Тақырыбы: «Тіл –достықтың
дәнекері»
Мақсаты: оқушылардың мемлекеттік тілге
деген қызығушылықтарын арттырып, бойларына патриоттық сезімді
халықтың мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру.Қазақстан халықтары
тілдеріне деген қызығушылықтарын ояту, Қазақстан жерінде тұратын
халықтарының тілдеріне құрмет көрсетуге, оны ықыласпен үйренуге
тәрбиелеу. Оқушылардың ой-өрісін,
дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз
екі сөйлеуге баулу.
Түрі: танымдық
сайыс
Көрнекілігі: презентация, сыныпты
безендіруге арналған заттар, интерактивті құрылғылар,видео,
смайликтар, постер;
Сайыстың
барысы:
Мұғалім: Қайырлы күн,
құрметті оқушылар және
ұстаздар!
Балалар! Бүгін менің көңіл – күйім өте
жақсы.Ал сіздердің көңіл — күйлеріңіз
қандай? Жақсы болса,онда мына жіпті
тарқата отырып,бір-бірімізге жақсы тілектер
айтайық.
1.Оқушыларды Астана, Москва,Лондон суреттері
арқылы топқа бөлу;
(видео көрсету арқылы
тақырыпты ашу)
Мұғалім: Балалар, мына
видеодан нені байқадыңдар?
Ендеше өздерің байқағандай
бүгінгі тәрбие сағатымыздың
тақырыбы:
«Тіл –достықтың
дәнекері» деп
аталады.
Әр халық өз тілінде сөйлеуге,
оқуға құқығы бар.
Әр азамат өзінің ана тілін біліп, сүюге, құрметтеуге міндетті..
Біздің еліміз - көпұлтты мемлекет. Елімізде жүздеген ұлт өкілдері
достық пен бейбітшілікте өмір сүруде. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үшін үш
тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ
тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық тіл, ағылшын тілі -
жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген. Тек қазақ
жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара
ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері
қажет.
Язык-это общественное
явление, которое действует на протяжении всего существования
человечества. История не знает ни одного человеческого коллектива,
который бы не пользовался языком. И это понятно. Человек существует
только в обществе. Он постоянно связан с другими людьми. Средством
общения служит язык. При помощи языка люди передают свои
мысли,желания,чувства.
Язык связан с мышлением, сознанием людей. Он возник в глубокой
древности. Он тесно связан с жизнью
общества.
Знать язык сегодня
стало
Лишь один, не скрою,
мало.
Если два- вопросов
нет,
Ты для всех –
авторитет.
Тех, кто три прекрасно
знают,
Все за гениев
считают.
Ну, а, если все
четыре-
Нет людей богаче в
мире.
Балалар, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды
ортаға салайық.
1.
Халық бар жерде тіл бар.Тіл бар жерде өнер
бар.Өнер бар жерде жанкүйер бар.Әр халықтың ана тілі- оның бақыты,
оның қуанышы.
2.
Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның
өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру- әрбір қазақ отбасының
жүрегі.
3.
Халықтың қуаты- тілдің қуаты. Біз ана тілімізді
ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз
керек.
Тіл – халықтың
автопортреті…
Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.
Шыңғыс
Айтматов
Егер ертең туған тілім жоғалар
болса, мен бүгін өлуге даярмын.
Расул
Ғамзатов
Тіл қай ұлтта, қай елде болса
да қастерлі, құдіретті.Сол себепті де біз бүгінгі шараны ана
тілімізге және орыс тілі мен ағылшын тіліне
арнаймыз.
Ал енді сабағымыздың жалғасын
сайыс ретінде жалғастырсақ: Сайыстың жеңімпазын смайликтер арқылы
анықтау.Қай топта смайлик көп болса, сол топ жеңіске
жетеді.
Ендеше іске
сәт!
1
бөлім. Аламан бәйге
1. «Қазақ хрестоматиясының» авторы Ы. Алтынсарин
2. Autumn қай мезгіл? Күз
3.
Автор романа - эпопеи «Путь Абая». М. Ауэзов
4. «Екінші» сөзі ағылшынша қалай? Second.
