жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тіл достықтың айнасы үлгілі тәрбие сағаты
|
|
Тақырыбы |
Тіл – достықтың айнасы |
|
||
|
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларды өз ана тілінің
қадір - қасиетін біліп, қастерлеп, өзге тілді құрметтей білуге сөз
құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға
үйрету. |
|
||
|
|
Міндеттері |
- Тіл көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушылар дүниетанымын, ой өрісін дамыту. - Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеуді үйрету, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру. - Өз ой пікірін білдіре алу дағдыларын жетілдіре отырып, патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру. |
|
||
|
|
Өткізу формасы |
Танымдық сабақ. |
|
||
|
|
Ресурстар |
Суреттер, слайдтар, үлестірме материалдар. |
|
||
|
|
Әдістері |
Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, ойын, «Шеңбер», «Болжау» «Ой қозғау» әдістері, . |
|
||
|
|
Тапсырмалар |
Топтық, жұптық тапсырмалар. |
|
||
|
|
Критерийлар |
|
|
||
|
Барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|||
|
|
|
Қонақтармен амандасады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындайды. |
|||
|
Шаттық шеңбері |
Мұғалім ортаға әр түрлі ленталармен көмкерілген шаңырақ бейнесін ұстап шығады. Оқушылар шаңырақты айнала тұрып, ленталардан ұстайды және хормен тілектерін айтады. Ленталардың түсі арқылы топқа бөлінеді. Төбемізде бір аспан Бірлігіміз жарасқан. Биік болсын шаңырақ. Аман болсын адамзат! |
Топқа бөлінеді, тілектерін айтады. |
|||
|
|
«Ой қозғау» әдісі
|
Сұрақтарға жауап береді. |
|||
|
Сабақтың ортасы |
Мұғалім сөзі.
Тіл – қай ұлтта, қай елде
болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге
еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өз
ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ. «Шеңбер» әдісі оқушыларды шеңбер түрінде тұрғызып, ортаға талқылауға сұрақ тасталады.
Берілетін сұрақ: адам өмірінде ана тілінің
маңызы қандай деп
ойлайсың? Тіл туралы видеоролик көрсетіледі. Мұғалім сөзі: Тіл – халықтың ең негізгі байлығы. Қазіргі заман сұранысы үштілділік болып отыр. «Әлемде Қазақстан халқы үш тілді білетін, жоғары білімді ел ретінде танылуы керек. Бұл: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық тіл, қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикамен сәтті ықпалдасудың тілі», - десе елбасымыз, соның ішінде «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» деп атап айтқан еді. Солай болуы заңды да Әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды деп санайды. Сондықтан да біз де өз халқымыздың, еліміздің қарыштап дамып, өркениетті, дамыған елдер қатарынан қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлейтін, жаза білетін маман ғана бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Сондықтан да біздің мектебімізде орыс және ағылшын тілдері оқытылады. Тіл туралы өлең жырлар.
Ана
тілім ғажап деп айта аламын,
Ана тілің біліп
қой, Ана тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл Өз тіліңді құрметте. Қадыр Мырза Әли Ана тілі
Туған тілім – бабам тілі – өз
тілім. Дихан Әбілев Топтық жұмыс. «Ең қымбат қазына» «Болжау» сратегиясы. Тіл туралы ғибратты әңгіме тыңдатылады. Оқушылар әңгіменің аяғын өз беттерінше болжайды. Өз ойларын айтады. |
Өз ойларымен бөліседі. Тіл туралы өлең жырлар оқиды. Әңгімені мұқият тыңдайды, топта талдап, өз ойларымен аяқтайды. |
|||
|
Сабақтың соңы |
Ұлттық ойын «Асық ату»
|
Ойынға қатысады. |
|||
|
Кері байланыс |
«Ашық микрофон» әдісі арқылы сабақтан алған әсерлерін айтады |
|
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген