәптер, кітап, бәрін,

Ретсіз шашып кетпе!

Т-т

Ислам:Т дегенім талап ,

Көңіліңмен қалап,

Талапты бол сен де,

Оқып жақсы сабақ!


Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар!Ал,енді жаңа оқу қызметімізді бастайық.


Негізгі бөлім.

-Балалар бүгін сендермен "Тіл – достықтың кілті" атты ерекше тақырыпта өтетін боламыз! Сендерге ұнайды деген ойдамын.Тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтарым бар сендерге.


-Тіл дегеніміз не?

-Біз қай тілде сөйлейміз?

-Тіл не үшін керек бізге?

-Дос, достық дегенді қалай түсінесіңдер?

-Тіл туралы қандай тақпақ білесіңдер?


Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар!

Тілге арналған тақпақтарға берейік кезекті.


Алинұр:Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,

Туған тілім-анам тілі-өз тілім.

Туған тілім-далам тілі-өз тілім,

Туған тілім-адам тілі-өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.


Асылым:Ана тілің-арың бұл

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте


Хадичабону: Ана тілім бал тілім

Өзің барда шалқыдым

Өз тілімде ән шырқап

Термелетіп балқыдым



Нұрислам: Тілім барда мақтанам.

Тілім менің аппақ ән

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сақтаған.

Айла: Ақыл ойын дананың

Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.



Бақберген: Өсірген ой білімді

Сүйем туған тілімді

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді


Расул: Ана тілді білмесем

Шат-шадыман күлмес ем

Жер бетінде сайраңдап

Қазақ болып жүрмес ем


Айым: Ана тілің біліп қой

Еркіндігің,теңдігің

Ана тілің біліп қой

Мақтанышың, елдігің


Тәрбиеші: - Жарайсыңдар балалар! тіл туралы көптеген тақпақтар біледі екенсіңдер.

Орнымызға жайғасып алайық.Ендеше бәріміз бірігіп ойын ойнайық.


Дидактикалық ойын: «Кім зерек?»

Ойын шарты: Балаларға әр түрлі заттар беріледі.Мысалы: Алма,банан,тіс щеткасы,картоп,сәбіз,қыстырғыш және т.б заттар.Әр бала берілген затқа толық сипаттама беру керек болады.Ойланып сөйлем құрау керек.


Тәрбиеші: - Жарайсыңдар балалар! Енді қолға арналған жаттығумызды жасап алайық.

Сергіту сәт.


Он саусақ

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.


Тәрбиеші: - Жарайсыңдар балалар! Сендермен тағыда ойын ойнап алсақ қалай қарайсыңдар


Дидактикалық ұжымдық ойын: «Кім жылдам?»


Ойын шарты: Балалар екіге бөлінеді.Әр түрлі мақал-мәтелдер көрсетілген 3/3тен суреттер беріледі.Соларды құрастырып жылдам қандай мақал-мәтелдер шыққанын айту керек болады.


1/Жеті рет өлшеп,бір реткес

2/ Отанды сүю-Отбасынан басталады.

3/ Баланың-тілі бал

4/Қыз өссе-елдің көркі,

Гүл өссе-жердің көркі.

5/Ел іші-алтын бесік

6/Білім-инемен құдық қазғандай.


Тәрбиеші: Балалар осы айтқан мақал-мәтелдеріңді естеіңнен шығармай үнемі жаттап жүріңдер.Жарайсыңдар балалар.


Көрініс

«Күлдір-бүлдір» бағдарламасы!


Мадина: -Сәлем достар! Домалақ бастар! Менің атым Мадина! «Күлдір-бүлдір» бағдарламасы! Бүгін қонақта Алинұр және оның достары!


Мадина: -Алинұр сен қайсы бала бақшаға барасың?


Алинұр: -Мен Шұғыла-Дулат бала бақшасына барамын.


Мадина: -Алинұр бала бақшаға не үшін барасың?


Алинұр: -Менің мамам,папам бала бақшаға бар,бар дей береді.Сосын тамақ жеп

қарнымды тойдыру үшін.Кейін болса қорылдап ұйықтау үшін.


Мадина:- Ааа сондай ма Ал,сенің қандай өнерің бар?


Алинұр: -Өнер менде өнер жоқ.Бірақ менің достарымда бар.Соларды шақырайық.


Мадина:- Сенің атың кім? Қандай өнерің бар?


Мұхаммедәли: Менің атым Әли мен Каратэге қатысамын соның 2/3 жаттығуларын көрсетіп беремін


Мадина: -Жарайсың Әли! Алинұр сендер билей аласыңдар ма?


Алинұр: жоқ,жоқ билей алмаймыз.Бәрақ дос қызымыз бар Айла сол жақсы билейді.Соны шақырайық.


Айла: би билеп береді.


Мадина:- Жарайсың Айла! Сен қандай тілдерді білесің?


Айла: мен қазақ тілін,орыс тілін,ағылшын тілінде білемін.


Мадина: Ооо күшті ғой.Сен бізге ағылшын тілінде / 1ден, 10ға дейін санап берші/

Айла: санап береді.


Сол кезде тосыннан ашуланып Алинұрдың шақырылмаған Ақтау қаласынан Расул деген досы келеді.


Мадина: Таң қалып Алинұр бұл кім?


Алинұр: Досым Расул ғой оны шақырмаған едім.


Расул:Всем привет! Не ғой Алинұр бері келші сен де әңгімем бар деп ашуланып тұрады.


Алинұр: Досым кешірші,келші менің орныма отыршы,ашуыңды бас.


Расул: Сенің шақырмайтыныңды білдім ғой мен.Сүйтіп түнде келдім.


Мадина: Расул сенің қандай өнерің бар?


Расул: Өнер мен де өнер жоқ.А так орысша санауды білем.

/1ден,10/ға дейін санап береді.


Мадина: Жарайсың Расул!

-Алинұр сен достарыңмен ұрыспаңдар,тату болыңдар,достасыңдар,досты ренжітуге болмайды.


Мадина: Ал,достар бүгінгі «Күлдір-бүлдір» бағдарламасы! Осымен аяқталды.Көріп,тамашалағандарыңызға үлкен рахмет!Сау болыңыздар!


Тәрбиеші: - Жарайсыңдар балалар! Сендерге ұнады ма?

Балалар сендер және ойын ойнап алсақ қалай қарайсыңдар


Балалар:- Иә,ұнады.Ойнайық.


Қимылды ойын: Біздің достық


Ойын шарты:Әсем әуенмен.Балалар шеңбер болып тұрады.Бір шарды жоғарыға лақтырып,атты аталған бала жерге түсіріп алмай қағып алу керек болады.Түсірген бала ойыннын шығып кетіп отырады.


Тәрбиеші: - Жарайсыңдар балалар!


Қорытындылау бөлімі.

Сұрақ-жауап

-Не туралы өттік?

-Сендерге қай жері ұнады?


Осымен біздің "Тіл – достықтың кілті"атты оқу қызметіміз аяқталды.

Бағалау және мадақтау.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Өз тілі,достық туралы ұғынады, тілдің,достықтың маңызды екенін біледі.

Игереді: Өз тілінде анық еркін сөйлей алуды.

Меңгереді: Өз елінің ұлттық құндылықтарын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12