5. Кому? Чему? Қай падеждің сұрақтары? Дательный
6. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» қандай жыр? Лиро эпостық
7. Когда
отмечается день языков народов Казахстана. 22
сентября
8. А. Құнанбаев кімнің мысалдарын аударған? Крылов
9. Автор поэмы «Евгений Онегин» Пушкин
10. Қазақ тілінде неше септік бар? Жеті.
2 бөлім. «Жеті жұрттың тілін біл»
(мақал ішіндегі белгілі бір сөздің үш тілде аудармасын айту
керек)
1. Тіл тәтті, бауыр қатты. ( тіл - язык -
language)
2. Егер тілім ертең болса құрымақ
Мен дайынмын өлуге бүгін - ақ ( ертең - завтра - tomorrow)
3. Ақылдың көркі - тіл, тілдің көркі - сөз ( сөз - слова -
word)
4. Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе ( оқы - читай - read)
5. Ана тілің - арың бұл, ұятың болып тұр бетте. ( бет - лицо -
face)
6. Алтын күн бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз - бабам тілі сен қалдың. ( күн - солнце
- sun)
7. Туған тіліне жаны ашымаған адам - жәндік.
(жәндік. -насекомое - insect)
8. Ана тілін білмеген, ақылы жоқ желік бас
Ана тілін сүймеген, халқын сүйіп жарытпас.
(халық - народ - people )
9. Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі - ортақ. (Қол - рука -
hand)
10. Ақыл көркі көңіл, тілдің көркі сөз. (Ақыл - ум -
mind)
3 бөлім. «Мақал - сөздің көркі»
1. В гостях хорошо, а дома лучше.
East or West, Home is best.
2. Отсутствие новостей - хорошая новость.
No news is good news.
3. Не все золото, что блестит.
All that
glitters is not gold.
4..Knowledge is power
Білім -қуат
5.live and
learn
Оқусыз білім
жоқ,білімсіз күнің жоқ
6. Друзья
познаются
в беде.
A friend in need is a friend indeed.
7. Лучше поздно, чем
никогда. Better late, than
never.
8.Science is sea, knowledge is
ship
Ғылым – теңіз,білім- кеме
9.The language is a key of
mood
Тіл-көңілдің кілті
10. First think ,then
speak
Айтылған оқ атылған
оқпен тең
4
бөлім. «Тіл кереметі». Әр топ мүшелері қазақ тілі,
оның болашағы, кереметі жайлы ойларын постер арқылы қорғайды. Өлең
шығаруға да болады.
5 бөлім «Қызықты
ұйқастар»
Әр
топтың мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып
айтады.
І топқа:
1.Жизнь – өмір, уголь – …. (көмір).
2.Число – сан, кровь – … (қан)
3. Молоко – сүт, жди – … (күт).
4. Человек – адам, шаг – … (қадам)
ІІ топқа:
1.Таможня – кеден, пол – … (еден).
2.Рыба – балық, народ – … (халық).
3.Дверь – есік, колыбель – … (бесік).
4. Город – қала, ребенок – … (бала).
ІІІ топқа:
1.Игра – ойын, шея – … (мойын).
2.Возьми – ал, мед – ….бал.
3.Язык – тіл, знай – … (біл).
4. Десять – он, шуба – … (тон)
Қорытынды
Мұғалім: Бүгінгі
сайысымызды қорытындылайық.
Рефлексия КҮНШУАҚ
Тақтада
күннің бейнесі жапсырылған, балаларға сары және көк түсті күн
шашақтары үлестіріледі.Күн шашақтарын күнге жапсыру
керек:
сары түс
– маған сабақ өте ұнады, көптеген қызықты ақпараттар
алдым,
көк түс
– сабақ қызықсыз, ешқандай танымдық ақпарат ала алмадым – дегенді
білдіреді .
Мұғалім:
«Тіл – достықтың құралы»
дегендей туған жер, туған тіл адамға қандай ыстық, қандай қымбат.
Әр ұлттар достығы мен тіліміз жасай берсін.
Осымен «Тіл –достықтың
дәнекері» атты
тәрбие сағатымыз
аяқталды. Келесі кездескенше, қош сау
болыңыздар.
«Александр Сергеевич Пушкин
атындағы орта мектебі»
8 "ә"сынып
Сынып жетекшісі:
Махаметкулова Айгуль
Жетписбаевна
Қаратау 2018